- •105 Aral tenizinin tragediyasy Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •21.Batys Turik kaganaty Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.).
- •22.Batys Turik kaganaty Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •58. Bokei Ordasynyn kuryluy. Zhangir khannyn Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңғір ханның мемлекеттік-қоғамдық қызметі
- •14.Gundardyn askeri uiymy jane sogys oneri Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері.
- •15.Gun taipalarynyn koshui jane bagyttary Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары. Европадағы ғұндар.
- •20.Kone nurki zhazuy jane zhazba eskertkishteri(Kultegin, Tonykok, Bilge kagan) Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •41.Koshpeli ozbek memleketi. Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
- •1.Kazakhstan tarihy gylym jane pan retinde .Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде (пәннің мақсаты, деректемесі).
- •2.Kazakhstandagy paleolit kezeninin zerttelui.Tas dauiri. Қазақстандағы палеолит кезеңінің зерттелуі. Тас дәуіріндегі еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •38.Kaz. Territoriyasyndagy Mongol ulystary. Ak Orda. Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы.
- •42.Kazakh halkynyn kalyptasuy. Kerei men Zhanibek. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек .
- •43.Kazakh handygynyn territoriyasynyn keneiui jane memleket retinde ornyguy. Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.
- •50.Kazakhtardyn mat. Jane ruhani madenieti. Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. Материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).
- •70.Kazakhstanda reseilik kamaldardyn salynuy. Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.
- •100.Uly Otan sogysyyn maidandarynda. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •102.Sogystan keingi zhyldarda. Madeni shygarmashylyk ozgerister. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.
- •103.Tyn jane tynaigan zherlerdi ugeru. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •110-Билет KazKsr-din memlekettik egemendik turaly deklaraciyasy. ҚазКср-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.
- •113-Koppartiyalyktyn kalyptasuy. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
- •115-Билет Respublikanyn memlekettik ramizderi. Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- •116-Билет Ultaralyk katynas. Halyktarynyn assambleyasy. Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •121.Kazirgi kogamnyn damu barysyndagy memleketimizdin zhastar turaly sayasaty. Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •122.Ulttyk kuramy. Ұлттық құрамы
- •129.Nazarbayev. Ultkoshbasshysy. Н.Ә. НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы
- •130. “Bolashakty birge kuraiyk!”. Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «болашақты бірге құрайық !»Қазақстан халқына үндеуі
- •106.Konaev, memleket jane kogamdyk-sayasi kairatker. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •31.Naiman, Kerei jane Zhalaiyr ulystary. Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •129 Nazarbayev – ultkoshbasshy. .Н.Ә. НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы
- •25.Ogyz jane kimak memleketteri. Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •7.Saktardyn sayasi tarihy. Evraziya. Сақтардың саяси тарихы. Еразия тарихындағы сақтар
- •9. Saktardyn materialdyk jane ruhani madenieti. Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •10.Saktar turaly zhazbasha derekter. Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •101.Sogys zhyldaryndagy ultaralyk katynas. Zhekelegen halyktardy Kaz-ga depertaciyalau. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.
- •120. Sayasi partiyalar men kogamdyk kozgalystardyn kazirgi kogamnyn damuyndagy roli. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы рөлі
- •18.Turik kaganatynyn sayasi kurylysy men aleumettik-etnikalyk kurylymy jane ekonomikasy. Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.
- •19. Turikterdin materiyaldyk jane ruhani madenieti. Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті.
- •36.Tanirshildik Islam dininin Kazakhstan territoriyasynda taraluy. Таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •33.Uly Zhibek zholy jane saudanyn kalalyk madeniettin damuy. Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •34. Uly Kazakhstandagy ortagasyrlyk kalalar jane olardyn ekonomikalyk-aleumettik omirindegi roli. Ұлы Қазақстандағы ортағасырлық қалалар және олардың экономикалық- әлеуметтік өміріндегі ролі.
- •64.Uly zhuzdi zhaulap alu. Reseige kosylu procesinin ayaktaluy. Ұлы жүзді жаулап алу. Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуы.
- •94.Uzhymdastyruga karsy bagyttalgan sharualar koterilisteri. Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери
- •127 Ulttyk birlik turaly Doktrina. Ұлттық бірлік туралы Доктрина
- •26.10.2009 / 10:58
- •76. Ualikhanov – galym, agartushy jane onyn gulymi muralary. Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •71.Patsha okimetinin agrarlyk reformasy. Stolypinnin agrarlyk reformasy. Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы
- •131 Kazakhstan 2030 Қазақстан 2030
- •47.XVI – XVII gg. Kazakh kogamynyn aleumettik-sayasi kurylymy. XVI – XVII ғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару жүйесі.
- •51.XVI-XVIII gg. Kazakh handygynyn Orta Aziya handyktarymen karym-katynasy. XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығының Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы.
- •52.Orys karym-katynasy. XVI-XVIII ғғ. Қазақ орыс қарым-қатынасы.
- •66.Orys sharualaryn zhappai konys audaru sayasaty: хiх ғ. Аяғы мен хх ғ. Басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері
- •67. Onerkasibinin paida boluy jane damuy. Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.
- •68.XIX-XX gg. Basyndagy Kazakhstandagy zhumysshylardyn zhagdaiy. Хiх-хх ғғ. Басындағы Қазақстандағы жұмысшылардың жағдайы.
- •69. XIX-XX gg dasturli Kazakh sharuashylygynyn kuldyrauy. Хiх-хх ғғ. Дәстүрлі қазақ шаруашылығының құлдырауы
- •72.XIX g. Uigyrlar men dungenderdin Zhetisuga konys audaruy. Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
- •73. XIX g. Birinshi zhartysy XX g. Bas. Agartu isi. Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.
- •74.XIX g. Zhartysy XX g. Kazakh adebietinin damu. Xiх ғ. Жартысы хх ғ. Басындағы қазақ әдебиетінің даму (а. Құнанбаев, ш. Құдайбердіұлы, м. Дулатов, с. Торайғұров т.Б.).
- •81. XX gasyrtyn basyndagy Kazakh erzimdi basylymdar. Хх ғасырдың басындағы қазақ ерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.Б.)
- •90. XX g. 10-30 zh. Kazakhstandagy madeni zhanarular. Хх ғ. 20-30 ж. Қазақстандағы мәдени жаңарулар.
- •82.I duniezhuzilik jane Kazakhstan. 1916 zhylgy ult-azattyk kozgalys. I дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •84. Kazan tonkerisi jane Kazakhstanda Kenes okimetinin ornauy. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •118. Astanasyn koshirudin tarihy men bolashagy. Хх ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы
А
Abai Kunanbayeb, Абай Кунанбаев (1845-1904) – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Ол бастапқы білімді үйінде, кейін Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде алды, сол кезде өзінің ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тарқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. 13 жасынан бастап Абай әкесінің қасында жүріп, сот ісін жүргізуді, билік айтуды үйренді. Бірақ ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Ол өздігімен шығыс ақындарының шығармаларын, орыстың классикалық әдебиетін оқып танысты. 1882 жылы – ең алғаш Лермонтовтың «Бородино» шығармасын аударады. «Қансонарда шығады бүркітші аңға» атты өлеңін жазады. 1870 жылы орыс желтоқсаншысы Е.П.Михалиспен, 1880 жылдары Н.И.Долгополов, А.Льеонтьев танысады. 1886 жылы жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкиннің «Евгений Онегинін», Лермонтовтың жалпы саны 27 шығармасын аударды Жалпы, оның шығармашылығын топтастырғанда, үлкен үш салаға бөліп қарастыруға болады:өзі шығарған төл өлеңдері әлем әдебиетінің озық үлгілерінен аударған өлеңдері тәлім-тәрбиелік маңызы зор ғақлиялар (қара сөздер)
Abylai khan Абылай хан: қызметі және тарихта алатын орны. 1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.[1]Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.[2]1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды. [3]
Abylai (Abilmansur) Абылай (Әбілмансұр) хан — (1533—1537) билік құрғаны. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханныңбесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасынақатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау«Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай,Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханныңнемересіӘбілмәмбет ханнанөтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. ХВЫЫЫ ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысыА.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды. 1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. Қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А. Бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. Тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. Тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. Ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. Желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. Сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті. Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. Қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды
40.Ак Орда Жетісудің солт. Бөлігі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен төм. Сырдария бойы, Алакөл маңы. Оның астанасы – Сығынақ. Деректерде Ақ Орда еліндегі ақсүйектер жериеленушілігінің інжу,мильк, сойырғал сияқты түрлері болды. Тархандық сый тарту белгілі болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі қарыздарды өтеп тұрған. Мемл.-ті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқардыХІІІ-ХVғ-дың басында Шығ. Дешті Қыпшық аумағында Ақ Орда мемл. Өмір сүрді. ХІVғ-дың 2-жар. Алтын Орда билігінің әлсіреуіне орай Ақ Орда күшейіп, өз тәуелсіздігін алды. Алғашқы ханы – Сасы бұқа. Ерзен хан, Орыс ханның (ХІVғ-дың 60-70жж) тұсында айтарлықтай күшейді. Ақсақ Темірден Ақ Орданы қорғау ауыртпалығы Орыс хан иығына түсті. Темір Мәліктен Тоқтамыс Ақ Орда билігін жаулап алды.Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығымен анықталды. Көшпелі аудандарда мал жекеменшік деп саналып, сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жері қауым иелігінде деп айтылғанмен текті бай-бағландар шын қожасы еді. Ақ Орда билеушілері ХІVғ-дың 2-жарт. Өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Ақсақ Темір оған қарсы айдап отырды. Тоқтамыс 1377ж Сығанақ, Сауран қалаларын басып алып, хан болды
Хандары:Орда Ежен Сасы-БұқаЕрзен хан Мүбарақ Қожа (1320-1344)Орыс хан (1372-1380)Тоқтамыс хан
Mogolstan Моголстан мем
«Тарихи Рашиди» б/ша: «Моғолстанның шығ. жері қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солт.-де Көк теңізден(Балқаштан) Қараталмен, бат.-да Түркістан, Ташкентпен, оңт.-де Ферғана, Қашғар, Ақсу, Тұран мен шектеседі.»Мемл.-ң саяси басшысы ж/е жер-судың жоғары иесі хан болған. Басқару ісінде ханға ұлыс бегі көмектесті(дәстүр б-ша ол дулат тайпасы әмірлерінен таңдалынып отырған), хан жанында ақсүйектер кеңесі болған. Басқа аймақта алым-салық жинау мен әскери күшті ұйымдастыру күшейді. Моғолстанда мемл.-ң саяси бағыты, жердің ең жоғарғы билеушісі хан болды. Жерді ақсүйектер шартты түрде иеленді.Моғолстан ХІVғ-дың ортасы мен ХVІғ-дың басына дейін өмір сүрді. Моғолстанды белгілі Дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған ақсүйектер Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді жаңа мемл-тің ханы етіп сайлайды.Астанасы – Алмалық.Темір шапқ.-ғы Моғолстанның титығына жетті. Алғашқы хандар Тоғылық-Темір, Ілияс Қожа Мәуереннахрда Шағатай әулетінің билігін қайта орнатпақ болып әрекеттенді.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды.
Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығ. Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып қалды. Назар хан өлген соң оның балалары билік үшін тартысты бастады. Хандары:Тоғылық-Темір (1348-1360) Қамар ад-Дин Дулати (1360-1388)Қызыр Қожа (1389-1399)Мұхаммед хан (1408-1416)Уәйіс хан (1418-1428)Есенбұға хан (1433-1462)Жүніс хан (1462-1487)Сұлтан Ахмет (1484-1506)Махмуд хан (1487-1508) Рашид хан (1533-1565)Әбілқайыр мемлекеті Батысынды Жайықтан бастап, шығ-да балқаш көліне дейін, оңт-де Сырдарияның төм. Ағысы және Арал өңірінен Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді иемденді.Негізінен арғы тегі қыпшақтар мен қарлұқтардан шыққан түрік тайпалары. Ерте орта ғасырдағы Дешті Қыпшақ, қаңлы, үйсін, қарлұқ халықтарының түркіленіп кеткен моңғол тайпаларының ұрпақтары.Көшпелілер мен егіншілер өзара бір-бірімен материалдық мәдениет, тұрмыс, шаруаш. тәжірибе машықтарын әлеум. нормамен мемл. ұйымдары түрлерін, әскери өнер элементтерін алып отыруға мәдени жетістік алмасуына себепші болды. 1430ж Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұд Қожаны талқандайды. 1446ж Әбілқайыр Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Хорезмді басып алып, Үргенішті талапайға салады. 1450ж Темір ұрпағының ішкі тартысына килігіп, Самарқан, Бұхарға тонап талау шапқыншылықтарын жасайды. 1468ж жорықты жолда өледі. 42.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды. Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығ. Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып қалды. Назар хан өлген соң оның балалары билік үшін тартысты бастады.
39.Altyn O|rda Алтын Орда Батый хан тұсында моңғолдар Польша, Венгрияны шапты. Грузияны жеңіп, Кавказ халықтарын бағындарды. Алтын Орда Днепр мен Ертіске дейін және Сырдарияның төмегі ағысынан Солт. Мұзды мұхитқа дейін созылып жаттыМемлекетті басқару 4 әмірден құрылған диуанның қолында болды. Жергілікті жерлерді басқару тікелей диуанға бағынышты – жергілікті әкімдердің қолына берілді. Басыбайлы адамдарды көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде моңғолдар көшпелі ақсүйектері кең жерлерде өте көп мал мен басқа байлықтарды иемденді. Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді.Батый хан тұсында Жошы ұлысында екі: оң және сол қанатқа бөлісу процесі жүргізілді. Оң қанат басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі солт.қанат құрамына кірді.Бастапқыда Алтын Орда монғолиядағы Ұлы ханға тәуелді болды. 1260ж монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға бөлініп кетті. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның тұсында тәуелсіздікке қол жеткізді. Одан кейінгі Мөңке хан тұсында өз атынан теңге шығара бастайды. Алтын Орда ХІVғ-дың І жарт. Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында құдіреттілігі арта түсті. 1312ж Өзбек хан исламды Алтын Ордадағы мемл. дін деп жариялайды. ХІVғ. 2-жарт. Алтын Орда алауыздықтың әсерінен әлсірей бастады.1357-1370жж таққа 20-дан астам хан отырып, бірін-бірі өлтіріп жатты. 1380 жылы Мамай Дмитрий Донской әскерінен Куликово даласында тас-талқан болып жеңілді. Жошы ұрпағы Тоқтамыс осы жағдайды пайдалынап, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382ж Москваны өртеді. Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше жорық жасады.Тоқтамыс пен Ақсақ Темір арасында 3 ірі шайқас болды. Ақсақ Темір Алтын Орданы қайта көтеріле алмастай етіп, талқандады. Алтын Орда – ең көп халқы қыпшақтар болды. Монғолдар азшылықты құрады. ХІІІғ-дың аяғы ХІVғ-дың соңы монғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда халқы монғолдар деп атала бастады.Мемлекетің негізгі жерлерін моңғолдар жаулап алған, табиғаты мал шаруаш. үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы Каспий теңізі және Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылыққа дамыған егін шаруаш. мал шаруаш.-мен алмастырыла бастады.Көшпелі өмір салтын Шыңғыс ханның «Ясса» деп аталатын заңдар жинағы реттеді.Жеке князьдардың күшеюіне жол бермей, Алтын Орда хандары орыс жерлерін бөлшектеу және князьдар арасындағы қақтығысты күшейтуге тырысты. Хандар тіл алғыш князьдарды Ордаға қауіпті н/е лаңтастағыш князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасында өлтіру н/е жазалауыш әскер жіберу арқылы құртып отырды. Руське тонаушылық шабуыл жасау сылтау ретінде князьдардың қырқыстарына араласып отырды. Хандары: Бату хан (1242-1256)Берке хан (1256-1266)Мөңке хан (1266-1280)Темір Туда-Мөңке (1280-1287)Төле-Бұқа (1287-1291)Тоқты хан (1291-1312)Өзбек хан (1312-1342)Жәнібек хан (1342-1357)Ұлы Дүрбелең (1357-1380)Тоқтамыс хан (1380-1395)Едіге хан (1396-1411)Ұлы Мұхаммед (1419-1423)Барақ хан (1423-1428)Ұлы Мұхаммед (1428-1446)Ахмет хан (1447-1480)
85.Alash avtonomiyasy jane alash orda ukimeti Aлаш автономиясы жане алаш орда укимети
1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде ұлттың өзі-өзі билеу проблемасын шешу мәселесін қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды. Бірден қазақ зиялылары Уақытша Үкіметімен тығыз байланыс жасап, сол арқылы түп мақсаттарын жүзеге асырмақшы болды.1917 жылғы 7 сәуірде кадет Н.Щепкин басқарған Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Оның құрамына басқалармен бірге Ә.Бөкейханов пен Мұхаметжан Тынышбаев енді. Көп кешікпей Ә.Бөкейханов Торғай облысындағы, ал халықшыл О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысындағы Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Ал М.Шоқаев, А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялылары Түркістан мен Қазақстандағы Уақытша Үкіметтің органдарында жауапты қызметтерге ие болды. Қазақ комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Аталған үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі болған. Түпкі мақсаты – ұлттық мақстат-мүддені қорғайтын, автономиялық мемлекеттік құрылымға жету жолында қазақ халқының ұлттық ұйымы ретінде қарастыру еді . Бұл комитет болашақ Алаш қозғалысының қайраткерлерінің, соның ішінде тікелей ұсыныс жасаған, ұлттық интелегенциясының көпшілік тыныған жетекшісі Ә.Бөкейханов және қазақ қоғамының белсенді азаматтарының бірлескен еңбектерінің нәтижесінде құрылған. Қазақ комитеттері 1917 жылдың наурыз айының екінші жартысынан бастап облыстық, уездік және болыстық деңгейде құрыла бастады. Қазақ комитеттері барлық дерлік аймақтарында құрылған. Құрылу процесін туралы хабарларды «Қазақ» газеті таратты. 1917 ж. 17 наурызда Орал қаласында облыстық комитет құрылды. Алғашқы төрағасы Ғ.Әлібеков болды. Ең басты іс-шара съездер ұйымдастыру. Ә.Бөкейхановтың тікелей бастамасымен 1917 жылғы көктемде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Съезд аяқталғаннан кейін ауылдық азаматтық комитеттерді құру ісіне жетекшілік жасау үшін облыстық басқарма құрған комиссия Ә.Бөкейхановпен келісе отырып Ахмет Қадырғалиевты белгіледі. Кеңес үкіметі(наурыз-сәуір 1918 ж. және 1919 ж.- наурыз 1920) сияқты ресейлік саяси күштермен байланыстарында Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін ресми мойындатуға алдыңғы кезектегі міндет етіп қойды.Осы кезде қазақ зиялылары басқа да партиялар мен ұйымдарға бірігіп жатты. 1917 ж. қараша айында Омбыда «Үш жүз» атты социалистік партия ашылды. Сонымен қатар жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарымен (сауық кештерін қою, жазба газет шығару, т.с.) айналысқан ұйымдарды атап кетсек: Омбыда «Бірлік», Қызылжарда «Талап», Ақтөбеде «Жас тілек», Павлодарда «Ғылым», Орынборда «Еркін дала» тағы басқа. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары динамикалық түрде дамыды бірақ, империялистік құрсаудан босанған Ресейлік саяси күштердің 1918-1919 жылдардағы қызметі алғашқы кезеңде демократиялық сипатта өрбігенмен бірте-бірте әскери-саяси сипаттағы диктатураға қарай бет бұрып кетуі ұлттық аймақтардағы, соның ішінде қазақ өлкесіндегі саяси күштердің ұлттық-демократиялық бағытты дамуына жасаған қызметтерің баянды етуге кедергі болды.
105 Aral tenizinin tragediyasy Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан теңізі. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.
Арал апатына себеп болған факторлар:
жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда – 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады
Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды
