Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
322.03 Кб
Скачать

81. XX gasyrtyn basyndagy Kazakh erzimdi basylymdar. Хх ғасырдың басындағы қазақ ерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.Б.)

ХХ ғасырдың 20-30 жж. шыққан қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз материалдары дерек ретінде тарихшылар тарапынан тереңдетіле зерттелген жоқ. Алайда 20 ж. баспасөздің маңыздылығын А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, М.Әуезов, Т. Рысқұлов, Ш. Тоқжігітов және т.б. қазақ зиялылары газет-журналдардың бетінде айқындап берген болатын.Қазақ баспасөзін дамытуда қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қатар, әйелдер арасынан суырылып шыққан А. Оразбаева,Н. Арықова, С. Есова, М. Бегалиева сынды қазақ қыздары елеулі үлес қосты.30-40-жж. мерзімді баспасөздің маңыздылығын нақтылаған зерттеу жұмыстары болмағанмен де ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Алаш» және т.б. басылымдар ұлтшылдық пиғыл ұстанғандығын сынға ала отырып, 20-жылдардан бастап шыға бастаған басылымдардың партия саясаты мен идеологиясын насихаттаудың басты құралы екендігін ашық жазған мақалалар жариялана бастады. 20-30 жж. мерзімді баспасөз тарихын зерттеу барысы 50-жылдары ғана қолға алынды. Бұл ретте Қ. Бекхожиннің, Б. Кенжебаевтың, Т. Амандосовтың,Б. Қорқытовтың еңбектерін атауымызға болады.60-80 жж. Қазақстандағы баспасөз ісінің қалыптасу барысын зерттеу қарқын алып, оның түрлі салаларына қатысты журналист, филолог ғалымдар М.И. Фетисов, Ш. Елеукенов, Т. Қожакеев, Т. Ыдырысов, Н.Г. Богданов,З. Тұрарбеков, Б. Әбілқасымов, К. Ақтамбеков және т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін баспасөз барысына қатысты журналистика, филология, тарих ғылымдарынан бірнеше диссертациялық жұмыстар қорғалып, қазақ баспасөзінің даму жолдарын саралауға арналған мақалалар жарияланып, кітаптар жарық көрді. Бұл ретте С. Қозыбаев, Ж. Бекболатов, Т. Қожакеев, Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабайұлы, Ф. Оразай, Қ. Атабаев, Л. Нұрғалиева, Д. Махат және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерін атауымызға болады.

90. XX g. 10-30 zh. Kazakhstandagy madeni zhanarular. Хх ғ. 20-30 ж. Қазақстандағы мәдени жаңарулар.

82.I duniezhuzilik jane Kazakhstan. 1916 zhylgy ult-azattyk kozgalys. I дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Бірінші дүние жүзілік соғыс.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):

Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).

Антанта (Англия, Франция, Россия).

Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

Соғыстың себептері:

Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.

Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.

Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.

Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

Көтерілістің негізгі себептері:

1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);

2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;

3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;

4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;

5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;

6. Орыстандыру саясаты.

Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.

Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:

1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.

2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.

3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

Жетісудағы көтеріліс.

1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.

Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:

1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.

2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады.

3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.

Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.

Торғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:

1. Көтеріліс бытыраңқы болды.

2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.

3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.

4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.

5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады.

6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.

7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

Syrym Datov bastagan kishi zhuzdegi ult-azattyk kozgalys. 1783-1797 ж.ж Сырым Датов бастаған кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс

Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. 1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізп,Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды.1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады.1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылды. Сырым он екі ата бай ұлының аға старшыны болды.Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды.1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұтта халықты қажытты.1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді.1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Жазалау сәтсіз аяқталды.Есім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі - Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор ген-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді.Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.

Isatai Taimanov jane Makhambet Otemisov bastagan Kishi zhuzegi kazakhstardyn ult-azattyk koterilisi. 1836-1838 жж. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған Кіші жүздегі қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. сқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды.Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады.Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастапан әскер күші көмекке келді. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді.Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. өлтірді.

Соседние файлы в папке история