Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

5.3 Ақпараттық-есептеу тораптары. Эем тораптары.

Деректерді өңдеудің ірі масштабтағы жүйелерін құру үшін жекелеген өнеркәсіптер мен ұйымдарға қызмет көрсететін есептеу орталықтары (ЕО) мен ЭЕМ-дер деректерді беру жабдықтарының көмегімен ақпараттық-есептеу тораптарына (АЕТ) біріктіріледі. Мынадай белгіленулер қабылданған: ДБ-деректер банкы; басты ЭЕМ; ұжымдық қолданыстағы есептеу орталығы (ҰҚЕО); дербес ЭЕМ (ДЭЕМ); торап администраторы (ТА); жырақтан деректерді телеөңдеу процессоры (ЖДТП); коммутация түйіні (КТ); коммутация орталығы (КО); ДБ мультиплексоры (ДБМ); терминалды ЭЕМ.

Шеткі пункттер немесе АП терминалдық модульдерге сәйкес келеді, ал коммутациялық орталықтар (коммутациялық ЭЕМ) өзара әрекеттесу модульдеріне сәйкес болмақ.

АЕТ-ы төрт өзара байланысқан объектілерге бөлінеді:

  • деректерді берудің базалық торабы;

  • ЭЕМ торабы;

  • терминалдық торап;

  • торап администраторы.

Сурет 5.3 АЕТ құрылымы

ДБ базалық торабы – ЭЕМ арасында, сондай-ақ АЕТ басқа құрылғылары арасында ДБ-ге арналған аппараттық және программалық жабдықтар жиынтығы.

Байланыс каналдарынан және коммутация түйіндерінен (коммутация орталықтары) тұрады. Әдетте КТ коммутациялық ЭЕМ және АПД негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, ДБ базалық торабы АЕТ-ң ядросы болып табылады, ЭЕМ мен басқа құрылғылардың физикалық бірігуін қамтамасыз етеді.

ЭЕМ торабы – ДБ-ң базалық торабымен біріктірілген ЭЕМ жиынтығы. ЭЕМ торабына мыналар кіреді: бас ЭЕМ (БЭЕМ), ДБ, ҰҚЕО, ТЭЕМ.

ТЭЕМ-ң негізгі міндеті – ДБ базалық торабымен терминалдарды түйіндестіру. Бұл функцияны ДТӨП (деректерді телеөңдеу процессоры) және ЖДТП (деректерді берудің жырақтағы мультиплексоры) да орындай алады. Терминалдар қажет болса басты ЭЕМ-дерге де қосылуы мүмкін.

Терминалдық торап – терминалдар мен ДБ терминалдық тораптарының жиынтығы. Терминал дегеніміз - көмегімен абоненттер деректерді енгізіп/шығаруды жүзеге асыратын құрылғы. Терминал ретінде интеллектуалды терминалдар (ДЭЕМ) және АП (абоненттік пункттер) қолданылуы мүмкін. Терминалдарды ЭЕМ торабына қосу үшін байланыс каналдарымен қатар, терминалдық ЭЕМ-дер (ТЭЕМ), ЖДТП, ДТӨП қолданылады.

Административті жүйе АЕТ күйін бақылауды және өзгермелі жағдайда оның жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Бұл жүйе мамандандырылған ЭЕМ-ді, терминалдық құралдар мен программалық жабдықтарды қамтиды, олардың көмегімен:

  • торап немесе оның компоненттері қосылады немесе ажыратылады;

  • тораптың жұмыс мүмкіндігі бақыланады;

  • торап және оның компоненттерінің жұмыс режимі орнатылады;

  • торап абоненттеріне ұсынылатын қызметтер көлемі орнатылады және т.б.

АЕТ шлюздік элементтері ДБ базалық торабының, сондай-ақ АЕТ-ң басқа сыртқы тораптарымен бірігушілігін (сәйкестендіру) қамтамасыз етеді. Сыртқы АЕТ хаттамаларының қолданыстағы хаттамалардан ерекшелігі болуы мүмкін.

Сондықтан шлюздер қажет болған жағдайда интерфейстерді, форматтарды, адрестеу тәсілдерін және т.б. түрлендіруді және келістіруді қамтамасыз етеді. Шлюздер мамандандырылған ЭЕМ-де қолданылады.

АЕТ-н шартты түрде екі класқа бөлуге болады:

  • территориялық, яғни қызмет көрсетудің үлкен ауданын қамтитын;

  • жергілікті – бір ғимарат ішінде орналасқан.

Дәріс 6. Радиобайланыс жүйелері мен желілерінің құру принциптері.

Дәрістің мақсаты: Радиобайланыс желілері мен жүйелерінің құру принциптерін және болашақ өзгерістерін оқу.

Мазмұны:

6.1 Негізгі түсініктер және анықтамалар.

6.2 Ұялы байланыс жүйелерін құру негіздері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]