Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

10.2 Сақина құрылымды цифрлық желіні орнату.

Аналогтық ГТС-ғы әртүрлі электромеханикалық РАТС-р арасындағы станцияаралық байланыстар бастапқы кезде желіні физикалық немесе арналарды жиіліктік бөлу (АЖБ) арқылы тасымалдау жүйелерінің көмегімен ұйымдастырылған. Кейін АЖБ арқылы аналогтық тасымалдау жүйелерімен қатар ЦТЖ сандық тасымалдау жүйелері (ИКМ-30, ИКМ-120 және т.б) енгізіле бастады. Мұндай жүйелер плезиохронды сандық бұтақшаларға (Plesiochronous Diqital Hierarchy – SDH) жатады.Мұнда уақытша топ тудырған жағдайда бірігетін сандық ағындар жылдамдығы бір-бірінен әртүрлі жиелі станцияларында орналасқан ЦТЖ генераторларының мүмкін тұрақсыздығының аралығында ерекшеленуі мүмкін. Бұл оларды бұтақшаның жоғарғы сатысындағы ағындарға біріктірген кезде сандық ағындар жылдамдықтары үйлестіру үшін арнайы іс-шараларды қабылдауды қажет етеді. Сондықтан ЦТЖ жабдығы едәуір күрделенеді, сонымен қатар желінің сапалы көрсеткіштері төмендейді.

Соңғы кездері синхронды сандық бұтақшаға (Synchronous Diqital Hierarchy – SDH). Жататын тиімділігі жоғары жүелер кенінең енгізілуде. Бұл біріктірілетін ағындарды қатаң синхрондау кезінде олардың бірігу және ажырау техникасының едәуір жеңілдеуіне байланысты. Сономен қатар жалпына бөлмей-ақ құрама ағынның сынарларына тікелей қатынас құруға болады және байланыс желісінің пайдаланылуы және техникалық қызмет көрсету артықшылықтары пайда болады.

SDH желісі жаңа қең жолақты қызметтердін ғана емес, сонымен бірге IDH жабдығының көмегімен қалыптасқандардың сигналдарды тасымалдау мүмкіндіктерін қарастыра отырып жүзеге асырылады. Уақытша топ тудыру процедурасы арқылы алынатын бастапқы сигналдар сәйкес деңгейдің синхронды көліктік модуліне (Synchronous Transport Module – STM) түрленеді. Бірінші деңгейдің (STM-1) STM тасымалдау жылдамдығы 155, 520Мбит\с деп орнатылған жоғарғы деңгейдегі STM үшін жылдамдықты N есе көбейту қарастырылады. Мұндағы N - 4, 16, 64 мәндерін қабылдайды SDH стандартты жүйелері 10.1 кестеде келтірілген.

К е с т е 10.1 - SDH- Стандартты жүйелері

Сипаттамасы

STM-1

STM-4

STM-16

STM-64

Арналар саны

1920

7680

30720

122880

Жылдамдығы, Мбит/с

155,520

622,080

2488,320

9953,280

SDH жүйесін сипаттаған кезде синхронды бұтақша деңгейлерінің жуық жылдамдықтарың қолдану қабылданған: Мбит/с, 622 Мбит/с, 2,5Гбит/с; 10 Гбит/с. SDH жабдығын қолданған кезде желілер талшық-оптикалық сақина түрінде тұрғызылады. Онда жүктемелердің шоғырланған жерінде қуатты транзиттік орталығы, ал сақина айналасында қажеттігіне байланысты сандық ағындарды айқындауға арналған кроссалық жабдық және мултиплексорлар (желілік станциялар) орнатылады.

Сонымен бірге SDH жүйесі бар плезиохронды желіліермен бірге қолданыла алады және сандық желіліерді үзіліссіз дамытуға және жаңғыртуға рұқсат береді. 2,34 және 140 Мбит\с деңгейлерінде плезиохронды бұтақшаның жүелерімен өзара әрекеттесуге болады.

SDH желісі бойынша әсіресе әрқайсысының жылдамдығы 64 кбит/с болатын 1920 сандық арналарды (ЦА) ұйымдастыруға рұқсат беретін 140 Мбит/с ағынның тасымалдаған тиімді. 2 Мбит/с (30 ЦА) бойынша ағындарды тасымалдаған кезде мұндай ағындардың 63-н тасымалдай алатын ЗТМ-1 тиімді жүктемесі аз болады: 63×30=1890 ЦА. SDH желісіне 34 Мбит/с (480 ЦА) ағындарды тікелей енгізген тиімсіздеу. Өйткені бұл кезде ЗТМ-1 тек мұндай ағындардың үшеуін ғана таратады, тиімді жүктеме небәрі 3×480=1440 ЦА құрайды.

Плезиохронды желілер негізіндегі ГТС желілердегі станциялар аз болған жағдайда ғана тұрғызылады (3-тен аспайтын) станциялар саны артқан сайын әрбір станциядағы сәйкес жабдықтың көлемі де артады. Ал бұл аса зор шығындарға әкеп соғады. Басқа жағдайларда РДН жабдығын тіректі-транзитті немесе транзитті станциялардың сақиналарына қосылмаған қашықтағы сандық АТС қосу үшін пайдалануға болады.

Жоғарыда айтылғандарда SDH сақина тәрізді желіні тұрғызу негізінде бастапқы қалалық желіні сандандырудың болашағы зор деген қорытынды шығаруға болады (10.5 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]