Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Қолхат

.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
29.75 Кб
Скачать

Қолхат

Белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын күәландыратын ресми құжаттың бір түрі.

Сенімхат

Сенімхат сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының атынан қандай да бір ісәрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат. Сенімхаттың екі түрі бар:

  • Кәсіпорындарға берілетін ресми;

  • Азаматтарға берілетін жеке.

Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, тауарматериалдық құндылықтарды алуға немесе басқа да ісәрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан кәсіпорынның өкіліне берілді. Оның мынадай деректемелері болады:

  • Ұйымның атауы;

  • Ұйым туралы анықтамалық деректер;

  • Құжат түрінің атауы;

  • Құжаттың тіркеу нөмірі;

  • Құжаттың мәтіні;

  • Лауазымды тұлғалардың қолы;

  • Кәсіпорының мөрі.

Сенімхаттың мәтінінде:

  • Сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;

  • Сенімхат бойынша ісәрекет жүргізілетін ұйымның атауы;

  • ісәрекет түрі.

Сенімхаттты кәсіпорынның бланкісінде рәсімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген ісәрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады.

Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктердегі салымдары, хатхабарларды, оның ішінде ақшалай және сәлемдемені алуға беріледі. Атап көрсетілген сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді. Кадрлар бөлімінің инспекторы қолын растаса жеткілікті. Жеке сенімхаттың мынадай деректемелері болады:

  • Құжаттың түрінің атауы;

  • Құжаттың күні;

  • Мәтіні

  • Сеніп тапсырушының қолы және оның талдамасы;

  • Сенімхатты растаған лауазымды тұлғаның қолы

  • Сеніп тапсырушы жұмыс істейтін ұйымның немесе тұратын жері бойынша тұрғын үйпайдалану ұйымның мөрі.

Сенімхат, әдетте, онда көрсетілген іс әрекетті өткізу мерзіміне беріледі. Егер сенімхаттын мерзімі көрсетілмесе, онда ол өз күшін берілген сәттен бастап бір жыл бойы сақталады. Сенімхатты берген күн көрсетілмесе, онда ол жарамсыз болады.

Сенімхат 3 жыл сақталады.

Жарнама

Жарнама спектакль, концерт, лекция немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі.

Жарнама дегеніміз  белгілі бір фирма, тауар, оның сапасы немесе қызмет түрі жайлы мағлуматтардың жариялануы.

Жарнамалар БАҚ арқылы беріледі, сондай-ақ сыртта ілінетін жарнама, көліктердегі жарнама, сауда орындарындағы жарнама, мәдени және спорт шараларын өткізу кезінде берілетін жарнамалар болады.

Жарнама жұмысын жоғары дәрежеге жеткізудің негізгі бір шарты  жарнама мәтіндері тілінің көркемдік әсерін мейлінше жақсарту. Бұл іс жарнама ұйымдастыру мәселесін дұрыс жолға қоюмен қатар жүруі тиіс.

Нарық экономикасы мен өндіріс түрлерінің дамуы нәтижесінде жарнаманың жаңа түрлері мен формалары пайда болуы. Қазақ тілінің жарнама саласында жұмсалуы қазір мемлекет тарапынан ресми қолдау табады.

Жарнама мәтінінде сөз ерекше қызмет атқарады, демек, «сөз  күллі фактінің киімі». Жарнаманың әсерлігі тұтынушының жарнамаланған зат туралы анық түсініктеме алуына байланысты.

Жарнамалық стиль «қонқабатты». Мұнда публицистикалық, ғылыми, кейде сөйлеу және іс қағаздар стилі де кездеседі. Мамандарға арналған жарнамалар ғылыми немесе іс қағаздар стилінде, ал халық шаруашылығы тауарларын жарнамалағандағы мәтін сөйлеу сөйлеу стилінде құрастырылады. Жарнама тілінің басты ерекшелігі  әдеби тілді ерекше жағдайлардағы нақты мәселелерді шешу құралы ретінде қолдану.

Жарнамалар арқылы тұтынушылардың сол тауарларға қызығушылығын арттыру үшін қажетті сөздері талғап, орынды жұмсау керек.

Аңдатпа

Аңдатпа  жазылған еңбектердің, оқулықтар, ғылыми мақалалар, рефераттар, диплом және бітіру жұмыстарының т.б. қысқаша мазмұнын баяндайтын құжат түрі.

Өтініш

Өтініш  белгілі бір жағдайда азаматтың өзінің заңды жеке құқықтарын жүзеге асырудың асырулы өтініп жазатын ресми құжат.

Арыз

Арыз  хабарламаның түрі. Арызда азаматтардың заңмен қорғалатын құқытарының бұзылуы көрсетіледі. Өтінішке қарағанда, арыздың мазмұны мен тақырыбы кең, әрі алуан.

Бұйрық

Бұйрықкәсіпорындағы ең маңызды және кең тараған құжаттардың бірі. Бұйрықкәсіпорын басшысы қандай да болмасын (өндірістік немесе кадр мәселеіне байланысты) бір міндеттерді шешу үшін шығаратын нормативтік құжат. Бұйрық кәсіпорынды немесе оның құрылымдық бөлімшесін құру, жою, қайта құру; кәсіпорын жұмысын ұйымдастыр, қаржыландыру, жоспарлау, есептеу, жабдықтау, өнімді өткізу, сондай-ақ қызметкеолерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру,босату т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті.

Монолог

Монолог – бір кісінің сөзі. Онда белгілі бір тақырыпты айтын беру мақсаты көзделеді, адамның ойы, пікірі, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы, саяси, ғылыми көзқарасы, дүниетанымы  бәрі анық байқалады. Белгілі тақырыпқа көпшілік алдында жасалған лекция, баяндамалап да монологқа жатады. Монолог күрделі ойға құрылады, әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.

Жұрт алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. Тыңдаушылар алдында өзін-өзі ұстай алмаған адамның сөзі де өтімді болмайды. Соңдықтан міңбеде ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау  сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі.

Аудиторияда ұстамдылықтың қамы ерте бастап жүргізілетін даярлық. Даярлықсыз сөйлеген кісіде батылдық, өзіне сенім болмайды. Сөйлеуге алдын-ала дайындалған кісі, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдаланатынын жоспарлап алған адам ғана өзін-өзі еркін ұстап, тындаушыларын өзіне тарта алады.

Жұрт алдында сөйлетін адамдар мына қағидаларды ескеруі керек:

  1. Тындаушылар жақсы білетін нәрселерді тәптіштеп айтудың қажетті жоқ;

  2. Білгішсініп, мақтана сөйлегендерді де тыңдаушылар ұната қоймады;

  3. Сөйлеген сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын,

  4. Сөздің мағынасы, сөйлем мазмұнына үйдесімді ырғақ тауып, қолдың, бет-ауыздың қимылдарын қатыстыруға болады.

  5. Екі көзін қағаздан алмай оқып беретін сөйлеуші мен тыңдаушылар арасында байланыс болмайды, байланыс болмаған соң айтылған сөз айдалаға атылған оқпен бірдей болады.

  6. Айтайын деген ойлы әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден бастамаған дұрыс. Шаблон  барлық өнердің әсіресе сөз өнерінің жауы. Ойды әдеби тілге тән сөздермен әсерлі, қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет.

  7. Айтылған сөз қысқа әрі тұжырымды болуы керек . Сөйлемдер ықшамды, ұғынуға онай, қолданған сөздер жұртқа таныс әрі мазмұнды болуы керек. «Аз сөз  алтын, көп сөз  көмір» дегендей , аз сөзбен көп нәрсені айтуға тырысу керек.

  8. «Жүйелі сөз жөнін табады» дегендей, сөйлетін сөз жүйелі болмаса, онда ешқандай береке болмайды. Жүйелі сөз белгілі мазмұнға, өзара тығыз байланысты желіге құрылады.

Этика.

Этика(грек тілінде ethos - әдет-ғұрып)  мораль, өнеге туралы ілім.

Этика терминін тұнғыш рет Аристотель адамдар дұрыс, өнегелі іс істеуі үшін не істеуі қажет деген сұраққа жауап беретін практикалық философияны атау үшін қолданды.

Этикет  мінез-құлықтын қалыптасқан тәртібі.

Іскерлік этикетті білу кәсіпкер үшін өте маңызды. Бұл жөнінде  ж. Дейл Карнеги былай деп жазған: «Адамдардың қаржы мәселесі бойынша істерінін табысты болуының тек  проценті оның кәсіби біліміне байланысты болады да,  проценті оның адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алуына байланысты болады».

Карнеги адамдарға әсер етудің алты ережесін ұсынады:

  1. Басқа адамдарға көңіл бөлініз. Сир: «Басқа адамдар бізді білгісі келгенде, біз оларды білгіміз келеді» деп жазған

  2. Күлімсіреңіз. Қытайлар: «Адам күлімсіремей тұрып дүкенін ашпауы керек» дейді

  3. Адам үшін оның аты өз аты  ең маңызды дыбыс, сондықатн әр адамды аты-жөнімен атаңыз

  4. Сабырлы тыңдаушы болыныз

  5. Тыңдаушыңызды қызықтыратын мәселелер жөнінде сөйлеңіз

  6. Әңгімелесушіңізге шын көңілден жақсы баға беріңіз

Іскерлік этикетке дұрыс киіну, өзін ұстай білуі, сөйлеу мәнері т.б. жатады.

Іскерлік этикет бойынша өзіңіздің партнерыңыздың еліне тән ұлттық дәстүрлер мен салттарды мүлтіксіз орындауыңыз қажет. Бұл сіздің табысты болуы үшін маңызды шарт болып табылады.

Сөйлесу кезінде тыңдаушыға сөйлеушінің дауысы, тоны, интонациясы, тембрі, көп нәрсені аңғартады. Психологтардың деректері бойынша сөйлеу кезіндегі сөйлеуші интонациясц мен тоны ақпараттың  процентін жеткізе алады екен. Сондықтан, көзбе көз сөйлескенде немесе телефонмен сөйлесу кезінде өз эмоцияңызды тежеп, бірқалыпты сөйлеуге тырысыңыз және сөйлесіп отырған адамыңыздың сөзін бөлмеңіз.

Телефонмен сөйлесу

Телефонмен сөйлесудің мынадай артықшылықтары бар:

  • Шұғыл екіжақты байланыс;

  • Еңбек және қаржы шығындарын үнемдеу;

  • Байланыстың үзілмеуі(әсіресе автожауапбергіш болған жағдайда) т.б.

Телефонмен сөйлесудің бірқатар этикалық талаптары болады, олардың кейбіреуі мыналар:

  • Іскерлік әңгімелер қызметтік телефон арқылы жүргізіледі,

  • Әңгімелесушілер өздерін таныстырады,

  • Пәтерге сағат 22ден кейін және дан ерте телефон соғу этикетті бұзғандық болып саналады,

  • Егер танымайтын адамдарға телефон соқсаңыз, телефон шалуыңыздың себебін және телефон нөмірін кім бергенін айтуыңыз қажет,

  • Этикет бойынша телефонмен сөйлесу  минуттан аспауы керек,

  • Телефон тұтқасын қоныраудан кешіктірмей көтері керек,

  • Сіздің қоңырауыңызға  секунд бойы жауап бермесе, тұтқаны қойыңыз,

  • Әңгімені бастаған адам аяқтауы керек.

Телефонмен сөйлесу мынадай мақсаттары болуы мүмкін:

Ақпарат алмасу, мәлімет жинау, кездесу туралы келісу, тапсырыс беру, құттықтау, этикеттік сипаттағы қатынастарды жоғалтпау т.б.

«Телефонмен күніне» даярлану барысында өз қолыңызға анықтамаларды, қажетті деректерді, лауазымды адамдардың тізімдері мен олрадың телефон нөмірлерін жинақтап алуыңыз қажет:

  • Телефондық шақырудың мүмкін типтерін бағамдап алыңыз: тұтынушы клиент, жеке тұлға/кәсіпорын,бастық/бағынышы т.б.

  • Тақырыптарды болжамдап алыңыз: анықтама беру, кездесу туралы келісу, түсінік беру т.б.

  • Ойыңызша мүмкін сценарийлерді «ойнап шығыныз»: контактіге енусәлемдесу, сөйлесушімен танысуәңгіменің мақсатын анықтау  мәселені талқылау  әңгімені түйіндеу  қорытындылаушы этикет формулалары қоштасу.

Хат.

Хат  эпистолярлық қарымқатынасқа пайдаланылатын құжаттардың бірі. Әр жағдаяларға орай хаттар жазылады. Демек, мазмұны, мақсаты, қалпы жағынан хаттын бірнеше түрі болады.

Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

Оставленные комментарии видны всем.