Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

10.5 Сурет. Гтс-те сақина тәрізді желіні тұрғызу Дәріс 11. Цифрлық байланыс желілеріндегі сигналдау, синхрондау және басқару принциптері.

Дәрістің мақсаты: Цифрлық желілерді сигнализация түрлерінің жіктелуі, станса аралық сигнал ақпараттарын тарату тәсілдері және абоненттік, сызықтық сигнализацияларының ерекшіліктерін оқу.

Мазмұны:

11.1 Сигнализация түрлерінің жіктелуі.

11.2 Станса аралық сигнал ақпараттарын тарату тәсілдері.

11.3 Абоненттік және сызықтық сигнализация.

11.1 Сигнализация түрлерінің жіктелуі

Байланыс желілерінің сигнализациясынан желілер элементтерінің арасында жіберілетін сигналдардың жиынтығы және шақыруларды қызмет ету кезінде қосуды ағыту мен қондыруды қамтамасыз ету үшін оларды тарату тәсілдері , сонымен қатар қызметтік ақпаратты тарату түсіндіріледі.

Буын (бөлім) желісінің тәуелділігінен сигнализацияның келесі түрлерін айыруға болады (11.1-сурет):

  • Абонентті –абонент терминалы және жалғаушы станциялардың арасындағы бөлімде;

  • Ішкі станциялық- әр түрлі функционалды буындар мен жалғаушы станциялардың ішіндегі блоктардың арасында;

  • Станцияаралық – желідегі әр түрлі жалғаушы станциялардың арасында;

Телефон арналары және жолдары арқылы тарататын сигналдар 3 топқа бөлінеді: жолдық сигналдар, басқару сигналдары және ақпараттық акустикалық сигналдар;

Абоненттік сигнализациясының құрамына абонент терминалы мен АТС арасында таратылатын барлық сигналдар кіреді.

11.1. Сурет. Байланыстың телефонды желілеріндегі сигнализациялар түрлері.

Оларға станцияны шақыру, станцияның жауабы, номердің жиынтығы, жіберулердің және шақырудың жіберуін бақылау, абоненттің босамауы және т.б сигналдар кіреді.

Ішкі станциялық сигнализация элементті базамен қолданылатын жалғаудың жүйелерін құру принципі мен архитектурасынан тәуелді және жүйенің әрбір түрі үшін спецификациялық болып табылады.

Станцияаралық сигнализацияның құрамына жалғаушы буындар арасында таратылатын барлық сигналдар кіреді. Бұндай сигналдарға жолдық сигналдар мен маршруттау сигналдары жатады.

Сызықтық сигналдар шақыруды қызмет ету процесінде жолдардың күйі туралы өзара ақпараттандыру үшін станциялар арасында қолданылады. Оларға бос емес, бос еместігін растау, шақырылатын абоненттің жауабы, шақырылушы және шақырушы абоненттің қайтару сигналдары жатады. Бұл сигналдар қосуды қондырудың негізгі кезеңдерін белгілейді.

Маршруттау сигналдары(регистрлік) белгіленген орынға шақыруларды маршруттау үшін адрестік ақпаратты ұсынады. Оларға шақырылатын абоненттің номері туралы категория және шақырушы абоненттің номері туралы ақпараттар жатады. Координатты АТС үшін бұл сигналдарды регистрлік деп атайды, ойткені олар регистерден беріледі.

11.2 Станцияаралық сигналдық ақпаратты тарату тәсілдері

Станциялар арасындағы сигналдық ақпарат 3 негізгі тәсілмен таралуы мүмкін:

1. Сигналдарды тікелей телефон арнасымен тарату, мұнда сигналдар тұрақты ток немесе үндік жиілік тоқтармен таратылады. Сигналдарды тарату-дың берілген тәсілін қолданатын сигнализация жүйелері сигнализацияның ішкі жолақтық жүйелері деген атауды алды.

Берілген сигнализация жүйелері басқарудың принципін жүзеге асыратын аналогты ондық-қадамдық станциялармен ассоцияланады. 11.2-суретте сигналдарды тікелей телефон арнасымен тарату тәсілдерікелтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]