Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

75. Есеп айырысудың аккредитивтік формасы

Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының банкісінің жабдықтаушы банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде «Аккредитив» жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитивтің мынадай түрлері бар:

  • өтелген және өтелмеген;

  • қайтарылатын және қайтарылмайтын.

Өтелген (қаражат аударылған) – бұл эмитент банктің міндеттемесінің іс-әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві.

Өтелмеген (кепілденген) – бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.

Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін, бұл аккредитив сатып алушы мүддесін көздейді.

Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады.

76. Мемлекеттік кірістердің мәні мен сыныптамасы

Мемлекеттік кірістері дер экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатытнастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.

Жалпы мемлекеттік қаражаттарды қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халық табысының бір бөлігі алынады. Ал кәсіпорынның ішкі қажеттілігін қанағаттандырады.

Орталықтандырылған қаржы кірістеріне:

  • Салық түсімдер

  • Сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер

  • Халық төлемдері жатады

Ал орталықтандырылмаған қаржы кірістеріне:

  • Кәсіпорынның табысы

  • Ақшалай қаражат түсімдері жатады.

Мемлекеттік кірістерін классификациялау

• Меншік шығындарын ұйымдық - құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналарсдан тұрады:

  1. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар табыстарынан

  2. Жеке кәсіпкерлік сектордың салық түйімдерінен

  3. Халықтың салық төлемдерінен

  4. Қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен

  5. Кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындарын салық түсімдерінен

• Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттің кірістері:

  1. Материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер

  2. Өндірістік емес сферада жасалатын кірістер

• Қаржылық мазмұнына байланысты мемлекеттің кірістер

  1. Салықтық

  2. Салықтық емес/ лотореядан түсетін табыстар тб)

• Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер:

  1. Орталықтандырылған

  2. Орталықтандырылмаған