Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

2.2 Ақпаратты тарату және бөлу жүйелері. (Электрлі байланыс желілері).

Жоғарғыда қарастырылған СПДС хабар жіберушіден қабылдаушыға хабар тарату бір баіытта жүзеге асырылады. Немесе «бір нүктеден екінші нүктеге». Сол үшін екі нүктелі бір бағытты байланыс арнасы қолданылады.

Егер хабар көзі және алушы кезек бойынша орын ауыстырса, сигналмен өзара ауысу үшін кезек бойынша екі бағытқа тарату мүмкіндігі бар екі бағытты байланыс арнасын пайдалану керек (жартылай дуплесті режим. Хабармен бір уақытта өзара ауысу үшін екі бағытты байланыс арнасы көп мүмкіндік береді, олар ақпаратты бір уақытта қарама-қарсы бағытта тарату мүмкіндігін береді (дуплексті режим).

Көп жіберушілермен және қабылдаушылар арасындағы ауысу керек болғанда, абоненттер мен пайдаланушылар деп аталатын, саны көп байланыс арналы хабар тарату жүйесін орнату керек Бұл хабарды тарату және бөлу консепциясын құруға келтіреді, үлкен байланыс жүйесін орнату.

СПРС мысалы ретінде көп нүктелі қосылуды көрсетуге болады. (2.2 сурет), бұл жерде ақырғы пункттер (ОП) байланыс сызығы арқылы қосылған және толық байланысқан желі, қайда ақырғы лункттер бір бірімен «әрқайсысы-әрқайсысымен» принципы бойынша қосылған. Желілердің бұл түрі коммутацияланбайтын болып табылады, ал абоненттер арасындағы байланыс тұрақты бекітілген арна (коммутацияланбайтын) арқылы жүзеге асырылады. Мұндай желілердегі ақпаратты бөліп тарату арнайы қатынас өдістерімен қамтамасыз етіледі немесе ақпаратты таратуды басқару процедурасымен, ол кезде қызметкерлер қандай абоненттер хабармен өзара ауысатыны туралы хабарламаны ескертеді. Көп нүктелі желіде абоненттер саны қөбейген сайын ақпарат таратудың кідірісі едәуір көбейеді, ал толық байланысқан желілерде байланыс сызықтарының саны және аппаратура көлемі елеулі көбейеді. Бұл проблемаларды шешу коммутацияланатын СПРС желісін пайдаланумен байланысты, ол жерде абоненттер тікелей байланыспайды, ал бір немесе бірнеше коммутациялық түйін (УК) арқылы байланысады. Сондықтан, коммутацияланатын СПРС-өзіне ақырғы пункттер (ОП), коммутация түйіндерін және оларды қосатын байланыс сызқтарының жиынтығы болып табылады.

2.2 Сурет Қөп нүктелі қосылу. 2.3 сурет – Хабардың толық байланысқан желісі

Қазіргі замандағы СПРС негізгі қызметі- пайдаланушыларды кең топтарын әртүрлі ақпараттық қызметтермен қамтамасыз ету, оның санына бірінші кезеңде бір пункттен екінші пунктке хабарды жылдамдық талабын, дұрыстығын, кідіріс уақытын, сенімділігін және құнын қанағаттандыратын нәтижелі жеткізу.

2.3 Ашық жүйелердің өзарабайланысты эталондық моделі.

Байланыс - өзіне желілердің және электрлі байланыс қызметінің жиынтығын құрастырады (2.3 сурет). Электрлі байланыс қызметі – пайдаланушыларға қызмет беруді қамтамасыз ететін құралдар комплексі. Екіншілік желілер электрлі байланыс қызметтерінде сигналдарды тасу және коммутациялауды қамтамасыз етеді, біріншілік желілер екіншілік желіні арнамен қамтамсыз етеді Сәйкес қызметтің негізгі қүрамдық бөлімі ақырғы құрал болып табылады, олар пайдаланушыларда орнатылады.

Қызметтің мысалы ретінде телефондық қызметті алуға болады. Ол пайдаланушыларға телефондық байланыс, мәлімет тарату және т.б. қызметтерді ұсынады.

Қызмет және қызмет көрсету деген тусінік техникалық әдебиетте көп мағыналы түсіндіріледі. Телефон желісінде мәлімет тарату телефон арнасымен мәлімет тарату қызметі ретінде қарастырылады. Сондықтан телефон иесі телефон желісіне модем арқылы компъютерді қосқан кезде ғана қызмет көрсету қызметі пайда болады. Логика бойынша келесі анықтама дұрыс болуы керек, Мәлімет тарату қызметі ретінде біз мәлімет тарату үшін арнайы құрылған байлланыс жүйесін түсінеміз немесе аппараттық программалық құралдардың, өңдеу әдістерінің, бөлу және мәлімет тарату процестерінің жиынтығы. Сол бір уақытта мәлімет тарату қызметі телефондық байланыс қызметін көрсету мүмкіндігін береді. Ол документтік электрлі байланыс қызметінің (ДЭС) құрамына кіріп, әртүрлі телефонды емес ақпараттармен ауысу (тарату) мүмкіндігін қамтамасыз етеді. ДЭС қызметінің құрамына телеграф, газет тарату және телематикалық қызметтер кіреді. Әрбір қызметтер көп жағдайда пайдалануы мүмкін, пайдаланушылардың талабына сәйкес қызметтердің түрі ретінде жіктеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]