Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
322.03 Кб
Скачать

102.Sogystan keingi zhyldarda. Madeni shygarmashylyk ozgerister. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.

Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалпына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы қатарға қосылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді.Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады.

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды. Ұйғыр жазушысы Х.Абдуллин Гүлстан повесін жазды. К.хасанов ұйғыр драматургиясын жасауда көп еңбек етті. Ким Кван Хан бастаған корей жазушылары көзге түсе бастады.

103.Tyn jane tynaigan zherlerdi ugeru. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.

Тың игеру кезіндегі еңбекші бұқараның ерен ерлігі нәтижесінде Қазақстанда астық өндірудің көлемі артты. 1940-1950 жылдар ішінде 15 жаңа қала, 86 қала типтес поселка, 100-деген елді-мекендер пайда болды. Өзге республикадан адамдармен қосы қыруар техника келді. Жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін орасан зор жерлер жыртылып, экологиялық тепе-теңдік бұщылып, жер эрозияға ұшырады. Мал шаруашылығы шығынға ұшырап, бұл жағдай ет,сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.

Тың игеру елдегі ауыл шаруашылық өнімін өндірудегі қарқынның шұғыл төмендеуіне алып келді. Жетіжылдыққа (1959-1965) белгіленген. жалпы өнімді 70% - га өсірудің орнына 15% ғана өнім алынды.

Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері ескерілмеді. Игеріліге тиісті жер қазақтардың сан ғасырғы ата-мекені екендігі айтылмады. Мал шаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі өз кезегінде республикадағы ет-сүт енімдерінің тапшылығын туғызды. 1951-1952 жылдары республикада мал басының шығыны көп болды. Тың жерлерді игеру басқа республикалардан халықтың кешіп келуіне жәрдем жасады, ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі төмендеді, қазақ мектептерінің саны құрт азайып, ұлттық әдебиет пен мерзімдік баспасөз басылымы кеміді. Қазақ халқының әдет-ғүрпына, салт-дәстүріне, оның мәдени ескерткіштеріне «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды. Тың игеруді желеу етіп 2 млн-ға жуық орыстардың, украиндардың т.б. ұлт өкілдерінің көшіп келуі Қазақстанның солтүстік облыстарында тілдік және демографиялық проблемаларды ушықтырды. Сол жылдары Теміртауда салынып жатқан металлургия комбинаты Бүклодақтық комсомолдық екпінді құрылыс деп Жариялаған болатын. 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам, келесі жылы 170 мың адам бірнеше жылдың ішінде 300 мың адам қоныстандырылды. Оларды әлеуметтік жағынан қамтамыссыз ете алмау салдарынан тәртіпсіздікке жол берілді. Қала халқының үлесі 1939 жылғы 28%-дан 1959 жылы 44%-ға артты.

1939 дылмен салыстырғанда тұрғындардың саны 3млн 216 мың адамға өсіп, 1959 жылы 9млн 295 мыңға жетті. Аталған мерзім ішінде Одақ халқы 9,5 %-ға көбейгенде, Қазақстанда бұл көрсеткіш 52,8% болды. 1959 жылғы санақ бойынша жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2млн 787 мың, 29%-ын құрады. Халық санының, қалалар мен өндіріс орталықтарының өсуі астық қажеттігін арттырды.

1960 жылдарының басына дейін Қытайда тұратын қазақтандың 200мыңы Қазақстанға оралды.

107-билет Қазақстан қайта құру кезеңінде: алғашқы қадамдар, қиыншылықтар Қазір мәлім болғандай, КСРО мемлекетінің ұзаққа бармайтындығы туралы батыс саясаткерлерінің 80-жылдардың бас кезіндегі болжамдары расқа шықты. Өйткені, 80-жылдардың басына таман КСРО-дағы барлық республикаларда сас ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты. 1985 жылы қоғамның жаңа басшылығының елді дағдарыстан алып шығу жөніндегі қайта құру деп аталған бағыты да еллдегі жағдайды тұрақтандыра алмады. Аталған қайта құру бағыты терең терең ойластырылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді. Дегенмен, кеңес саяси жүйесіндегі реформалар ұлт республикаларында әртүрлі бұқаралық ұйымдардың құрылуына жол ашты. 1989 жылдың көктемінде «Невада–Семей» қозғалысы дүниеге келсе, 1990-1991 жылдары «Азат» азаматтық қозғалысы, «Желтоқсан» партиясы, Қазақстан социал-демократиялық партиялары құрылды. Бұл партиялар мен қозғалыстар да Қазақстанның егемендігі үшін күресті. Сөйтіп, Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. 1989 жылы мамыр-маусым айларында өткен КСРО халық депутаттарының І съезінде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір, сыни және табанды талдау жасалды. Кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеті жасалынды. Съезде барлық дәрежедегі партиялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталынды. Қоғамдық-саяси өмірдің аса маңызды мәселелері төңірегіндегі тартыс бір-біріне қарама-қарсы ұстанымдағы депутат топтарының құрылуына алып келді. Халық депутаттарының І съезінің жұмысын бастасымен-ақ аймақаралық депутаттық топтар құрылды. Депутаттарды саяси және кәсіптік мүдделері бойынша біріктірген басқа топтардың бар екендігі сезілді. Халық депутаттарының І съезінің қабылдаған шешімдердің көпшілігі жүзеге асқан жоқ. Соған қарамастан ол партия комитеттерінің билігін едәуір әлсіретті. Е. Лигачев, П. Соломенцев тәрізді КОКП және мемлекет басшыларының, тіпті, КОКП ОК Бас хатшысы М. С. Горбачевтің де қызметтері үздіксіз сынала бастады. Кеңестер, кәсіподақтар, комсомол бірте-бірте КОКП өктемділігінен арыла бастады. Демократиялық сайлау кезінде партия комитеттерінің лидерлері ірі жеңілістерге ұшырады. Бірақ сонымен қатар қоғамда, саяси қарсыластар арасында ымырасыздық, егесулер, атақ танулар күшейді. Демократиялық сенімдегі адамдар көбіне «күйе жаққыштығы», «сатылғыштығы», «екі жүзділігі» үшін айыпталды.

ҚАЙТА ҚҰРУ САЯСАТЫ – 20 ғ-дың 80-жылдарының орта тұсында пайда болған саяси-экономикалық атау. КСРО-дағы әміршілдік жүйені реформалаумақсатында жүргізілді. 1970 – 80 ж. Кеңестік саяси-экономикалық жүйе тоқырауға ұшырады. СондықтанКеңес Одағындасаяси-экономикалық реформалар жүргізу қажеттілігі пісіп жетілді. Осыған байланысты жаңа басшыМ.С. Горбачевбастаған КОКП ОК 1985 ж. сәуір пленумында саяси жүйені реформалау қажет деп санап, қайта құру саясатын енгізді. Қайта құру саясаты КСРО-да, кейін басқа да социолистік даму жолына түскен елдерде үлкен өзгерістерге жол ашты (жариялылық,саяси плюрализм, “қырғи-қабақ соғыстың” аяқталуы, т.б.). Бірақ, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе сақталған жағдайда, қоғамдық өмірді демократияландырудың мүмкін еместігін кейінгі оқиғалар көрсетіп берді. 1986 ж.АлматыдаболғанЖелтоқсан оқиғасынанкейінТбилисиде,Бакуде, Вильнюсте бірінен соң бірі баскөтерулер орын алды. 1989 – 90 ж. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (ГДР,Польша,Чехословакия,Болгария,Венгрия,Румыния, т.б.) соц. даму жолынан бас тартып, нарықтық қатынастарға көшті. Қоғам өмірінің барлық салалары дағдарысқа ұшырады. Нәтижесінде 1991 ж.Кеңес Одағытарап кетті. Қайта құру саясаты аяқталмай қалды

Соседние файлы в папке история