Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

1.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметін қамтамысз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне, сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.

1. Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-әрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдімгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде рәсімдейді. Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болады. Бірақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбекақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға жұмсалатын шығындар басымырақ болады.

2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мекемелер сметалар жасайды.

3. Қаржы ресурстарының басқа түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.

Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан гөрі сметаның айырмашылығы: сметада шығындар анағұрлым егжей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әртүрлі көздер тұрғысынан бейнеленеді.

Экономикалық жіктеме бойынша: сметаларда шығындар санатқа, сыныпқа, ішкі сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.

Ағымдағы шығыстар санаты мына сыныптарды кіріктіреді:

  1. тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар;

  2. сыйақы төлеу;

  3. субсидиялар.

Күрделі шығыстар санаты:

  • негізгі капиталды сатып алу;

  • негізгі капиталды жасау;

  • күрделі жөндеу;

  • жерді сатып алу;

  • ел ішіндегі күрделі трансферттер.

Кредит беру, үлескерлікпен қатысу санаты:

  • несие беру, акционерлік капиталға үлескерлікпен қатысу;

  • ерекшелігі бар ішкі несиелендіру;

  • халықаралық ұйымдар акцияларын сатып алу.

Қаржыландыру санаты:

  • өзгешелігі бар ішкі борышты өтеу;

  • ішкі нарыққа орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышты өтеу;

  • сыртқы борышты өтеу.

(Қ.Қ. Ілиясов, С.Құлпыбаев. «Қаржы». 181 бет).

16.Коммерциялық емес ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері

Қызметтің коммерциялық емес түрлері жөнге келтірілген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлі қайырымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне, мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады:

  • бюджет қаражаттары;

  • мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;

  • жаппай шараларға билеттер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткізуден түскен түсім-ақша;

  • түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келісімшарттарға сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсеткені үшін түскен қаражат түсімдері;

  • мүлікті жалға беруден түскен түсім-ақша;

  • халықтың қаражаттары;

  • кадрларды дайындаудан түскен табыс және басқалары.

Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады.

КЕҰ-ды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомстваға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.

Қаржыландырудың үшінші көзі – банктердің несиелері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның несиені пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді.

Осылардан басқа, қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, демеушілік қаржыландыру, гранттарды айтуға болады.

(С.Құлпыбаев, Қ.Қ.Ілиясов. «Қаржы». 178 бет).