Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

68. Ақшаның маркстік теориясы

К.Маркс ақшаның шығу тарихын өндірістік қатынастардың белгілі бір формасының дамуының обьективті стихиялық процесімен түсіндіреді. Ақша қажетті өнім және тауарлы өндірістің дамуының қажетті шарты. Еңбек өнімдерінің құндық өлшенуі негізінде пайда бола отырып, ақшалар олардың құндық пропорциясын бейнелеу үшін сыртқы форма болып табылады.

Ақша айналымы заңының бұзылуы көбінесе сыртқы факторлардың әсерінен болады. Бұл туралы К.Маркстің нақты нүсқауы бар: «Айналымдағы тауарлар массасы айналымдағы қаражаттар санын анықтаушы барлық моменттер, бағалардың көтерілуі не түсуі, бір мезгілдегі сатулар мен сатып алулар саны, ақша айналымының жылдамдығы, өндіріс әдісінің жалпы сипатына, халық санына, қала мен ауыл қатынастары, көліктің дамуына, несиеге т.б. тәуелді болатын тауар әлемінің метаморфоздық процесіне байланысты болады.

Маркстің тұжырымы инфляциялық процеспен түсіндіріледі. Көп жағдайларда инфляцияның пайда болуы өндіріс сферсындағы факторлардың ақшаға қарсы тұруы кезінде байқалады.

69. Экономиканы қаржылық реттеудің қажеттігі.

Қаржы (“қолма-қол ақша”, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің finansia сөзінен пайда болған француздың finanсе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы т.т) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктермен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен айшықталады.

Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субьектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы құбылысын қарастырудан оның мәнін – зат болмысының барлық әр алуан нысандарының бірлігін білдіретін оның ішкі мазмұнын зерттеуге көшу керек.

70. Төлем тапсырмаларымен және карточкалармен есеп айырысулар

Төлем тапсырмасы–ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мынадай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және тағы басқа төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары мен көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге аванстық төлемдер.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (толтырған күн есепке алынбайды) 10 күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Екі жақ келісімі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын, кешіктірілген болады. Мерзімді төлем – бұл тауарды жөнелткенге дейін; тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен; немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады. Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебеп есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданумен сипатталады.