Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

120. Валюта ктировка (баға белгілеу) және катировкалар (баға белгілеулер) түрлері

Валюта катировкасы (баға белгілеу) – валюталарды айырбасту пропорциясын (қатынасын) анықтау.

Тікелей котировка - шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсету. Бұл әдіс кептеген мемлекеттерде колданылады.

Жанама котировка - ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының (мөлшері) көрсетуі. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 жылдан бастап бірен-саран АҚШ қолдануда.

Сонд-ақ ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары болады.

Ресми валюталық котировканы Орт. банк жүргізеді. Ол есеп жургізу мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан тыс банкаралық валюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі ңарықтағы қолданатын негізгі бағамы банкаралық баға. Банкаралық котировканы ірі коммерцнялық банктер белгілейді.

Валюта нарығына басқа қатысушылар банкаралық бағамға бейімделеді. Ол банк клиенттері үшін баға белгілеу негізі ретінде қолданылады. Биржалық котировка анықтама сипатында болады. Биржалық бағам валютаны сатып алу-сату үшін биржаға түскен арыздарды жүйелі түрде салыстыру негізінде құрастырылады.

Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі. әдетте, экспортшыға тиімді, себебі ол кымбаттаған шетел валютасымен (мысалы, доллармен) түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға (егер 1 долларға теңгенің бағамы 20 теңгеден 25-ке дейін төмендесе, онда 1 долларға келетін үстеме 5 теңгеге тең) айырбастаған кезде экспорттық сыйақы (үстеме) алады. Демек, экспортшылар бағасы орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кенейту жолымен өзіне түсетін пайданы ұлғайту үшін ұмтылады.

Бұл тұста импортшылар ұтылады, себебі валютаны келісімшарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседі (жоғарыдағы мысалда доллар 20 теңге емес 25 теңге тұрады). Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көрсетілген іс-жүзіндегі қарыз төменлейді, бірак сатып алуы қымбатқа түсетін шетел валютасымен көрсетілетін сыртқы қарыз өседі.

Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының өсуі, негізінде, халыкаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді. Валюта бағамынын ауытқу салдары елдің валюта-экономикалық және экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты болады.

121. Сақтандырудың экономикалық мәні. Сақтандыру түрлері мен формалары.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырығанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек сақтандыру –қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. ҚР-ң азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

1. Міндеттілік дәрежесі бойынша –ерікті және міндетті

2. Обьектісі бойынша-жеке және мүлікті

3. Жинақтаушы және жинақтаушы емес

Міндетті сакқтандыру –заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Ерікті сақтандыру –тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру

Сақтандырудың тағы да мындай түрлері бар

1. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру

2. медициналық сақтандыру

3. көлік құралдарын сақтандыру

4. жүктерді сақтандыру

5. мүлікті сақтандыру

6. азаматтық құқықтық жауапты сақтандыру

7. кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру

8. өмірді сақтандыру

9. ануитеттік сақтандыру