Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

4 Дәріс. Екіншілік телекоммуникациялық желілердің құрылу ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты: Екіншілік телекоммуникациялық желілерінің (телефон және телеграф) құрылу ерекшеліктерін оқу.

Мазмұны:

4.1 Телефон байланыс желілерін құрамы және тағайындалуы.

4.2 Телеграф желілерінің құрамы және тағайындалуы.

Жалпы қолданыстағы қосымша торап – автоматты телефондық станциялар (АТС), автоматты коммутация түйіндері (АКТ), абоненттік аппараттар мен желілер, сондай-ақ бастапқы (бірінші) тораптан алынған беріліс каналдарының жиынтығы.

Телефондық байланыс жүйесі халықтың және өнеркәсіптердің ел көлемінде хабар алмасуға деген талаптарын, халықаралық телефондық торапқа шығу талаптарын қанағаттандыруға арналған, және мынадай қызмет түрлерін ұсынады:

  1. Хабарды жеткізу қызметі; хабар: сөздік, факсимильдік, электронды почта, деректер. Бұл мүмкіндіктерді тораптың физикалық ресурстарын пайдаланатын техникалық қызмет ұсынады.

2) Арнайы қызметтер – сервис қызметімен автоматты түрде ұсынылатын немесе оператор көмегімен көрсетілетін ақпараттық-анықтамалық, тапсырыстық және қосымша қызмет түрлері. Оған мыналар жатады:

  • жергілікті телефондық торап анықтамасы;

  • дәл уақыт анықтамасы;

  • тапсырыстық қалааралық телефон торабы (ҚТТ);

  • қалааралық және халықаралық торап анықтамасы;

  • телефон бойынша телеграмма қабылдау;

  • телефондық торапты жөндеуге тапсырыс;

  • таксофондарды жөндеуге тапсырыс.

3.1 Жалпы қолдануға арналған қосымша цифрлық тораптар құрылымы.

Цифрлық торап дегеніміз – абоненттік пункттер (АП) арасында ақпарат тек цифрлық формада берілетін торап. Цифрлық торап құрылымы аналогты қосымша телефондық торап құрылымынан әлдеқайда қарапайым, оның себебі мынада:

  1. КЦЖ – ң максимальды сыйымдылығын (порттар саны – абоненттік және байланыс желілері) қатаң шектеу (бұл аналогты шеткі станциялар мен түйіндер үшін бар) жоқ. Сондықтан берілген сыйымдылықта цифрлық торап құру үшін станциялардың аналогты торап құруға қарағанда аз саны талап етіледі.

  2. ИКМ – мен беріліс жүйесін қолданудың арқасында станциялар мен түйіндер арасындағы арақашықтыққа шектеудің жоқтығы.

Бұл ерекшеліктер цифрлық қосымша торапты бірдеңгейлік түрде, яғни түйінсіз құруға мүмкіндік береді.

Мұндай тораптың станциялары бір-бірімен «әрқайсысы әрқайсысымен» тәсілі бойынша ИКМ–ді желімен байланысуы мүмкін және шеткі немесе біріктірілген түрде де (шеткі және транзитті) қолданыла береді.

Осындай қасиеттерге ие торап көптеген қызмет түрлерін қолдай алады: телефондық, деректер мен көріністерді беру, және оны интегралды қызмет көрсетудің цифрлық торабы (ИҚЦТ) деп атау қабылданған, цифрлық торап станциялары шеткі және транзитті функцияларды жүзеге асырып, 60 мыңға дейін және одан да көп порттарды қамти алады.

Цифрлық торапта бір жерге шоғырланған шеткі станциялар жабдықтары қолданылады. Бұл абоненттік торап шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Станция аралық байланыста сигналдық хабарлармен алмасуда коммутация пакетімен сигналдық желі құрылады. Бұл желі асты ОКС –мен байланыстыратын сигнализация пункттерімен құрылады.

Сурет 3.1 - Өтпелі периодтағы аналогты екіншілік желілердің құрылымы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]