Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

3.2 Электробайланыс желілеріде коммутациялау әдістері

Каналдар коммутациясының құндылығы келесі: абоненттер байланысы ұйымдасқаннан кейін кез келген уақытта басқа абоненттер жүктеуіне тәуелсіз абоненттер тапсырыс беруге болады;

Кемшіліктері: желі ресурстарын дұрыс қолданбауда, егер өзара қызмет етуші абоненттер активті болмаса, тапсырыс (жіберулер) ұзақ үзіліс (пауза) түрінде болады.

Жинақтаушы жүйенің 2 түрі бар:

  • хабарды коммутациялау жүйесі,

  • пакеттерді коммутациялау жүйесі (ПК)

ПК-ң ХК-дан айырмашылығы, хабар толығымен емес, пакеттерге бөлініп жіберіледі. ПК үлкен емес пакеттер ұзындығынан (1000бит) ХК-ға қарағанда алушыға хабарды жеткізу уақытын азайтады және диалогты тарату режимін ұйымдастырады.

ПК желілерінде беру мен коммутациялаудың екі режимі бар: виртуальды (ПК-В) және датаграммылық (ПК-Д) режимдер.

3.2 Өзара байланысқан желілерді құру принциптері.

Электр байланыстың біріншілік торабы

Б ірінші (бастапқы) желі дегеніміз - берілістің типтік каналдар торабын және желілік трафиктерді түзетін беріліс сызықтарының, желілік түйіндердің және желілік станциялардың жиынтығы. 3.1 суретте бастапқы желіні ұйымдастыру принципіне түсінік беріледі.

Сурет 3.1 - Бастапқы желінің құрылымы

Территориялық принципі бойынша бастапқы желі мыналарға бөлінеді: магистральды, зонаішілік және бастапқы жергілікті желі.

Магистральды бастапқы желі барлық облыстық және республикалық орталықтарды каналдармен байланыстырады.

Зонаішілік бастапқы желі, негізінен, бір облыстың аудандарын бір-бірімен және облыс орталығымен түрлі каналдардың көмегімен байланыстырады.

Жергілікті бастапқы желі қала территориясымен немесе ауылдық аудан территориясымен шектелген. Олар осы желінің станциялары немесе түйіндері арасында, сондай-ақ абоненттер арасында каналдар (немесе сымдардың физикалық жұбын) ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Зонаішілік желіні және жергілікті бастапқы желіні – зоналық бастапқы желі деп атау әдетке айналып кеткен.

Алғашқы екі класс желілік түйіндерінің ішінде ең ірісі территориялық желілік түйіндер болып табылады, олар бірнеше өте қуатты кабельдік, радиорелейлі және басқа да желілер қиылысында орналасады..

Желілік станциялар (магистральды, зонаішілік, жергілікті) желінің шеткі нүктелері болып табылады, сәйкес желілік құрылғыдан жырақта орналасады, бұл кезде соңғы байланыс сызығымен байланыстырылады, болмаса желілік түйіндермен біріктіріп орналастырылады.

Келісім барлық деңгейлер үшін қабылдану керек: ең төменгі деңгейден – бірлік элементтерді беру деңгейінен, торап қолданушылары үшін қызмет көрсететін ең жоғарғы деңгейге дейін.

Ашық жүйеге Internet халықаралық торабы мысал бола алады. 3.2 - суретте А және В (модель ВОС немесе OSI) ашық жүйелерінің өзара әрекеттесуіне байланысты жалпылама модель ұсынылған. Өзара әрекеттесу жабдықтары жеті деңгейге жіктеледі: қолданбалы, өкілдік, сеанстық, транспорттық, тораптық, каналдық және физикалық. Әр деңгейдің қызметтерін қарастыралық.

Деңгей 1 - физикалық (Physical layer) электр сигналдарын бірлік элементтер (биттер) түрінде беру үшін физикалық каналдарды ортауды, біріктіруді, жұмысын қолдауды және ажыратуды қамтамасыз етеді..

3.2 – Сурет ВОС (ISO/OSI) ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу моделі

Физикалық каналдарға мыналар мысал бола алады: коаксиальді кәбіл, ширамалы жұп, оптоталшықты кәбіл немесе цифрлық канал.

Деңгей 2 - каналдық (Data Link layer) міндеттерінің бірі –беріліс ортасына қол жеткізу мүмкіндігін беруді тексеру. Басқа сөзбен айтқанда, бұл деңгейдің функцияларының бірі деректерді беру каналымен байланыс орнату, оның жұмысы қолдау, онымен ажырату болып табылады.

Деңгей 3 - тораптық (Network layer) каналдық деңгейдің түрлі хаттама-ларын қолданатын бірнеше торапты біріктіруші біртұтас транспорттық жүйе құруға арналған. Біздің жағдайымыздағы торап дегеніміз - топологиялардың біріне біріктірілген және каналдық хаттамалардың бірінен деректерді беруде қолданылатын түйіндер немесе станциялар жиынтығы.

Тораптық хаттамалар (routed protocols) – торап арқылы пакеттердің жылжуын жүзеге асырады. Хаттаманың келесі түрі маршруттау хаттамасы (routing protocols) деп аталады. Осы хаттамалардың көмегімен маршрутизаторда торапаралық байланыстар топологиясы туралы ақпарат жинақталады.

Деңгей 4 - транспорттық (Transport layer) жоғарғы деңгейлерге (қолданбалы және сеанстық) олардың талабына сай сенімділік дәрежесінде деректерді беруді қамтамасыз етеді. OSI моделі транспорттық деңгей ұсынатын қызметтің бес класын анықтайды. Бұл деңгей қызметінің класын таңдау жоғарғы деңгей хаттамаларымен (траспорттық деңгеймен салыстырғанда жоғары) қамтамасыз етілетін сенімділік дәрежесі ретінде, сондай-ақ төменгі деңгейдегі (транспорттық деңгеймен салыстырғанда төменде орныласқан деңгей) торапта деректерді жіберу сенімділігімен анықталады.

Деңгей 5 - сеанстық (Session layer) сұқбатты басқаруды қамтамасыз етеді: сеансқа қатысқан жақтардың қайсысы сол сәтте активті екенін тиянақтайды, синхрондау жабдығын ұсынады. Бұл жабдықтар ұзақ хабарларға бақылау нүктелерін қоюға мүмкіндік береді, бұл қабыл алмау жағдайы туындағанда артқа, соңғы бақылау нүктесіне қайтып оралу үшін керек. Тәжрибе жүзінде сеанстық деңгей жекелеген хаттамалар түрінде сирек жүзеге асырылады.

Деңгей 6 -өкілдік (Presentation layer) берілетін ақпаратты оның мазмұнын өзгертусіз көрсету формасымен жұмысты қамтиды. Осы деңгейдің арқасында, бір жүйенің қолданбалы деңгейімен берілетін ақпарат басқа жүйенің қолданбалы деңгейіне үнемі түсінікті болады. Осы деңгей жабдықтарының көмегімен қолданбалы деңгей хаттамалары деректерді көрсетудегі синтаксистік айырмашылықтарды немесе символдар кодтарындағы айырмашылықтарды елемейтін болады.

Деңгей 7 - қолданбалы (Application layer) – түрлі хаттамалар жиынтығы, олардың көмегімен торап қолданушылары файл, принтерлер, гипермәтіндік Web-парақтар сияқты ресуртарға қатынас құру мүмкіндігін алып, сонымен қатар өзінің біріккен жұмысы ұйымдастыра алады, мысалы, электронды почта хаттамасының көмегімен. Қолданбалы деңгей деректер бірлігі ретінде хабарды (message) пайдаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]