Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
322.03 Кб
Скачать

68.XIX-XX gg. Basyndagy Kazakhstandagy zhumysshylardyn zhagdaiy. Хiх-хх ғғ. Басындағы Қазақстандағы жұмысшылардың жағдайы.

Өнеркәсіп орындарының салынуы жұмысшылар санының өсуіне және ұлттық құрамының өзгеруіне әсер етті.

Қазақ жұмысшыларының негізгі шоғырланған жері – тау-кен өнеркәсібі.

ХІХ ғ.соңында – 19 мың. 1902 ж – 30мың жұмысшы.

Кейбір өндіріс орындарында қазақтар жұмыс күшінің 60-70% құрап, ауыр еңбектерге тартылды.

Әлеуметтік теңсіздікке, жалақының төмендігіне, еңбек жағдайының ауырлығына шыдамаған қазақ, орыс жұмысшылары қарсылықтар білдіре бастады. Қарсылық түрлері: 1)Шағым, арыз жазу. 2)Өндіріс орындарын тастап кету. 3)Ереуілге шығу. 4)Жұмысшылар мен өндіріс иелері арасындағы қақтығыстар. Семей облысы кәсіпшіліктерінде жұмысшылар өндіріс орындарын қаша бастады: 1)1880 ж-2,7% 2)1890ж-4,7% 3)1896ж-6,4%

Қашқан жұмысшыларды ұстаған жағдайда 3 айға абақтыға жапқан.

Алғашқы ереуіл 1849ж қазанда Көкшетау кен орнында болды.

1888ж-Өскемен уезіндегі кен өндірісінде қазақ жұмысшылары ереуілге көтеріліп, жалақыны арттыруға мүмкіндік алды.

1893,1895,1899 жылдар Батыс Сібір теміржолында, 1899ж Омбы теміржолында ереуілдер болды.

1890ж ереуілде Алтайдағы Асташево кен орнының басқарушысы өлтірілді.

Жұмысшылар қарсылықтарының әлсіз жақтары:

1)Стихиялылығы 2)Өндіріс орындарының ұсақтығы 3)Жұмысшылар санының аздығы 4)Өзара бірлік пен түсінушіліктің жетіспеуі 5)Саяси талаптардың аздығы 6)Саяси ұйымдардың жоқтығы

Жұмысшы қарсылықтарының тарихи маңызы.

1)ХХғ басында революциялық оқиғаларға алғышарт қалыптастырды.

2)Өлке жұмыскерлерінің әлеуметтік күресі біртіндеп тәжірибе жинады.

69. XIX-XX gg dasturli Kazakh sharuashylygynyn kuldyrauy. Хiх-хх ғғ. Дәстүрлі қазақ шаруашылығының құлдырауы

72.XIX g. Uigyrlar men dungenderdin Zhetisuga konys audaruy. Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.

ХІХ ғасырдың ортасында Ресей-Қытай қатынасында Қазақстан маңызды рөл атқара бастады. Бұл кезде Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай мемлекеттері арасындағы шекераларды белгілеу мәселесі пісіп жетілді. Орталық Азиядағы Қытай мен Ресей арасындағы шекераны жүргізу туралы алғашқы ресми құжат 1860 жылы 2 қарашада қабылданғаан Пекин келісімі болды.

Екі мемлекет аралығында шекаралық белгі қойылған кең көлемді аумақ су бөліністерінің негізінде қабылданды: Оңтүстік пен Шығысқа қарай ағатын өзендер мен барлық жерді Қытай елі межелеп алды, ал Солтүстік және Батыс қарай ағатын өзендер мен барлық жерді Ресей елі межелеп алады.

Бірақ Ресей мен Қытай арасындағы мемлекеттік территориялар өзара межеленіп түзетілді. Сөйтіп 1869 жылы Хобды хаттамасына, ал 1870 жылы Тарбағатай демократиялық хаттамасына қол қойылды.

Цин империясына қарсы Шыңжан ұлт-азаттық қозғалысы осы өлкенің саяси өміріндегі маңызды рөл атқарды. 1864 жылы 7 маусымда Кугар қаласында дүнгендердің көтерілісі басталып, ол бүкіл Шыңжан өлкесін қамтыды. Оған қытай емес халықтар – ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар қатысты . Шыңжанда 1865 жылы Маньчжоу билігі құтылып, онда ұйғырлар мен дүнгендердің бірнеше тәуелсіз мемлекеті құрылды.

Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісу және Солтүстік Қырғыз жерлеріне қоныстандыру 1881-1883 жылдары жүзеге асырылды. Барлығы 45 мың ұйғыр және 5 мың дүнген қоныс аударды. Олар Шарын, Шелек, Талғар өзендерінің бойына орналастырылды. Сондай-ақ Жаркент, Ақкент, Ақсу – Шарын, Малбай, Құрам және Қарасу болыстары құрылды. Ресей империясының 1897 жылы бірінші жалпы халық санағы бойынша дүнгендердің саны 14136 – ға , ұйғырлар 55999 –ға жеткен.

Соседние файлы в папке история