Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать
    1. Телеграфтық тораптардың құрамы және тағайындалуы.

Түйіндер арасындағы телеграфтық каналдар электробайланыстың бастапқы тораптарындағы беріліс каналдарының негізінде құрылады. Телеграфтық торап дамудың ұзақ жолынан өтті және дискретті хабарларды төменгі жылдамдықпен берудің тармақталған торабы болып табылады.

Ол аралас принцип бойынша құрылған: жоғары категориялы түйіндер «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша, ал категориялары төменіректері – радиалды-түйіндік принцип бойынша байланысады.

Жалпы қолдануға арналған телеграфтық торап (ЖҚТлг) елде қалалық (ҚБ), аудандық (АБ), ауылдық (СБ) жерлерде байланыс бөлімшелерін ұйымдастыруды қарастырады, онда жіберушілер телеграммалар өткізеді, ал байланыс бөлімшесі алушыға телеграмманы жеткізуді қамтамасыз етеді. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде ЖҚТлг ХК, КК принциптеріне және олардың үйлесімді қолданылу принциптеріне негізделген. Алдағы уақтытта торапта тек ХК және ПК тәсілдері қолданылатын болады.

Аралас тораптар коммутацияның қандай тәсілінің басты роль атқаратынына байланысты КК+ХК-ды қамтитын немесе ХК+КК-ды қамтитын торап деп аталады.

Жергіліктіден басқа барлық учаскелерде (КК+ХК) каналдар коммутациясын қолданатын торап тура байланысты деп аталады.

Бұл тәсіл кешегі күнге дейін ЖҚ Тлг-да кеңінен қолданылып келді. Ол байланыстың қандай да бір бөлімшесіне КК түйіндері арқылы басқа байланыс бөлімшелерімен уақытша тікелей байланысу мүмкіндігін ұсынады.

Абоненттік телеграфтау торабы. Жалпы қолдануға арналған телеграфтық байланыс мекеме мен кәсіпорынның жедел байланыс құруға байланысты сұраныстарын толық шамада қанағаттандыра алмайды, оған себеп:

1. Телеграммалар курьер оларды алып кетіп, байланыс бөлімшесіне жеткізгенге дейін күні бойынша жинақтала береді.

2. Телеграмманы беру және әрі қарай адресатқа жеткізу процесі белгілі бір уақытты талап етеді.

3. Жұмыс аяғында байланыс бөлімшесіне түрлі кәсіпорындар мен мекемелерден келіп түсетін телеграммалардың үлкен саны ШП торабында жүктемені үлкейтіп жібереді, бұл жіберушіден адресатқа телеграмманың жетуін баяулатады.

ПП торабының бұл кемшіліктері абоненттік телеграфтау (АТ) телеграфтық торабында болмайды, себебі шеткі телеграфтық аппараттар тікелей сол кәсіпорында және мекемеде орнатылған.

АТ торабын дамыту ШП торабының жүктемесін едәуір азайтады, бірінші кезекте транзиттік корреспонденциядан босатып, жұмыс күнінің аяғында жүктемені азайтады.

АТ жүйесі көп жағынан ТБ жүйесіне ұқсас. Дегенмен АТ торабында каналдардың босамай қалуы және екінші қайтара шақыру қажеттілігі болып жатады. ТБ торабында бұл рационалды емес. ТБ жүйесінен ерекшелігі, АТ тораптарында каналдарды коммутациялау принципі байланыстың барлық стадияларында ауытқымайды.

Абоненттік телеграфтық байланыс сұлбасы 3.2 суретте көрсетілген

Сурет 3.2 - Абоненттік телеграфтық байланыстың құрылымдық сұлбасы

АТ торабын шеткі орнату жабдығы ТБ торабы шеткі пункті жабдығына ұқсас.

Шақыру приборға «нөмірді теруге рұқсат» сигналы жіберіледі. Абоненттік панель және коммутация құрылғысынан басқа, АТ станциясының құрамына ауыспалы құрылғы (П) да кіреді, ол станцияға қалааралық каналдарды қосуды қамтамасыз етеді. Талап етілген абонентпен байланыс орнатылғаннан кейін, хабар бұл абоненттік пункттен басқа абоненттік пунктке беріледі.

3. Абоненттік телеграфтың бір түрі халықаралық абоненттік телеграф «Телекс» болып табылады. Ол елшіліктердің, сауда-саттық өкілдерінің, шетел тілшілерінің және т.б. хабарды басқа елдерге беруші абоненттердің құжаттандырылған байланысын қамтамасыз етуге арналған. Бұл торап 100 мемлекетті біріктіреді.

Абонент нөмірі телеграфтық аппарат кілтжиынынан теріледі және шақырылған абоненттің телеграфтық аппараты шақыру сигналынан кейін бірден қосылады. Шақырылатын абонент нөмірін теру коммутация түйініне «стартстоптық» комбинацияларды берумен жүзеге асырылады. Абонент аппаратына станциядан келіп түсетін барлық сигналдар да стартстопты сигналдармен беріледі («Станция жауабы», «Байланыс», «Бос емес» және т.б.).

«Телемәтін» қызметі туралы түсінік.

Телемәтін – абоненттік принцип бойынша құрылған, яғни сұқбат мүмкіндігін қамтитын жұмыс барысындағы әріптік-цифрлық хабарларды құжатталған беру жүйесі.. «Телемәтіннің» «Телекс» жүйесінен айырмашылығы:

- бастапқы алфавит белгілерінің кеңейтілген жиыны - 256;

- беріліс жылдамдығы - 2400 бит/с;

- жоғары сапалы дұрыстығы - Рош < 10-6 таңбаға;

- хабар мәтінін редакциялау мүмкіндігі;

- мәтінді жадыда сақтау мүмкіндігі.

- «Телемәтін» жүйесінің деректерді беру торабына ұқсастықтары бар::

- берілістің цифрлық тәсілдері;

- берілістің жоғары жылдамдығы;

- дұрыстықты жоғарылатудың ұқсас тәсілдері;

- байланыстарды басқарудың ұқсас тәсілдері.

Рис. 3.3 – «Телетекст» жүйесінің құрылымы

Дәріс 5. Мәлімет тарату және ақпаратты есептеу желілері.

Дәрістің мақсаты: Телекоммуникация желілері мен жүйелерінің қысқаша даму тарихын және болашақ өзгерістерін оқу.

Мазмұны:

5.1 Мәлімет тарату желілері.

5.2 Ақпаратты есептеу желілерінің құрылымы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]