Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
35
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
346.62 Кб
Скачать

59. ХХғ. 20-30 жж. Қаз.Ғы мәдени құрылыс.

20-30жылдардағы білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігін ересектер арасында сауатсыздықты жою ісі құрады. 1921 ж үкімет сауатсыздықты жою туралы Орталық Төтенше комиссия құрып, ол ересектерді әліппеге үйерету пунктерін ұйымдастырумен айналысты.

1930ж міндетті жалпы бастауыш 1931 ж жалпыға міндетті жетіжылдық білім енгізілді.

1935-ғы қарай Қаз-нда мектеп жасындағы балалардың 91пайызы оқыд, бірақ олардың үштен бір бөлігі ғана жетіжылдық ж/е орта мектептерде оқыды. 30 жылдардың соңына қарай республикада 120орта арнайы оқу орфндары болды, оларда 5 мыңнан астам мамандар даярланып шықты.1939 жғы халық санағы б-ша Қаз-н халқының 76.3пайызы сауатты болды.

20-30ж-дағы сауатсыздықты жоюдағы қзу жұмыс өз нәтижелерін бере бастады. Аз соғызыс мен ҰОС-нан кейінгі уақыттарда Қаз-н ғылыми біртіндеп қайта өрледі. Ғылыми-зертеу ұйымдарының қалыптасқан құрылымынң болмауы, қаржының ж/е дайындалған ғылыми мамандардың жетіспеушілігі қазақстандық ғылымның қалыптасуын қиындатты.

Мамандарды, әсіресе педагогтары даярлауға ерекше көңіл бөлінді. Мұғалімдерді даярлау үшін тұрақты ж/е қысқа мерзімді курстар құрылды.

Педагогикалық техникумдар ашылды. Жоғары білімді мамандар негізінен Мәскеуде, Ленинградта, Ташкентте даярланды. Кеңестік билік кезінде Қ-нда жоғары оқу орындарының жүйесі дами бастады.

1928ж – Қазақ мемлекеттік педпгогикалық институты ашылды.

1935ж – оған Абай есімі берілді.

1929ж – Алматы мал-дәрігерлік институты

1931ж – Алматы медициналық институты

1934ж –Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік униеврситеті (Қазіргі ҚазҰу)

Тау кен институты ашылды.

Оралда, Семейде, Ақтөбеде, Петропавлда шымкентте ж/е Қостанайда педагогикалық ж/е мұалімдік институттар ашылды.30жылдары сырттай оқу жүйесі дами бастады.

1938ж ҚазМУ жанынан Қаз-нда алаш рет аспирантура ашылды.

20ж-дада Қаз-нда алғаш ғылыми-зерттеу мекемелері: химия – биологиялық зертханасы, өсімдіктерді қорғау өлкеоік станциясы, санитарлық-ббактериолгиялық институттары, Тыңайтқыштар ж/е ауыл шар-қ топырақ зерттеу институты пайда болды.

1932ж КСРО ҒА-ның Қаз-н базасы құрылып, ол 1938 ж жанынан түрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу институты, 15 Тәжірибе станциясы, 186 тірек пункті, зертханалар, су ж/е ауа райын бақылау станциялары болды. Егер 20-жылдары республикада Одақтық орталық аймақтарынан келген ғаллым –академиктержұмыс істесе, 30-жылдары жергілікті ғалымдар да қалыптаса бастады. Профессор ғылыми атағы аса көрнекті қазақ тарихшысы Асфендияровқа берілді. Дегенмен де қазақ ғалымдары көп болған жоқ. 1936ж ҚазМудегі 42 оқытушының 8-і ғана қазақ еді.

Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері ж жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Түрік тілдес шығыс халықтары сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавитті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым бөлігі араб жазуымен жарық көрген ата- баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты.

60. ХХғ 20-30 жж. Қазақ.ғы қоғам. Саяси жағдай. Жаппай репрессия. 30-жылдардың екінші жартысында, дүниежүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан еліміз де тыс қалған жоқ. Жергілікті партия комсомол, кеңес, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық ұйымдары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды кудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сол түста болмашы жазығы бар, тіпті ешбір жазығы жоқ адамдар да ұсталып жатты. 20-шы жылдардын басында қабылданған жаңа экономиялық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, жартылай феодалдардың ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырыды. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, олар да тәркіге алынды.

1937-38жылдары террор жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза таптыҚазақ әдебиетінің негізін салушылар – Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, Жұмабаев, Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.

Қаз-нда лагерьлер жүйесі құрылды:

Карлаг – ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері

ЧСИР – Отанға опазыдық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь

Алжир – Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері

Карлаг азабын көргендер арасындаОдақ көлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерілері т.б болды.

30-40ж-дар мен 50ж-дарда контрреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы, «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.

Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологиясының зардаптары:

-Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды

-Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды.

101мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27мыңы атылды. Қазірде сол «халық жауларының» 40мыңы ақталды.

Сталиншілдіктің басты қылмысы:

-Әміршіл-әкімшіл жүйені қолдану

-лагерьлер жүйесін құру

-халықтарды күштеп көшіру

-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу

61. 1941-45 жж. Қаз.ды Ұлы отан соғ. Қатысуы. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кеңес одақғы үшін бұрын-сонды бастан кешкен барлық соғыстардын ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жену мақсатына жұмылдыруды мақсат етті. Қызыл армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға Еліміздін түкпір-түкпірінен мыңдаған арыздар түсіп жаты. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оң. Қазақстан, Қырғыстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командиры болып азамат соғысына қатысушы генерал Панфилов тағайындалды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8млн. қазақстандықтар қатысты. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан Соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.

62. Қазақ. Майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жаңқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және Адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді. Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикадағы 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбеккерлеріне көмекке қала тұғындары келді. Республиканың колхоз-совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Республика еңбекшілері өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млрд. сом ақша берді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға көмегі қызыл әскерлердің жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлік рухын көтерді, Қызыл Армия бөлімдерінің жауды талқандау үшін мүмкін болған нәрсенің бәрін істеуге жігерлендірді. Сөйтіп, Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап – ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, оның экономикалық тіректерінің бірі болды.

Мәдениеті:

Соғыстың алғ.жылдарында «КСРО Ғылым Академиясының Орал, Бат.Сібір ж/е Қаз-н байлықтарын қорғаныс мұқтаждарына жұмылдыру жөніндегі комиссиясы» құрылды.

Республикаға елдің аса ірі ғылыми күштері шоғырдандырылды. Соғыс кезінде Қ-нда құрылдған оқу орындар

-Алматы шет тілдер педагогика институты

-Шымкент техн.институты

-Қаз.мемлекеттік консерваториясы

-қазақ педагогикалық қыздар институты

-дене шын-у инст

1941 ж 15 қарашада – көркем фильмдердің біріккен орт-қ киностудиясы ұйымдастырылды. Кеңестік кино шеберлері Қаз-нда еңбек етті Эйзенштейн , Орлова, Трауберг, Юткевич, Энилер, Черкасов, Жаров.

Әуезов, Мүсірепов, Тәжібаевтың қатысуымен кинокавртиналар түсіріліді.:

«8-гвардиялық», «Абай әндері», «Жауынгер ұлы» т.б. Өнер қызметкерлері өз өнерлері арқылы жауынгерлерді рухтандырып, кеңес адамдарының жеңіске деген сенімін күшейте білді:-11 концерт бригадаса әскери бөлімдерде өнер көрсетті

-1942-44 жжыллдары майданнан Қаз-нға 22 делегация келіп қайтты

63. 1946-65 жж. Қазақ.ның Қоғ. Саяси және экон. Жағдай. 1946 ж. 24-шілде – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР халық шаруашылығын дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспары туралы заң қабылдауы. 1954 ж. 28-ақпан Қостанайға тың игерушілердің алғашқы тобының келуі. 1957 ж. 4-қазан – Байқоныр космодромынан жердің дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды серігінің ұшырылуы. Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық – саяси өмірде жұрттың ой пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунитік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу, демократияны барынша шектеумен сипатталады. Репрессия жалғасты. Кеңес одағын Хрущевтың басқарған жылдары Оң. Қазақстанның 4 ауданы көрші Өзбекстан Республикасына берілді. Қазақстанда Юсупов басқарған жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының жерінде ұйғыр автономиясын құрып, астанасын Алматы қаласы ету әрекеті жасалды. Сол-тегі 5 облыстан тың аймағын құрып Ресейге қосу, Маңғыстау облысын Түркменстанға беру әрекеттері жасалды. Бұл әрекеттерге сол кездегі Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабай Тәшенов қарсы шықты. Осы әрекеті үшін ол орнынан алынды. 1964 ж. қазан айында Хрущев орнынан түскеннен кейін бұл әрекеттер іске аспай қалды. 1956 ж. партияның ХХ – съезі болды. Осы съезде Хрущев «Жеке басқа табыну» және оның зардаптарын жою туралы баяндама жасады. 1949 ж. 29-тамызда Семей өңірінде ядролық зарядты тұңғыш сынау өткізілді. 1949-1963 жылға дейін жер үстінде 113 жарылыс жасалды. 1964-1989 жж. дейін жер астында 343 сынақ жасалған.

Соседние файлы в папке история