Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

14.2 Цифрлық коммутация жүйесінің құрылымы.

Цифрлық коммутация жүйесі-(ЦСК) ақпаратты цифрлық түрде беретін арналарды коммутациялық әдіс коммутациялайтынымен ерекшеленеді. Бірақта ЦСК-ға аналогты және цифрлық абоненттік және байланыс желілері кіреді. 19.1 суретте ЦСК-ның жалпы құрылымы көрсетілген.

Абоненттік блок (АБ) – аналогты және цифрлық абоненттік жолдарды МААК және МЦАК арқылы станцияның коммутациялау өрісімен жалғастыруға арналған.

Анологты абоненттік комплектер модулі (МААК )аналогты абонент жолдарын станцияға қосуға арналған және ол келесі негізгі функцияларды орындайды:

- аналогты-цифрлық түрлендіру және цифрлық-аналогты түрлендіру.

- Жүктемелес концентрациясын

- ИКМ-трактқа қосу

- BORCSHT қызметін

Цифрлық абонент комплектермодулі (МЦАК) цифрлы абонент жолдарын станцияға қосуға арналған және келесі негізгі функцияны орындайды:

  • ISDN-ге қол жеткізеді

  • В және D арналарын бөлу

  • бірнеше D арналарын 1 арнаға енгізу

Сызықтық Блок - аналогты немесе цифрлық стацияның шеңбері арасында және цифрлық коммутациялық әдіс арасында интерфейс жасау үшін.

МЦСЛ және МАСЛ құралдары арқылы базалық ISDN қол жеткізу жолы және байланыс жолдарын әртүрін қосу үшін. Сызықтық блок (ЛБ) тағы мәліметті жарату үшін қолданады.

Цифрлық қосылу жолдары модулі (МЦСЛ) станцияға қосылу жолдарын (СЛ) және біріншілік ISDN-ді қосады. Қызметтік және пайдаланулық ақпаратты беру функциясын орындайды. Осымен қатар коммутация әдісіндегі коммутация жылдамдығымен шығыс және кіріс ағындарды келістіру. құрады.

19.1-сурет. ЦКЖ құрылымы

Аналогты қосылу жолдар модулі (МАСЛ) – цифрлық коммутациялау әдісіне аналогты қосылу жолдарын қосу үшін интерфейсті құрады. ЦАП және АЦТ функциясымен қатар,аналогты шеңбердегі қызметтік және пайдаланушылық ақпаратты станцияға беоіп және оны қабылдайды.

Көп жағдайда сызықтық блокқа (ЛБ) сигнализация құрылғыларына кіреді. Оның құрамы өзара байланысқан АТС-тер арасында сигнал беру құралымен және сол АТС тердің жол учаскасіне беру тәсілімен анықталады. Сызықтық блок (ЛБ) екі АТС арасындағы басқару және өзара іс-әрекет сигналын беру функциясын (СУВ) атқарады.

Сызықтық сигналдар қызмет көрсету 1-фазасынан екінші фазаға көшуін қамтамасыз етеді. Регистрлық сигналдар шақыруды маршруттауды қамтамасыз етіп және өзіне барлық информациялық сигналдарды қосады.

Сызықтық сигнализациялау блогы- бөлектелген сигналдық арнасын (БЛС) сигналдайтын блок. 2ВСК сигналдау кезіндегі ИКМ трактын 16-ші уақыт аралығында барлық сызықтық сигналдарды қабылдау және беру үшін бұл блок арналған. Сызықтық сигналдан басқа бұл блок, ЦАТС пен АТС ДЖ арасында маршрутизация сигналдарын беру үшін қолданады. БЛС-ға 16 аралық арнаны қосу үшін жартылай тұрақты коммутациялық әдіс қолданады.

Рис. 19.2. Схема включения оборудования сигнализации в КП

Көп жиілікті сигналдау блогы - көп жиілікті сигнализацияланған регистрлық сигналдарды алу үшін арналған. Сигналдарды беру сөйлеу тізбегі арқылы іске асады және БМЧС-ны сөйлесу арналар аралығына тіркелу көп жиілікті сигналды беру немесе қабылдау қажет болған кезде басқару жүйесі уақытша тіркейді. БМЧС-ны цифрлық коммутациялау әдісіне қосу 1 ЦКП жолымен іске асады.

Акустикалық сигналдар модулі – акустикалық сигналдарды цифрлық үндеу генератор көлемімен беруге арналған. Бұл генератор коммутациялау өрісіне ИКМ жолымен қосылады. Заң бойынша мұндай модуль бір ИКМ жолы арқылы қосылып және 31 акустикалық сигнал бере алады.

Сигнализациялау құрылғысына (ОС) БЛС, БМЧС, МАС кіре алады.

Көп жиілікті сигналдау блогы-көп жиілікті сигнализацияланған регистрлық сигналдарды алу үшін арналған. Сигналдарды беру сөйлеу тізбегі арқылы іске асады және БМЧС-ны сөйлесу арналар аралығына тіркелу көп жиілікті сигналды беру немесе қабылдау қажет болған кезде басқару жүйесі уақытша тіркейді.

Коммутациялық өріс - әр түрлі коммутациялық қосылыстар функция-сын орындайды:

- Сөйлесу қосылу коммутацияны цифрлық түрде

- Үрдіс аралық қосылу коммутациясын

- Үн сигналдарын коммутациясын

Негізінде практикада бұғатталмайтын толық қол жеткізулік, көп бөлікті коммутациялау сұлбалау қолданады.

Басқару жүйесі- шақыру қызметінің (СУ) барлық үрдістерін басқарады. Цифрлық АТС терде барлық басқару құрылғыларының іс-әрекеті алдын ала алгаритм бойынша функцияланған. Бағдарламалар басқару құрылғылар жадысында сақталады.

ОКС басқару құрылғысы (УУ ОКС) сигнализациялау желісін ортақ арнамен басқаруға арналған және сигналдау трафигінің транзиттік тарабы немесе ақырғы орны сияқты функциялайтын арнайы басқару құрылғымен жабдықталған.

Такталық импульс генераторы - станцияның барлық блоктарын синхрондау үшін жиілік тор өңдеп шығарады. Бұл мақсатпен барлық цифрлық арнаға қосылған станциялар жоғарғы сенімді және келістіру такт импульстерімен қамтамасыз ету керек.

19.2 ЦКЖ –гі блоктардың өзара қарым-қатынас принциптері.

ЦСК-де блоктардың өзара қатынасын станция ішіндегі қосылыспен қарастыруға болады. Қызмет көрсету үрдісін жеңілдету үшін оны 5 кезеңге бөлеміз. (10,14 сурет)

1 кезең. «А» абоненті телефон түтігін көтеріп және осыдан кейін станция « ответ станции » деген сигнал береді.

Абоненттік жолдар модулін (МАЛ) жалмалай тексерген кезде басқару жүйесі абонент «А» телефон тұтқасын көтерген кезде абоненттік жол бос еместігін көрсетеді. Содан кейін БЖ-сі коммутациялық әдіс арқылы акустикалық сигналдар модулін қосады. 4 2 5 Гц жиілікті « ответ станция» деген сигнал акустикалық сигналдар модулінен абонентке беріледі.

19.3-сурет. ЦКЖ станса ішіндегі қосылуының қарапайым құрылымы.

2 кезең. Абонент номерді тереді.

«А» абонентінің номер алғанда жаймалай тексеруінің абоненттік комплекті өзінің қалпын өзгертеді. Бұл өзгерістерді шеткері құрылғы жалмалай тексеріп оны содан кейінБЖ береді.

Номердың бірінші санын алғанда БЖ-сінен «ответ станция» деген сиг налды өшіріп тастайды, яғыни КӨ-тен берілетін акустикалық сигналдардың берілуі тоқталады. БЖ номер беріледі.

3 кезең. АТС номерді анализдеп, Шақыру Посылкасын (ПВ) және Шақыру Посылкасын Бақылау (КПВ) сигналды береді. f= 25 Гц жиілікті МАЛ-дан ШП сигналын, станция ішіндегі сақталған ақпаратты анализдеп номер бағытын тауып сигнал сонда беріледі. Басқару жүйенің (СУ) бұйрығы бойынша коммутациялық өріс (КП) арқылы МАЛ -нен f = 425 Гц жиілікті КПВ сигналы «А» абонентіне беріледі.

4 кезең. «В» абоненті жауап беріп, содан кейін сөйлеу басталады.

«В» абоненті жауап бергенде ,оның абонентін комплектінің жалмай тексеру нүктесі өзгереді. Бұл ақпарат басқару жүйесіне (СУ) түсіп, ал ол өз кезегінде коммутациялық өріс (КП) арқылы МАЛ-дан ПВ және КПВ сигналдарының берілуі тоқталады. Содан кейін басқру жүйесі (СУ) коммутациялық өріс (КП) сөйлеу трактын коммутациялайды және содан кейін абоненттер арасында сөйлеу басталады.

5 кезең. Ажырап тастау. Егер абонент «В» сөйлесуді тоқтатса, оның абоненттік комплектінің жалмалай тексеру нүктесінің қалыпы өзгереді. Содан кейін МАЛ-дан «А» абонентіне «затето» деген сигнал беріледі.

Лекция № 20. ЦКЖ қатынас құрал-саймандары.

Дәрістің мақсаты: Абоненттік блоктағы аналогтік АК модулінің қызметтері және ЦКЖ цифрлық абоненттік қатынастың ерекшіліктерін оқып үйрену.

Мазмұны:

20.1 Абоненттік блоктағы аналогтік АК модулі.

20.2 ЦКЖ цифрлық абоненттік қатынас.

20.3 Байланысу сызықтарын қосу құралдары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]