Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

Дәрістің мақсаты: Цифрлық желілерді құру стратегияларын, аудандал-маған және аудандалған аналогті қтж цифрлау ерекшіліктерін оқу.

Мазмұны:

9.1 Телекоммуникация желілерінің біріктірілуі.

9.2 Цифрлық желілерді құру стратегиялары.

9.3 Аудандалмаған цифрлық қтж құру.

9.4 Түйінсіз аудандалған аналогті ҚТЖ цифрлау.

9.1 Телекоммуникация желілерінің біріктірілуі.

Телекоммуникация желілерін жаңғырту деп бар желіге цифрлық тасымалдау және қатынасу сыңарларын енгізуді айтады.Аналогтық желінің цифрлыққа өтуі техникалық құралдардың тиімді қызмет атқаруына, ақпаратты тасымалдау сапасын арттыруға, сонымен қатар абоненттерге ұсынылатын қызмет жолақтарының кеңеюіне рұқсат береді. Тасымалдау мен қатынасу цифрлық болған жағдайда ең жақсы техникалық және экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. Бұл жағдайда цифрлық аппаратура-ныинтегралдау орын алады да, аналогты-цифрлық түрлендіргіштердің қа-жеттілігі жойылады. Телеқатынас желілерінде қолданылатын интегралдар-дың 2 түрі бар:

1) қатынасу аппаратурасын және тасымалдау аппаратурасын инте-гралдау, оның негізінде интегралдық цифрлық желі (inteqrated Diqital Network-IDN) тұрғызылады;

2) байланыс түрлерін (қызметтерін) интегралдау оның негізінде же-лі қызметін интегралдайтын цифрлық желі (inteqrated Strvices Diqital Network-ISDN) тұрғызылады.

9.2 Цифрлық желілерді құру стратегиялары.

Барлық желіні бірден бір қадам арқылы толығымен жаңғырту мүмкін емес. Өйткені ол үшін аса зор бастапқы шығындар қажет болады. Көптеген елдерде аналогтық телефон желісінен сандыққа өту үрдісі бірнеше ондаған жылдарға созылады.сандық желіні тұрғызудың бірнеше стратегиясы белгілі. Олардың негізгілері:

- Аралдық стратегия (орнын басу стратегиясы);

- Салу стратегиясы;

- Прагматикалық стратегия (аралас).

Аралдық стратегия үшін барлық аналогтық желілердің кезең бойынша сандық аралдар деп аталатын шектелген географиялық аймақтар шегінде сандыққа алмастырылуы (9.1 сурет) кейін сандық желінің аралдары біртіндеп біріккен сандық желі тудырады.

9.1. сурет. Аралдық стратегия

Сандық аралдарды пайдалану мерзімі аяқталуға қалған ескі телефон станциялары көп кездесетін аймақтарда, сонымен бірге сандық тасымалдау жүйесі кеңінен қолданатын аймақтарда енгізу ұсынылады. Аралдық стратегия телефондалған аймақтар бір- бірінен үлкен қашықтықпен бөлінген жағдайда және жоғарғы деңгей жерлерін жаңғыртуға кеткен бастапқы шығындар көп болғаны өте тиімді.

Салу стратегиясы аналогтық желі иеленген территорияны жалуап алатын сандық желіні құруға бағытталған (9.2 сурет)

9.2. сурет. Салу стратегиясы

Сандық станциялар бір бірімен тек сандық сл арқылы қосылады және жалпы арналық сигнализация жүйесінің көмегімен сигналдық ақпараттармен алмасып отырады (окс №7). Сигнализация жүйесін үйлестіру функциясын орындайтын минимал түйін (ретқақпа) сандары арқылы сандық желінің бар аналогтық желімен қиылысуы қамтамасыз етіледі.

Салу стратегиясы мен негізгі стратегия нақты аумақтың артықшылықтарын ескермейді. Сондықтан желіде көбіне олардың комбина-циясы қолданылады – прагматикалық стратегия қолданылады (9.3 сурет).

Прагматикалық стратегияда желінің даму үрдісі кезінде оның әртүрлі аймақтары слау стратегиясын қолдану арқылы және сандық аралдарды енгізу жолымен жаңғыртыла алады.

9.3 сурет. Прагматикалық стратегия

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]