Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

5.1 Мәліметтерді тарату торабы.

Деректерді беру торабының жіктелуі.

Дәстүрлі телеграфтық тораппен салыстырғанда ДБ тораптарына дұрыстық, беріліс жылдамдығы және сенімділігі бойынша қатаң талаптар қойылды.

ДБ қосымша торабы – бұл ЭЕМ-дер арасында ДБ беру үшін, сонымен қатар қолданушылар мен ЭЕМ арасында ДБ үшін белгіленген аппараттық және программалық жабдықтар жиынтығы.

ДБ торабы ақпараттық есептеу торабының (АЕТ) негізі, ядросы болып табылатындықтан, ол кейде ДБ базалық торабы деп те аталады.

Каналдар коммутациясын қамтитын деректерді берудің цифрлық торабы.

ДБ цифрлық торабының жалпы ерекше белгісі – тораптың барлық бөлімшелерінде (абоненттіктен бастап магистралдық желіге және электрондық станцияларға дейін) берудің цифрлық жүйесін қолдану болып табылады.

ДБ цифрлық торабы дәстүрлі тораппен салыстырғанда дұрыстығы жоғары, беру жылдамдығы үлкен, байланыс орнату уақыты аз, сенімділігі жоғары.

Таңбаларға қателік ықтималдығы бұл тораптарда < 10-6...10-7, ДБ жоғары жылдамдықты каналдары бойынша беріліс жылдамдығы – ондаған, жүздеген Кбит/с және ондаған Мбит/с.

ДБ торабының жіктелуі 5.1 - суретте берілген

Коммутациялаудың цифрлық жүйесінің арқасында байланыс орнату уақыты бірнеше секундқа (одан да аз) қысқарады. Цифрлық тораптардағы сенімділік оның элементтерінің жоғары сенімділіктерінің арқасында қамтамасыз етіледі: ҮИС-да БЦЖ-н жүзеге асыру, коммутация жүйесінің жабдықтарын резервтеу, сондай-ақ ЭЕМ базасында торапты басқарудың ыңғайлы жүйесінің арқасында. Бұл жүйе ДБ торабын жедел басқаруға, оның күйін тиімді бақылауға, ал тораптың жекелеген бөлімшелері қатардан шыққан жағдайда тығырықтан шығар жолды жылдам табуға мүмкіндік береді. ДБ цифрлық тораптарында басқару жүйелерін қолдану жаңа қызмет түрлерінің үлкен жиынын енгізуге мүмкіндік береді, мысалы, қолданушылардың жабық топтарын ұйымдастыру, тура және қысқартылған шақыру, шақырылатын абонентті анықтау. КК қамтитын ДБ торабын (КК-ДБ) екі класқа бөлуге болады: асинхронды және синхронды. Асинхронды тораптарда біртұтас синхрондау болмайды, жекелеген беріліс жүйелері және коммутациялық станциялар дербес тактылық генераторларды қамтиды.

Сурет 5.1 – Деректерді беру торабының жіктелуі

Синхронды тораптарда уақыт бойынша барлық процестердің (беру және коммутациялау) өтуі бір көзден келетін біртұтас тактылық синхросигналмен анықталады.

5.2 - сурет. КП-ДБ желісінің бөлігі.

ХК-ДБ және ПК-ДБ тораптарында қолданылатын, коммутациялау орталықтарында ақпаратты аралық жинақтау тәсілі тораптың екі түрінде де бірқатар ортақ қасиеттерді анықтайды. ПК-ДБ торабының басты ерекшелігі мынада, салыстырмалы түрдегі қысқа пакеттер бірнеше миллисекундтан аспайтын таңдау уақытымен жедел жадыға жазылады. Сондықтан қайта жазу және кезектегі күту пакеттерді көп кідіртпейді.

ПК-ДБ торабының негізгі ерекшелігі байланыстық ресурстарды көп қолданушылар арасында каналдық және коммутациялық жабдықтарды уақытша бөлу есебінен және көлемі шағын пакеттерді жоғары жылдамдықпен беру есебінен жоғары дәрежеде қолдану болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]