Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
322.03 Кб
Скачать

84. Kazan tonkerisi jane Kazakhstanda Kenes okimetinin ornauy. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

Петроградтағы Қазан төңкерісі.

1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.

Оның себептері:

1) Монархияның ауыр мұрасы

2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.

3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.

2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.

1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.

1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.

Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.

108-билет Zheltoksan okigasy. 1986 жыл алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Қазіргі көзқарас. 1986жылдың желтоқсанында жастар бұлқынысының басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспай, Ресейдің Ульянов облысы партия комитетінің 1-хатшысы Геннадий Колбинді Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Сондай-ақ Қазақстандағы барлық билікті уысынан жібермей ұстаған шовинистік жүйе, күшпен орыстандыру саясаты, интернационалистік у-шу тасасында ұлттық тіл мен мәдениетті жою әрекеті, ауру мен балалар өлімінің көбеюі, теңсіздік, саяси бостандықпен санаспау, ұлттық намыс пен ар-ұжданды табан асты ету, жергілікті халықтың қайыршы жағдайда өмір кешуі.Сол күні Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін олардың саны әлденеше мыңға жетті. Ереуілге шыққан жастардың қолдарында «Өзімізді-өзіміз билеуді талап етеміз!», «Әр халыққа ─ өз көсемі!», «1937 жыл қайталанбауы керек!», «Ұлы державалық ессіздік дереу тоқтатылсын!» деген ұрандар, транспоранттар болды. Бірақ алаңға жиналғандардың қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, «бұзақыларды» күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО Ішкі істер министрлігінің №0385 бұйрығы негізінде дайындалған "Құйын- 86" операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. Желтоқсанның 18-і күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Жастардың қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер желтоқсанның 19-ы күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, жаншып таратты. Алаңдағы көтерілісшілер күшпен таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2 мың 401 адам жеткізілді. (Алматы түрмелеріне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталды).Желтоқсанның 19-23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілері республиканың Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне Кеңес одағы коммунистік партиясы Орталық комитетінің қаулысымен "қазақ ұлтшылдығының көрінісі" деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. . Көтерісшілер қатаң жазаланды. Көпшілігінің өміріне де, көңіліне де жазылмас жара түсті. Ләззат, Сәбира, Қайраттай гүлдеріміз ерте солды. Олар желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпынған, шындық жырын жырлаған, халқымыздың жас өркені еді. Міне осылайша, бұл демократия жолындағы алғашқы қозғалыс әділетсіз түрде басып-жаншылған азаттықтың бейбіт шеруі болды. Тіпті, бұрын қызыл империяның құрамында болып, қазір егемендік туын желбіретіп отырған мемлекеттердің барлығы дерлік белгілі бір деңгейде осы желтоқсан көтерілісіне қарыздар. Шын мәнісінде халықтық сипат алған аталмыш жастар қозғалысының тәуелсіз еліміз үшін маңызы зор болғандығы ақиқат. Желтоқсан пәлен жылдар бойына мызғымас қамал саналып келген Кеңестік империяның іргесін мүжіп, көбесін күйретіп, ақыры жер бетінен жойылып тынуына ұрындырған пәрменді соққы болып тиді.Егемен еліміздің тарихында айрықша орын алатын осы оқиғаға - орталықтың отарлау саясатына жастардың наразылығын танытқан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: « 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді»-деп дәл бағалады.Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған „колбинизм заманының” өзінде-ақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, баспасөз бетінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын-жазушыларының есімін бүгінде бүкіл әлем таниды.1986 жылғы желтоқсанның 31-і күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинмен жазушылар одағында болған кездесуде Жұбан Молдағалиев: «Мен – қазақпын, өз халқымды мақтан етемін!» деп , жастарды жазықсыз жазалаған өкімет адамдары екенін ашық түрде беттеріне айта келіп, «Мен сондай ұят оқиға және оның артынша не болғанын естігенде, жасырып қайтейін, осы күнге дейін өмір сүргеніме өкіндім» - деді. Міне, үлкен мінбеден қазақ жастарын жақтап сөйлеген азаматтың Ақ Жайықтың перзенті болғанын бүгінде біз мақтан тұтамыз.

Шынында 86-ның Желтоқсаны қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айырықша ықпал етті, қазақтың өзін-өзі тануын, ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті.

Бұл күн ─ жалынды жастарымыздың тәуелсіздік көксеген рухы алаулаған күн! Бұл күн ─ азаттық үшін алысып, намыс үшін шабысып, басты бәйгеге тіккен күн! Сондықтан да, бұл күн ешқашанда ұмытылмақ емес, қандай жағдайда да болсын, атаусыз қалмақ емес. Олай болса, жарқын болашақтың беташары болған Желтоқсан еліміз бен жеріміз үшін, қабырғалы халқымыз үшін, ұлтымыз бен ұлысымыз үшін маңызы зор тарихи белес.

117-билет Konstituciyasy: sipaty, nysany. 1995 ж. Қазақстан рес. Конституциясы: сипаты, нысаны.1995 жылғы Конституцияның тарихи маңызы:-Егемеді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демократиялық құндылықтары көрініс тапқан.- республиканың одан әрі даму кезеңіне арналған тарихи құжатҚазақстан Республикасының Конституциясы:

  • 1 бөлімі, Жалпы ережелер

  • 2 бөлімі, Адам және азамат

  • 3 бөлімі, Президент

  • 4 бөлімі, Парламент

  • 5 бөлімі, Үкімет

  • 6 бөлімі, Конституциялық кеңес

  • 7 бөлімі, Соттар және сот төрелігі

  • 8 бөлімі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

  • 9 бөлімі, Қорытынды және өтпелі ережелер

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

1-бап

  1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.

  2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Соседние файлы в папке история