- •105 Aral tenizinin tragediyasy Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •21.Batys Turik kaganaty Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.).
- •22.Batys Turik kaganaty Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •58. Bokei Ordasynyn kuryluy. Zhangir khannyn Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңғір ханның мемлекеттік-қоғамдық қызметі
- •14.Gundardyn askeri uiymy jane sogys oneri Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері.
- •15.Gun taipalarynyn koshui jane bagyttary Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары. Европадағы ғұндар.
- •20.Kone nurki zhazuy jane zhazba eskertkishteri(Kultegin, Tonykok, Bilge kagan) Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •41.Koshpeli ozbek memleketi. Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
- •1.Kazakhstan tarihy gylym jane pan retinde .Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде (пәннің мақсаты, деректемесі).
- •2.Kazakhstandagy paleolit kezeninin zerttelui.Tas dauiri. Қазақстандағы палеолит кезеңінің зерттелуі. Тас дәуіріндегі еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •38.Kaz. Territoriyasyndagy Mongol ulystary. Ak Orda. Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы.
- •42.Kazakh halkynyn kalyptasuy. Kerei men Zhanibek. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек .
- •43.Kazakh handygynyn territoriyasynyn keneiui jane memleket retinde ornyguy. Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.
- •50.Kazakhtardyn mat. Jane ruhani madenieti. Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. Материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).
- •70.Kazakhstanda reseilik kamaldardyn salynuy. Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.
- •100.Uly Otan sogysyyn maidandarynda. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •102.Sogystan keingi zhyldarda. Madeni shygarmashylyk ozgerister. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.
- •103.Tyn jane tynaigan zherlerdi ugeru. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •110-Билет KazKsr-din memlekettik egemendik turaly deklaraciyasy. ҚазКср-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.
- •113-Koppartiyalyktyn kalyptasuy. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
- •115-Билет Respublikanyn memlekettik ramizderi. Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- •116-Билет Ultaralyk katynas. Halyktarynyn assambleyasy. Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •121.Kazirgi kogamnyn damu barysyndagy memleketimizdin zhastar turaly sayasaty. Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •122.Ulttyk kuramy. Ұлттық құрамы
- •129.Nazarbayev. Ultkoshbasshysy. Н.Ә. НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы
- •130. “Bolashakty birge kuraiyk!”. Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «болашақты бірге құрайық !»Қазақстан халқына үндеуі
- •106.Konaev, memleket jane kogamdyk-sayasi kairatker. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •31.Naiman, Kerei jane Zhalaiyr ulystary. Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •129 Nazarbayev – ultkoshbasshy. .Н.Ә. НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы
- •25.Ogyz jane kimak memleketteri. Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •7.Saktardyn sayasi tarihy. Evraziya. Сақтардың саяси тарихы. Еразия тарихындағы сақтар
- •9. Saktardyn materialdyk jane ruhani madenieti. Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •10.Saktar turaly zhazbasha derekter. Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •101.Sogys zhyldaryndagy ultaralyk katynas. Zhekelegen halyktardy Kaz-ga depertaciyalau. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.
- •120. Sayasi partiyalar men kogamdyk kozgalystardyn kazirgi kogamnyn damuyndagy roli. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы рөлі
- •18.Turik kaganatynyn sayasi kurylysy men aleumettik-etnikalyk kurylymy jane ekonomikasy. Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.
- •19. Turikterdin materiyaldyk jane ruhani madenieti. Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті.
- •36.Tanirshildik Islam dininin Kazakhstan territoriyasynda taraluy. Таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •33.Uly Zhibek zholy jane saudanyn kalalyk madeniettin damuy. Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •34. Uly Kazakhstandagy ortagasyrlyk kalalar jane olardyn ekonomikalyk-aleumettik omirindegi roli. Ұлы Қазақстандағы ортағасырлық қалалар және олардың экономикалық- әлеуметтік өміріндегі ролі.
- •64.Uly zhuzdi zhaulap alu. Reseige kosylu procesinin ayaktaluy. Ұлы жүзді жаулап алу. Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуы.
- •94.Uzhymdastyruga karsy bagyttalgan sharualar koterilisteri. Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери
- •127 Ulttyk birlik turaly Doktrina. Ұлттық бірлік туралы Доктрина
- •26.10.2009 / 10:58
- •76. Ualikhanov – galym, agartushy jane onyn gulymi muralary. Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •71.Patsha okimetinin agrarlyk reformasy. Stolypinnin agrarlyk reformasy. Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы
- •131 Kazakhstan 2030 Қазақстан 2030
- •47.XVI – XVII gg. Kazakh kogamynyn aleumettik-sayasi kurylymy. XVI – XVII ғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару жүйесі.
- •51.XVI-XVIII gg. Kazakh handygynyn Orta Aziya handyktarymen karym-katynasy. XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығының Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы.
- •52.Orys karym-katynasy. XVI-XVIII ғғ. Қазақ орыс қарым-қатынасы.
- •66.Orys sharualaryn zhappai konys audaru sayasaty: хiх ғ. Аяғы мен хх ғ. Басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері
- •67. Onerkasibinin paida boluy jane damuy. Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.
- •68.XIX-XX gg. Basyndagy Kazakhstandagy zhumysshylardyn zhagdaiy. Хiх-хх ғғ. Басындағы Қазақстандағы жұмысшылардың жағдайы.
- •69. XIX-XX gg dasturli Kazakh sharuashylygynyn kuldyrauy. Хiх-хх ғғ. Дәстүрлі қазақ шаруашылығының құлдырауы
- •72.XIX g. Uigyrlar men dungenderdin Zhetisuga konys audaruy. Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
- •73. XIX g. Birinshi zhartysy XX g. Bas. Agartu isi. Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.
- •74.XIX g. Zhartysy XX g. Kazakh adebietinin damu. Xiх ғ. Жартысы хх ғ. Басындағы қазақ әдебиетінің даму (а. Құнанбаев, ш. Құдайбердіұлы, м. Дулатов, с. Торайғұров т.Б.).
- •81. XX gasyrtyn basyndagy Kazakh erzimdi basylymdar. Хх ғасырдың басындағы қазақ ерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.Б.)
- •90. XX g. 10-30 zh. Kazakhstandagy madeni zhanarular. Хх ғ. 20-30 ж. Қазақстандағы мәдени жаңарулар.
- •82.I duniezhuzilik jane Kazakhstan. 1916 zhylgy ult-azattyk kozgalys. I дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •84. Kazan tonkerisi jane Kazakhstanda Kenes okimetinin ornauy. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •118. Astanasyn koshirudin tarihy men bolashagy. Хх ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы
116-Билет Ultaralyk katynas. Halyktarynyn assambleyasy. Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі – Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейдегі танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.
Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастырыу қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес.
Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әркелкілене (әр түрлі бола түсуде) түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалданрылуының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен некенің санының артуының нәтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске әкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр.
Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген хылықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, қоғамдағы демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың өзінің жеке мүдделерімен қатар жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет.
Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.
Қазіргі Қазақстан – бұл бұрынғыдан өзге, жаңа саяси-басқару және әлеуметтік-экономикалық құрылымы қалыптасқан, дүниежүзі мойындаған тәуелсіз мемлекет. Мұнда жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінде бостандықты, еркіндікті, өзара келісімді қоятын көптеген ұлт өкілдері бейбіт және тату-тәтті өмір сүруде. Аса жоғарғы руханият пен ой-өріс жоғарылығы үйлесім тапқан қазақстандықтардың күш-қайраты қоғам өмірін батыл да түбегейлі қайта құруда шешулі фактор болып табылады.
Тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстан үшін сол тәуелсіздік пен егемендіктің, бостандық пен еріктіліктің негіздерін қалай отырып, оны одан әрі сақтап қалу – өмірлік маңызды мәселе болып саналады.
Әрине, қазір басқа да елдердегідей, бізідің қоғамымыз да өзінің тарихи дамуындағы ауыртпалықты кезеңнің бірін басынан өткеріп отыр. Бұл жағдай дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағларыстың салдарымен байланысты екендігін әрбір саналы ел азаматы түсінеді. Бүкіл қағамды шарпыған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс еліміздегі жұмыссыздық мәселесін одан әрі шиеленістіріп, жұмыспен қайту өзекті мәселеге айналып барады. Сондықтан, жұмыссыздыққа тап болған адамдар нәсіліне, ұлтына, діни наным-сеніміне қарамастан мемлекеттің тарапынан әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға құқығы бар. Яғни, ұлтына, шығу тегіне қарамастан адамдарды әлеуметтік қорғау ұлт саясатындағы өзекті проблеманың бірі болып табылады. Себебі, қоғамдағы ұлттық қаныстарға теріс ықпалын тигізетін фокторлардың бірі – осы жұмыссыздық. Бұл тұрғыдан алғанда елімізде біліктілікті арттыру, қажеттілікке сай кадрларды қайта даярлау сияқты бірқатар шаралар жасалынып жатқаны анық.
Қазақстанды мекендейтін әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар ұлттық-мемлекеттік құрылысқа қатысуына қарай және өздерінің мәдени даму қарқынын айқындайтын ерекше жағдайларға қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Соған сәйкес мемлекетіміздің негізігі міндеті – барлық ұлттар мен этникалық топтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғау үшін тиімді жолдары қолдану. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан қоғамының тұтастығы мен тұрақтылығын сақтаудың бірден-бір жолы – бұл барлық қазақстандықтардың саяси санасын жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптастыру мен жетілдіру болып табылады.
Дағдарысты қоғамның қиыншылықтарына қарамастан Қазақстандағы ұлтаралық қаныстар мен саясаты тұрақты қарқынмен дамуда. Әрбір ұлт, әрбір этнос қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін осындай сәттерден таныта білу керек.
Әлемдегі қазіргі кездегі демократиялық көпұлтты мемлекеттердің жамуына зер салып қарасақ, онда олапрдың барлығының қоғамдағы ұлты әр түрлі адамдардың бірлесіп өмір дің әр түрлі салаларындағы демократиялық тетіктерді нығайту мен полиэтникалылықтың сақталуының және ұдайы өндірілуінің арасындағы қарама –қайшылықтарды үнемі шешіп отырудың шешіп отырудың қиын жолдарынан өткендігін байқаймыз. Дүниежүзінің тарихи тәжірибесінің көрсетіп отырғандай, ұлт саясатының қандай кезеңде, қандай жағдайда болмасын мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды проблеманың және болып қала бермек. Сондықтан елімізде іске асырылып отырған ұлт саясаты ұлттық өмірде бейіт жолмен реттеудің және дамытудың маңызды фокторы болып табылады. Бұл бағыттағы Қазақстанның тәжірибесі, атқарып жатқан іс-шаралары әлемнің көптеген елдерінде болып өткен конференцияларда халықаралық сарапшыла тарапынан жоғары бағалауға ие болып отыр.
Жалпы алғанда, біздің елеміздегі ұлт саясаты төмендегідей принциптерге сүйенеді: адам құқықтары мен ұлт құқықтарының мен ұлт құқықтарының парасаты түрде үйлесім табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтар арасындағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен ынтымастық қатынастары, өзара көмек пен бірін-бірі қолдау; қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы; ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлестірілуі; конструтивті ұлттық-ерекшелікті мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуының теңдігі мен теңестіріуі. Барлық ұлттар мен халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр олардың ортақ мұраттар мен құндылықтарлдың қалыптасуына да себепші болады.
Біздің еліміздің жүргізіп отырға ұлт саясаты өзінің бағыт-бағдары бойынша демократиялық және келісімшілідік, прогрессивті және жасампаздық сипатымен ерекшеленіп келеді. Сондықтан, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде орын отырған қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде де маңызды роль атқарған факторлардың бірі бола алады деп ойлаймыз. Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым дәне дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымастық пен бірлік. Дүниежүзілік озық технология мен интеллектіге сүйенген саяси-экономикалық және әлеуметтік құрылыс қазақ халөымен бірге барлық қазақстандық халықты өркениетті өмірге әкелетіндігі сөзсіз.
Халықтар Ассамблеясы
Kazakhstan halky Assambleyasy. Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президентіжанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында1995ж.наурыздың 1құрылған.
ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.
Ассамблея:
мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;
Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.
Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.
ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев1992ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.
ҚХА 2003ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХАҚазақстандаөмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытындаҚазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.
Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтаржұмыс істейді.Әзірбайжан,айсор,юнан,ингуш,неміс,шешен,поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар. ҚХАЕуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымыныңқұрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды.
2007ж.Конституцияғаеңгізілген түзетулер бойынша ҚР ПарламентМәжілісінеҚХА 9 депутат сайлайды.
119 Ulttyk valutasy. Tenge. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.
1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.
1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.
Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.
Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.
Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар компанияларға ішінара және толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады.
Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр.
