Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

16.1 Коммутациялық құрылғылардың жіктелуі

Коммутациялық приборлар және элементтер

Белгілі бір аралық уақытта электрлік тізбек өткізуінің секіріліс түрде өзгеруін қамтамасыз ететін құрылығыларды коммутациялық құрылғылар деп атаймыз. Коммутациялық құрылғыларда электр тізбектің өткізгішітігінің өзгеруі коммутациялық элементтерімен жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде қолданатын коммутациялық құрылғылар құрылымдық параметрлер бойынша төрт түрге бөлінеді: реле, іздеушілер, көп реттік жалғаушылар және жалғаушылар.

1. Реле типті коммутациялық құрылғыларда (1х1) бір кіріс және бір шығыс бар (16.1 сурет).

Сурет 16.1 - (1х1) реле типті коммутациялық құрылғы

Құрылғы екі күйде болады. Біреуінде кіріс пен шығыс арасында байланыс жоқ, ал басқасында байланыс орнатылған. 16.1, а–г суретінде автоматты коммутация техникасында қолданылатын коммутациялық құрылғылардың шартты бейнелер келтірілген.

  1. Іздеушілер типті коммутациялық құрылғыларда (1хm) бір кіріс n=1 және m шығыстар бар (16.2, а – г сурет).

Сурет 16.2 - (1хm) іздеуіш түрлі коммутациялық құрылғы

Құрылғыда кіріс пен әрбір m шығыстарымен байланыс орнатуға болады, сондықтан құрылғының қол жетерлігі D = m. Осыдан келе бір уақыт ішінде құрылғыда тек қана бір байланыс орнатылады.

3. Көп реттік жалғаушылар типті коммутациялық құрылғыларды n(1xm) n кірістер және nm шығыстар бар (16.3, а – г сурет).

Сурет 16.3 - n(1хm) көп реттік жалғаушылар типті коммутациялық құрылғы

Әрбір n кірісіне тек қана анықталған m шығыстар қол жетерліктей болады, сондықтан nm шығыстырының жалпы санынан құрылғылардың қол жетерлігі D = m. Бір уақыт ішінде құрылғыда n байланыс орнатылады.

4. Жалғаушылар типті коммутациялық құрылғыларда (nxm) n кірістер және m шығыстар бар (16.4, а – г сурет).

Әр n кіріске әрбір m шығысы қол жетерліктей болады, сондықтан D = m. Егер n<=m болса, онда n байланыстар орнатылады немесе n>m болса, онда m байланыстар орнатылады.

Сурет 16.4 - (nхm) жалғаушылар типті коммутациялық құрылғы

Коммутациялық құрылғылар арқылы коммутациялық блоктар, іздеу сатылары және автоматты телефондық станциялар мен түйіндердің коммутациялық өріс, басқарушы құрылғы, сызықты және қызметті комплекттер.

Коммутациялық блоктар: негізгі түсініктер және анықтамалар

Коммутациялық түйіннің басты бөліктерінің бірі коммутациялық өрістер болып саналады. Қондырғыға аз шығын жұмсай отырып оның тиімді құрылуы шақырулардың қызмет көрсетудің керекті сапасын қамтамасыз етеді. 16.5 суретте үш a, b және c бөліктен тұратын коммутациялық өрістің құрылымы көрсетілген.

Сурет 16.5. Коммутациялық өрістің құрылымы. Сурет 8.7. 120х10 коммутациялық блок.

Коммутациялық өріс көмегімен V1 және V2 ішкі станциялық желілер арқылы N кірістер M шығыстарымен байланысады. Көбнесе сызықтар саны арасындағы қатынас келесідей: N>V1; V1 = V2; V2<M. Коммутациялық өрістің а звеносында N кірісінің үлкен санынан V1 ішкі станциялық сызықтарының аз санына ауысып өтуі жүзеге асырылады, былайша айтқанда қысу функциясы орындалады. Коммутациялық өрістің b звеносында V1 ішкі станциялық желілер V2 ішкі станциялық желілермен коммутацияланады (коммутация функциясы). с звеносында V2 ішкі станциялық желілерден М шығыстарының керекті санына ауысып өтуі жүзеге асырылады, былайша айтқанда кеңею функциясы орындалады.

Коммутациялық блоктағы кірістердің қосылуы шығыстарға қатынасы толық қол жетерлікті немесе толық емес қол жетерлікті. Кіріс байланыса алатын блоктың шығыстар саны D қол жетерлік деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]