- •Алматы 2009 ж.
- •1.1 Қазіргі уақыттағы коммутация жүйелерінің телекоммуникация желілеріндегі орны және маңызы.
- •2.1 Дискретті ақпаратты тарату жүйелері
- •2.1 Сурет –пдс көзінің құрылымдық сызбасы
- •2.2 Ақпаратты тарату және бөлу жүйелері. (Электрлі байланыс желілері).
- •2.2 Сурет Қөп нүктелі қосылу. 2.3 сурет – Хабардың толық байланысқан желісі
- •2.3 Ашық жүйелердің өзарабайланысты эталондық моделі.
- •2.4 Сурет – Байланыс архитектурасы
- •3.1 Электр байланыс желілердің қолданылуы және жіктелуі.
- •3.2 Электробайланыс желілеріде коммутациялау әдістері
- •3.2 Өзара байланысқан желілерді құру принциптері.
- •4 Дәріс. Екіншілік телекоммуникациялық желілердің құрылу ерекшеліктері.
- •3.1 Жалпы қолдануға арналған қосымша цифрлық тораптар құрылымы.
- •Телеграфтық тораптардың құрамы және тағайындалуы.
- •5.1 Мәліметтерді тарату торабы.
- •5.3 Ақпараттық-есептеу тораптары. Эем тораптары.
- •6.1 Негізгі түсініктер және анықтамалар.
- •7.1 Ауылдық телефондық желілер
- •7.1 Сурет. ОгсТфС құрылуының сұлбасы.
- •5.3 Қалалық телефондық желілер.
- •8.1 Араласқан гтс.
- •8.2 Ішкі аумақты телефонды желі және қалааралық байланыс.
- •8.3 Телефонды желілердегі нөмірлеу жүйелері.
- •Дәрістің мақсаты: Цифрлық желілерді құру стратегияларын, аудандал-маған және аудандалған аналогті қтж цифрлау ерекшіліктерін оқу.
- •9.2 Цифрлық желілерді құру стратегиялары.
- •9.3 Аудандалмаған цифрлық қтж құру.
- •9.1 Телекоммуникация желілерінің біріктірілуі.
- •9.2 Цифрлық желілерді құру стратегиялары.
- •9.3 Аудандалмаған цифрлық қтж құру.
- •10.2 Сақина құрылымды цифрлық желіні орнату.
- •10.5 Сурет. Гтс-те сақина тәрізді желіні тұрғызу Дәріс 11. Цифрлық байланыс желілеріндегі сигналдау, синхрондау және басқару принциптері.
- •11.1 Сигнализация түрлерінің жіктелуі
- •11.1. Сурет. Байланыстың телефонды желілеріндегі сигнализациялар түрлері.
- •11.2 Станцияаралық сигналдық ақпаратты тарату тәсілдері
- •11.2. Сурет. Сигналдарды тікелей телефон арнасымен тарату сұлбасы
- •11.3 Абоненттік және сызықтық сигнализация.
- •6.4 Сызықты сигнализация
- •12.1 Сурет. Маршруттау сигналдарын эстафеталық тарату
- •12.1 Сурет. Маршруттау сигналдарын эстафеталық тарату
- •12.2 Атс арасындағы көп жиілікті сигналдармен алмасу хаттамалары.
- •12.3 Сурет. «Импульсті челнок» хаттамасы бойынша көпжиілікті сигналдар алмасуы.
- •12.4 Сурет «Импульсті десте» хаттамалары бойынша көпжиілікті сигналдардың алмасуы
- •12.5 Сурет. «Аралықсыз десте» хаттамалары бойынша көпжиілікті сигналдардың алмасуы
- •12.3 Жалпы арналық сигнализация окс 7.
- •12.6 Сурет. Msu мәнді болатын сигналдың бірліктер форматы
- •Дәріс 13. Транспорттық және қатынас желілерді тарату технологиялары
- •13.1 Транспорттық желілерді тарату технологиялары
- •13.2 Қатынас желілерінің тарату технологиялары.
- •13.3 Плезихронды цифрлы иерархия технологиясы
- •14.1 Синхронды цифрлы иррархия технологиясы.
- •14.1. Сурет. Stm -1 деңгейлі синхронды транспорттық модуль кадрының құрылымы.
- •14.2. Сци/sdh сандық ағының мультиплексерленуі
- •14.2. Сурет. Stm-1 модуліндегі 140 Мбит/с жүктеме ағынының орналасуы
- •14.3. Сурет. Сци/sdh мультиплексерленуінің жалпы сұлбасы
- •15.1. Интернет желісінің технологиялары.
- •15.2. Цифрлық желілерде желілік технологиялардың интеграциясы.
- •16.1 Коммутациялық құрылғылардың жіктелуі
- •16.2 Коммутациялық құрылғылардың құрылу тәсілдері
- •16.3 Коммутациялық сызбалардың сипаттамаларын талдау.
- •17.1 Уақыт бойынша коммутациялау принциптері.
- •17.2 Уақыт бойынша коммутация буынның жұмысы.
- •18.1 Ондық-адымдық атс (атсдш).
- •18.2 Координатты атс (атск).
- •14.2 Цифрлық коммутация жүйесінің құрылымы.
- •20.1 Абоненттік блоктағы аналогтік ак модулі.
- •20.2 Цкж цифрлық абоненттік қол жеткізу.
- •Қосу сызықтарын құралдарға жалғау.
- •20.6. Сурет. Мцал цкж – ге қосу сызбасы.
- •21.1 Көлік желілеріндегі қатынас желілерінің біріктірілуі.
- •21.2 Жоғарғы жылдамдықты абоненттік қатынас желісін орнату.
- •Gsm топтық ауыстырып қосқышы.
- •23. 2. Жүйе архитектурасы
- •23.3 Бақару модульдерін ақпараттық қамтамасыз ету
- •Есенкельді Куанышбекович Есназаров байланыс желілері және коммутация жүйелері
- •050013, Алматы, Байтурсынов көшесі, 126.
21.2 Жоғарғы жылдамдықты абоненттік қатынас желісін орнату.
Құрастыру концепциясы. Соңғы кезде тұтынушыларды (абоненттерді) электр байланыс желісіне қосу концепциясы көп өзгеріске ұшырады [15,65]. КБЖ-де сым кабелдерін қол жеткізу құрылғысы ретінде қазіргі кездегі құрылыста қолданылмайды, ал қазіргі кезде қолданылып жатқан бөлу желілерінің реконструкциясы және модернизациялауында өте сирек қолданылады. Ресей практикасында қол жеткізу желілерін құру, байланыс операторлары жүзеге асырады, олар интегралды қызмет көрсетеді (деректерді және сөзді тарату), онда қарапайым телефон желілерінің операторлары жаңа технологияларды енгізуге ықылас білдірмейді [15].
Қол жеткізу желілері екіншілік желіні абоненттік терминал және шеткі құрылғының арасында орналасады, егер де олар шеткі АТС-та орналасқан болса. Абоненттік терминал көбінде қол жеткізу желілеріне кіргізілмейді, егер де олар ISDN желілерінің адаптеры болмаса, олар кей кезде қол жеткізу желілерінің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бұндай бөлінуге қол жеткізу желісінің байланыс операторымен қызмет көрсетілетіндіктен жол беріледі, өйткені операторға оны құру және эксплуатация қаражаты кіреді. Абоненттік терминалды әдетте абонент сатып алып оған қызмет көрсетеді.
Қазіргі заманғы қол жеткізу желілерін құру концепциясы екі жолды көздейді:
АЖ-ды модернизациялау және қолдану интенсификациясы;
Қазіргі заманғы қол жеткізу желілерін жаңа технологияларды қолданып құрастыру (ОТБЖ, РРЖ, WWL, HDSL, PLC).
АЖ-ды модернизациялау желінің технологиясын өзгертпей өткізу мүмкіндігін (немесе қыстыру) үлкейтуді айтамыз. АЖ-ды қыстырғанда ДСП немесе HDSL құрылғыларының көмегімен жолда арна санын көбейту ғана іске асырылады. Бірақ бұндағы қыстырылған АЖ функционалды түрде мыс кабелдерінен айырмашылығы жоқ.
Қазіргі заманғы қол жеткізу желісін құру концепциясы жаңа қол жеткізу желілерін құруды көздейді. Біріншіден, қол жеткізу желісі өзінің құрастырылу, құрылым және топология, басқару жүйесінің идеологиясы бар бір жүйе дкп қарастырылады. Екіншіден ЦБЖ аппаратураларының қосындысын және операторға заманауи қызмет көрсетуін шектемейтін әр түрлі технологиясын және түрін қолдануын көздейді. Цифрлы транспортты желіге сүйене отырып онымен бірге заманауи қол жеткізу желісі коммутациялық құрылғыны таңдауды түбегейлі өзгертеді, өйткені барлық абоненттік қосылулар цифрлық арналар және түйісу арқылы жүреді.
Қазіргі заманғы қол жеткізу желілерін құру концепциясына сай ОК-ны «соңғы мил» ретінде қолданудың бірнеше бағыты бар:
- ғимаратқа дейінгі талшық – FTTB (Fiber To The Building);
- офисқа дейінгі талшық – FTTO (Fiber To The Office);
- кейбір аймаққа дейінгі талшық – FTTZ (Fiber To The Zone), мұнда абоненттер топталынады. Барлық үш бағыт кең жолақты оптикалық байланыс жолын қол жеткізу желісінің түйініне дейін жеткізетін құрылғыны қояды.
Құрылғыға қойылатын негізгі талаптар
Қол жеткізу желісін құратын құрылғыларға қойылатын негізгі талаптар, телекоммуникациялық желі операторының өзіне қоятын мақсатынан шығады .
Абоненттерді тез қосу үшін кабелді байланыс жолын қажет етпейтін шешімдердің бәрі болады.
Дәріс 22 Қазіргі заманғы цифрлық коммутация жүйелері.
Дәрістің мақсаты: SI-2000 коммуникация жүйесінің техникалық сипаттамаларын және абоненттерге қызмет ету мүмкіндіктерін оқу.
Мазмұны:
22.1 SI-2000 коммутация жүйесі.
22.2 GSM топтық ауыстырғышы.
22.1. SІ-2000 коммутациялық жүйесі
SІ-2000 жүйесінің станциялары барлық негізгі телефон функцияларын (жергілікті, шығу, кіружәне транзитті қосулар), сондай-ақ қосымша қызметтердің көп санын (онкүндік/жиілікті жинақпен абоненттік желі, соңғы терілген нөмірді қайталау, шығыс/кіріс байланыстарына тыйым, конференцбайланыс, арамдық оймен шақыруды анықтау, шақыруды қайта бағыттау, абоненттік тапсырыс бойынша шақыру және т.б.) қамтамасыз етеді.
SІ-2000 телефон станцияларында сандық желілік жинақтармен қатар аналогтылары бар, бұл аналогты қосу желілерімен қосылу мәселелерін икемді шешуге мүмкіндік береді. SІ-2000 жүйесінің базасында ауыл станциясынан орташа сыйымдылықтағы АМТС дейін барлық деңгейлерде сенімді байланысты ұйымдастыруға болады, сондай-ақ мекемелік және ведомстволық желілерде.
Жүйенің негізгі сипаттааларыры:
- максималды сыйымдылық 40000 абоненттік желіге дейін;
- негізгі станцияның максималды сыйымдылығы – 7000 аналогты немесе сандық қосылу желілеріне дейін.
- 512 бағыттар (1 ден 7000 дейінгі бағыттағы желілер саны),
- 2Мбит/с тракты бірнеше бағыттарға бөлінуі мүмкін (30 дейін);
- бір бағытта шығу, кіру және екі жақты арналар болуы мүмкін, сонымен қатар, түрлі белгі беру арналарымен де;
- жүйенің жалпы өткізу қабілеттілігі – 5000 Эрл;
- өнімділік - ЧНН да 200000 дейін шақырулар;
- тұтылынатын қуат – 0.5 …0.7 Вт Ал;
ІSDN абоненттерін қосу мүмкіндігі;
Электрқоректендіру: -48 В тұрақты тоқ (ауыспалы тоқта ІPS/MPS-230/380 қолданғанда);
Жүйе құрылымы.
SІ-2000 жүйелері көпмодульді, программалық басқарылатын таратылған басқарумен және көпқабатты құрылымды.
SІ-2000 құрамына келесі негізгі функционалдық түйіндер кіреді:
GSM (Group Swіtch Module)- топтық ауыстырыпқосқыш,
ADM (Admіnіstratіon Module)- әкімшілік модуль,
CHM (Chargіng Module)- тарифтік модуль
(R)ASM ((Remote) Analog Subscrіber Module)- (жойылған) аналогтық або-ненттік модуль,
LCM (Lіne Concentrator Module)- абоненттік концентраттар модулі,
(R)ANM (Remote) Analog Network Module)- (жойылған) аналогтық желілік модуль,
DNM (Dіgіtal Network Module)- сандық желілік модуль,
/ІSDN CCSM/DSM -7 ОКС модулі.
Сонымен қатар, жүйе құрамына келесі модульдер кіреді: пайдалану орталығы мен техникалық қызмет көрсету (ОМС), электрқоректендірудің интегралданған жүйесі (ІPS және MPS).
Топтық ауыстырып қосқышы оған қосуға болатын сөйлесу арналары-ның максималды 124 коммутациялық модульдерінің коммутациясын қам-тамасыз етеді. Әр коммутациялық модуль GSM желісінe ИКМ (ML) арқы-лы қосылады. GSM 4096 арнаның уақыттық кеңістікте коммутациясын қамтамасыз етеді, соның ішінде 3720 сөйлесу болып табылады.
Сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін топтық ауыстырыпқосқыш сыңарландырылған болады.
Топтық ауыстырыпқосқышта станцияның тактылық жиілігінң бас генераторы бар, одан барлық жүйелер модульдері синхрондалады. Станцияның бас тактылық генераторын жоғары деңгейдегі станциялардың тактылық сигналдар генераторларынан немесе жоғары тұрақтылықтың эталонды сыртқы көзінен синхрондауға болады.
Әкімшілік модульдің (ADM) негізгі функциясы магнитті таспадан модульдердің есте сақтау қондырғыларына программаны жүктеу және станцияны әкімшілік басқару. Өзінің негізіг фукнциясынан басқа әкімшілік модуль шамамен 2000 абонентке дейін сыйымдылықтағы станцияларда тарифтік модуль функциясын орындай алады. Бұл жағдайда тарифтік модуль СМ қажет емес, мұнда ADM модулінің аппараттық құралдары өзгермейді.
ADM модулін программалық қамтамасыз ету әрқашанда әкімшілік және тарифтік модульдер функциясына ие. Инициализациялау кезінде ADM модулі станцияның конфигурациясын тексереді және соның ішінде – тарифтік модульдің барлығын да. Егер тарифтік модуль болмаса, ADM модулі автоматты түрде оның функцияларын орындауды өзіне алады.
СНМ тарифтік модулі жүйенің тарифтік мәліметтерін сақтауды қамтамасыз етеді. Сөйлесулер бағасын есептеу функциясы сөйлесу моудльдерінде орындалады, оларда сондай-ақ бұл модульдердің тарифтік мәліметтері сақталады. Тарфитік модульде барлық станцияның тарифтік есептеуіштерінің көрсеткіштері сақталады, белгілі бір уақыт өткеннен кейін уақыт аралықтары сақтау үшін магнитті таспаға жазылады. Осылайша, тарифтік мәліметтер сөйлесу модульдерінің есте сақтау қондырғыларында, тарифтік модуль ЕҚ және магнитті таспаларда сақталады.
ASM және RASM модульдері станцияға аналогты абоненттік желілерді қосуға мүмкіндік береді. Абоненттік модуль сыйымдылығы 239 қосылу нүктесін құрайды, яғни жеке телефон аппараттарын немесе 478 қосылған телефон аппараттарын.
Абонеттік концентраттар модулі (LCM) максималды 240 абонеттік желілері (SL) үшін аналогтық абоненттік модуль функциясын орындайды. LCMға сандық абоненттік концентратор DLX (Dіgіtal Lіnes Multіplexer) қосылады, оған өз кезегінде 30 дейін жойылған базалық мультиплексорлар RBM (Remote Basіc Multіplexer) қосылады. RВМ блогы сегіз абоненттік желіге дейін қосуды қамтамасыз етеді. Бұл абоненттік желілер үшін барлық мәліметтер, өзгертулер, статистикалық мәліметтер, техникалық қызмет көрсету, сөйлесудің бағасын есептеу және диагностика LСМ модулінде орындалады, себебі функционалды түрде бұл абоненттік желілер станциядағы барлық қалған желілерге ұқсас.
LСМ модулі АСМ модуліне ұқсас, себебі барлық мүмкін 240 абоненттер үшін ( DLX модулі арқылы қосылады) АСМ модулінде барлық абоненттік қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.
Цифрлық желілік модулі DNM жүйені 32-арналық, 2048 Кбит/с жылдамдықтағы сандық беру жүйесімен А типіндегі сандық интерфейс арқылы келісуге мүмкіндік береді. Модульдің құрамында 30 сандық желілік жинақтар және сәйкес сигналды блоктар бар. Модуль кез келген сандық сигналдауға бейімделуді қамтамасыз етеді.
ОКС №7/ІSDN (CCSM/DSM) сигналдау модулі SІ-2000 топтық ауыстырыпқосқышқа қосылады. Бір модульдің максималды сыйымдылығы 320 ІSDN абоненттерін (2B+D) және 6 ОКС №7 арнасын құрайды.
Станцияның барлық модульдері 2048 Кбит/с тракты арқылы, 2048 Кбит/с сыртқы сандық трактына ұқсас, GSM (A) және GSM (B) топтық ауыстырыпқосқыштарына қосылған. Осы трактар бойынша жүйені синхрондау, сөйлесу және барқыл қызметтік мәліметтерін беру іске асырылады.