Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
35
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
346.62 Кб
Скачать

31.«Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.

1723ж көктемінде қазақ жерін бет қаратпай басып алуға әбден бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты.Мол әскер жинап,барынша толық қаруландырып,оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады.Оның тактикалық жоспары б/ша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағ-та қимыл жасауға тиісті болды.1-ші бағыт Қаратауды басып өтіп,Шу мен Талас өзен-е шығу б.са,2-ші бағыт-қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп,Шыршық өз-ң қойнауына жету еді.Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп,оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын 4өз-ң бойына топтастырылды.Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70мың адамнан тұратын 2-ші бір тобы Іле өз-ң бойына,Кеген өз-ң солт.жағ-на,Нарын өз-ң күншығыс жағ-ғы Кетпен тауының баурайына орналасты.

Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды.Еркек кіндікті адамдарды қырып,әйелдерді,қыздарды байлап-матап алып кетті.Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады.Шапқыншылықтық басты ауыртпалығы Ұлы жүздің,Жетісудың халқына түсті.Ешбір бөгетсіз,қарсылықсыз,жолындағының бәрін жайпап келе жатқан зұлым жау араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті.Малын,қонысын тастап,бала-шағасынан,туысқандарынан айырылып босқан халық беті ауған жаққа қашуға мәжбүр болды.Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды.Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға ағылды.Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады.Мұхаметжан Тынышбаевтың айтуынша,Орта Азияда осындай

Кқл болған.Оның –шісі-Сырдың сол жақ бетінде,Бетпақдала каналы 2-ге бөлінетін жерде,2-шісі-Ташкенттен 90шақырым жерде,ол да Сыр бойында.Халық осылардың алғашқысына барып паналаған.Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама»деп атады.Яғни,қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып,Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді.Сол сұлағаннан талай қазақ жан тәсілім қылып,басын қайта көтермеген.Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы,ән ұраны сияқты «Елім-ай» әнін білмейтін,оны айтқанда тебіреніп,қатігездіктің құрбаны болған боздақтарын еске түсіріп,бүгінге дейін көзіне жас алмайтын қазақтың кәрі-жасы кемде-кем.

Мұнан 300жылға жуық уақыт бұрын шығ-ған осы өлеңмен оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші іспеттес.Қазақты бірлікке,елдікке,ерлікке үндейтін бұл өлеңді білу,ұмытпау жастар үшін бүгінгі таңда да тарихты білу болып табылады.

32. Кіші және Орта жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.

Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген билері де Әбілхайырды хан деп танымады.Осының салдарынан қазақ жері жеке – жеке хандық сұлтандық иеліктерге бөлініп кетті. Қазақстанның ішкісаяси жағдайының тұрақсыздығы мен федалдық бытыранқылығын пайдаланған жонғар федалдары қазақ жеріне басып кірді. Сонымен қазақстанның 18 ғ 30 жылдарының бас кезіндегі ішкі және сыртқы жағдайы өте қиын жағдайда болды.Әбілхайыр ханға Тәуке кезінде жасалған Рессей мемлекетімен қатынас жасау саясатын жалғастырды. Ресей патшасына бодан болуы туралы 1730 жылы қыркүйектің 8 күні жазып астанасы петербуркке жіберді.1731 жылы қазанның 7-10 күндері кіші жүздің ханы Әбілхайыр бас болып 27 сұлтан Ресейдің қол астына бодан болғандығын сендіріп ант берді . 1735 жылы желтоқсанның аяғында орта жүздің ресей қол астына қабылдануын қуаттаған жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сұлтан ресейге елшілік жіберді . Орта жүздің ханы Әбілмәнбет 1740 жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант берді.

Соседние файлы в папке история