Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

16.2 Коммутациялық құрылғылардың құрылу тәсілдері

А)Коммутациялық құрылғылардың кірістерінің және шығыстарының бірігуі

Бірнеше коммутациялық құрылғылардың кірістерінің бірігу жолымен алынған коммутациялық блоктар 16.6 суретінде көрсетілген [3]. (1х2) типті коммутациялық блогы (1х1) типті екі құрылғылардың кірістердің бірігу жолымен құрылады. Бұл жағдайда кіріске 2 шығыс қол жетеді (D = 2). (1x2m) типті коммутациялық блогы (1xm) типті екі құрылғылардың кірістердің бірігу жолымен құрылады. Бұл жағдайда D = 2m.

Коммутациялық құрылғылардың кірістерінің бірігуі кірістердің шығыстарға қарағанда қол жетерліктің өсуіне әкеліп соғады. Демек, керекті қол жетерлігі бар коммутациялық блокты алу үшін кіші қол жетерлігі бар коммутациялық құрылғылардың тиісті санында кірістердің бірігуін жасау керек. Бірнеше коммутациялық құрылғыларда шығыстардың бірігу жолымен алынған коммутациялық блоктар 16.7 суретте көрсетілген.

Сурет 16.6. Кірістері біріктірілген коммутациялық блоктар

(kx1) типті коммутациялық блогы (1х1) типті приборлардың k кірістерінің бірігу жолымен құрылады. (1xm) типті коммутациялық құрылғылардың k шығыстарының бірігіуі кезінде (kxm) типті коммутациялық блок құрылады. Коммутациялық құрылғылардың k тобына кірістерді біріктіргенде, коммутациялық блок алынады. Бұл коммутациялық блокта барлық коммутациялық құрылғылардың кірістері шығыстардың бір тобына қол жетеді.

Сурет 16.7 Шығыстарыі біріктірілген коммутациялық блоктар

Бірнеше коммутациялық құрылғылардың кірістердің және шығыстардың бірігуі жолымен алынған коммутациялық блоктар 8.10 суретте көрсетілген. Мұндай бірігу әртүрлі коммутациялық құрылғылар арқылы кірістің шығыспен параллельді байланысы арқылы коммутациялық блогының сенімділігін арттыру үшін қолданады. Егер бірінші коммутациялық құрылғы бұзылған болса, онда байланыс екінші құрылғы арқылы жүргізіледі.

Сурет 16.8. Кірістері және шығыстарыі біріктірілген коммутациялық блоктар

16.3 Коммутациялық сызбалардың сипаттамаларын талдау.

Бастапқы күйде екі звенолы коммутациялық блок толық қол жетерлікті болады, былайша айтқанда барлық кірістер барлық шығыстарға қол жетерлікті (8.17 сурет). Бірақ шығыстардың бос болмау процессінде бұл шарт бұзылады және қол жетерлік азаяды. Мысалы, егер А звеносының бірінші коммутаторының бір кірісі В звеносының бірінші коммутаторының шығысымен байланыс орнатылса, онда бұл коммутаторларды байланыстыратын жалғыз ғана аралық сызық алынады. В звеносының бірінші коммутаторының басқа шығыстары А звеносының бірінші коммутатордың кірістеріне қол жетерліксіз болып қалады. Коммутациялық блокта бос шығыстар болғанымен бұл кірістерге келіп түскен шақырулар байланысты қабыл алмайды.

Байланыстылық коэффициент немесе жай ғана байланыстылық А звеносының әрбір коммутаторымен В звеносының әрбір коммутаторын байланыстыратын аралық сызықтардың саны ретінде көрсетіледі. Бір байланысты коммутациялық блок ( =1) үшін мына қатынас орынды .

Дәріс 17. Цифрлық коммутация негіздері

Дәрістің мақсаты: Цифрлық желілерде пайдаланылатын АТС-тердің уақыт бойынша коммутациялау принциптерін қарастыру.

Мазмұны:

17.1 Уақыт бойынша коммутациялау принциптері.

17.2 Уақыт бойынша коммутациялау буынының жұмысы.

17.3 В-П-В және П-В-П сызбалары арқылы арналарды коммутациялау.

17.4 Блокировкаланбайтын В-П-В коммутация сызбасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]