Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

15.2. Цифрлық желілерде желілік технологиялардың интеграциясы.

Кең жолақты мультисервистік желілерді салу үшін тиімді технологияны таңдау қазіргі кезде қазіргі заманғы желілерді жасау кезінде желілік технологиялардың интеграция және конвергенция үрдістеріне тіреледі. Конвергенттік желілердің жалпы технологиялық және негізі кез-келген мультимедиялық ақпараты бар цифрлық ағындарды және оларды белгіленген жылдамдық және сапамен таратуға мүмкіндік беретін арнайы транспорттық протоколдарды тарататын әмбебап орталар болып табылады.

Жаңа қызметтерді беру үшін әмбебап мультисервистік желіні қалайша салуды және оларға қандай талаптар қоюды анық түсіну қажет. Желілерді салу кезінде жаңа қызметтер дәстүрлік телефония, видео және мәліметтер таратудың қызметінің суперпозициясы болып табылатынын және сәйкесінше осындай қызметтерге икемделген әмбебап желілерді қажет ететінін есте сақтау керек. Желінің әмбебаптылығы ең алдымен бұндай желі мыналарды жасай алуы қажет екенінде жатыр:

  • барлық қажетті протоколдар мен ақпараттық ағындардың барлық түрлерін таратуға адаптацияланған болуы қажет;

  • қызметті осы абоненттен жеткізу нүктесіне дейін бақылау және кепілдік беру мүмкіндігі бар ақпараттық ағындарды таратудың қажетті сапалық деңгейін ұстануы керек;

Солайша, қазіргі заманғы желі (егер ол мәліметтер тарату желісі ретінде жоспарланса да) әдетте біршама инвестицияларды қажет ететін, қажетті тарату сапасын және ақпараттық ағындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету есебімен салынуы қажет. Осы кезде бұлайша желіні салу әмбебап желі болуы үшін қажетті сапасы болуы және сәйкесінше ақпараттық ағындардың альтернативтік түрлерін (дыбыс және видео) тарату үшін қолдануға мүмкіндіктердің болуы қажет.

Желілерді салу тәжірибесі локалдық желілерді көбінесе Ethernet-ті қолдану арқылы, ал глобалдық, магистральдық желілерге PPP протоколын қолданудың бөлек талпыныстарына қарамастан, 90 ж.ж. ортасына таман Frame Relay технологиясын қолдану арқылы салына бастағандығын көрсетеді. Кейінірек, 90 ж.ж. соңына таман, АТМ технологиясының дамуымен кей жерлерде мәліметтер тарату желілерін жасау кезінде АТМ технологиясына көшті.

Қазіргі кезде жасалып жатқан барлық жаңа магистральдық, мултисервистік және IP-желілер ATM технологиясын транспорттық деңгейде қолданады. Сондықтан «ATM және IP»-дің қарсыласуы қазіргі бірге істейтін, сәл бұрынырақтағы телефония мен СЦИ/SDH технологиясының қарсыласуы сияқты орынсыз. Өйткені IP – бұл қосылудың орнатылуынсыз, сапаны бақылау мүмкіндігінсіз (кешігудің жылдамдығы, кешігудің вариациясы) және бұл қосылудың қауіпсіздігінсіз протокол. Бұл қасиеттерді ATM технологиясының транспорттық деңгейінің протоколдары қамтамасыз етеді.

Дәріс 16. Коммутация жүйелерін құру принциптері

Дәрістің мақсаты: Коммутациялық блоктарды құру тәсілдерін

және коммутациялық сызбалардың сипаттамаларын талдауды үйрену.

Мазмұны:

16.1 Коммутациялық приборлардың жіктелуі.

16.2 Коммутациялық блоктарды құру тәсілдері.

16.3 Коммутациялық сызбалардың сипаттамаларын талдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]