- •105 Aral tenizinin tragediyasy Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •21.Batys Turik kaganaty Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.).
- •22.Batys Turik kaganaty Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •58. Bokei Ordasynyn kuryluy. Zhangir khannyn Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңғір ханның мемлекеттік-қоғамдық қызметі
- •14.Gundardyn askeri uiymy jane sogys oneri Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері.
- •15.Gun taipalarynyn koshui jane bagyttary Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары. Европадағы ғұндар.
- •20.Kone nurki zhazuy jane zhazba eskertkishteri(Kultegin, Tonykok, Bilge kagan) Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •41.Koshpeli ozbek memleketi. Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
- •1.Kazakhstan tarihy gylym jane pan retinde .Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде (пәннің мақсаты, деректемесі).
- •2.Kazakhstandagy paleolit kezeninin zerttelui.Tas dauiri. Қазақстандағы палеолит кезеңінің зерттелуі. Тас дәуіріндегі еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •38.Kaz. Territoriyasyndagy Mongol ulystary. Ak Orda. Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы.
- •42.Kazakh halkynyn kalyptasuy. Kerei men Zhanibek. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек .
- •43.Kazakh handygynyn territoriyasynyn keneiui jane memleket retinde ornyguy. Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.
- •50.Kazakhtardyn mat. Jane ruhani madenieti. Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. Материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).
- •70.Kazakhstanda reseilik kamaldardyn salynuy. Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.
- •100.Uly Otan sogysyyn maidandarynda. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •102.Sogystan keingi zhyldarda. Madeni shygarmashylyk ozgerister. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.
- •103.Tyn jane tynaigan zherlerdi ugeru. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •110-Билет KazKsr-din memlekettik egemendik turaly deklaraciyasy. ҚазКср-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.
- •113-Koppartiyalyktyn kalyptasuy. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
- •115-Билет Respublikanyn memlekettik ramizderi. Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- •116-Билет Ultaralyk katynas. Halyktarynyn assambleyasy. Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •121.Kazirgi kogamnyn damu barysyndagy memleketimizdin zhastar turaly sayasaty. Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •122.Ulttyk kuramy. Ұлттық құрамы
- •129.Nazarbayev. Ultkoshbasshysy. Н.Ә. НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы
- •130. “Bolashakty birge kuraiyk!”. Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «болашақты бірге құрайық !»Қазақстан халқына үндеуі
- •106.Konaev, memleket jane kogamdyk-sayasi kairatker. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •31.Naiman, Kerei jane Zhalaiyr ulystary. Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •129 Nazarbayev – ultkoshbasshy. .Н.Ә. НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы
- •25.Ogyz jane kimak memleketteri. Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •7.Saktardyn sayasi tarihy. Evraziya. Сақтардың саяси тарихы. Еразия тарихындағы сақтар
- •9. Saktardyn materialdyk jane ruhani madenieti. Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •10.Saktar turaly zhazbasha derekter. Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •101.Sogys zhyldaryndagy ultaralyk katynas. Zhekelegen halyktardy Kaz-ga depertaciyalau. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.
- •120. Sayasi partiyalar men kogamdyk kozgalystardyn kazirgi kogamnyn damuyndagy roli. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы рөлі
- •18.Turik kaganatynyn sayasi kurylysy men aleumettik-etnikalyk kurylymy jane ekonomikasy. Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.
- •19. Turikterdin materiyaldyk jane ruhani madenieti. Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті.
- •36.Tanirshildik Islam dininin Kazakhstan territoriyasynda taraluy. Таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •33.Uly Zhibek zholy jane saudanyn kalalyk madeniettin damuy. Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •34. Uly Kazakhstandagy ortagasyrlyk kalalar jane olardyn ekonomikalyk-aleumettik omirindegi roli. Ұлы Қазақстандағы ортағасырлық қалалар және олардың экономикалық- әлеуметтік өміріндегі ролі.
- •64.Uly zhuzdi zhaulap alu. Reseige kosylu procesinin ayaktaluy. Ұлы жүзді жаулап алу. Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуы.
- •94.Uzhymdastyruga karsy bagyttalgan sharualar koterilisteri. Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери
- •127 Ulttyk birlik turaly Doktrina. Ұлттық бірлік туралы Доктрина
- •26.10.2009 / 10:58
- •76. Ualikhanov – galym, agartushy jane onyn gulymi muralary. Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •71.Patsha okimetinin agrarlyk reformasy. Stolypinnin agrarlyk reformasy. Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы
- •131 Kazakhstan 2030 Қазақстан 2030
- •47.XVI – XVII gg. Kazakh kogamynyn aleumettik-sayasi kurylymy. XVI – XVII ғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару жүйесі.
- •51.XVI-XVIII gg. Kazakh handygynyn Orta Aziya handyktarymen karym-katynasy. XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығының Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы.
- •52.Orys karym-katynasy. XVI-XVIII ғғ. Қазақ орыс қарым-қатынасы.
- •66.Orys sharualaryn zhappai konys audaru sayasaty: хiх ғ. Аяғы мен хх ғ. Басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері
- •67. Onerkasibinin paida boluy jane damuy. Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.
- •68.XIX-XX gg. Basyndagy Kazakhstandagy zhumysshylardyn zhagdaiy. Хiх-хх ғғ. Басындағы Қазақстандағы жұмысшылардың жағдайы.
- •69. XIX-XX gg dasturli Kazakh sharuashylygynyn kuldyrauy. Хiх-хх ғғ. Дәстүрлі қазақ шаруашылығының құлдырауы
- •72.XIX g. Uigyrlar men dungenderdin Zhetisuga konys audaruy. Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
- •73. XIX g. Birinshi zhartysy XX g. Bas. Agartu isi. Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.
- •74.XIX g. Zhartysy XX g. Kazakh adebietinin damu. Xiх ғ. Жартысы хх ғ. Басындағы қазақ әдебиетінің даму (а. Құнанбаев, ш. Құдайбердіұлы, м. Дулатов, с. Торайғұров т.Б.).
- •81. XX gasyrtyn basyndagy Kazakh erzimdi basylymdar. Хх ғасырдың басындағы қазақ ерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.Б.)
- •90. XX g. 10-30 zh. Kazakhstandagy madeni zhanarular. Хх ғ. 20-30 ж. Қазақстандағы мәдени жаңарулар.
- •82.I duniezhuzilik jane Kazakhstan. 1916 zhylgy ult-azattyk kozgalys. I дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •84. Kazan tonkerisi jane Kazakhstanda Kenes okimetinin ornauy. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •118. Astanasyn koshirudin tarihy men bolashagy. Хх ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы
14.Gundardyn askeri uiymy jane sogys oneri Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері.
Алға жетелейтін арманың болсын. Биікке ұмытылмайтын, асқақ армансыз жауынгерді қанша қабілеті болса да басшылыққа қоймағын. Ішкі ерік күшің берік болсын. Басшылықтың қай сатысында болсын, ел серкесі қиындықтың алдында тізе бүгуге, сенімін жоғалтуға болмайды. Алысты болжап, ауыр жүкті тастамай көтеріп алып шығуға қабілетті болсын. Оған деннің саулығы, білектің қара күшінен бұрын ішкі жан дүниенің қуаттылығы маңызды. Басшы біреуге ұнау емес, мойындалуы тиіс және өзгенің жайын жақсы түсінетін, терең сезінетін болуы керек. Жат жұрттың мәдениетін, сенім нанымын, салт дәстүрін сезініп, түсінетін, бағалайтын адамгершіліктің болғаны абзал.
Әр басшы шешімшіл (решительный) болғаны бек жақсы. Қашан қозғалуды, қашан бөгелуді, ахуалдың барлық қырларын сезе отырып тез әрі дұрыс шешімді дер кезінде қабылдай білу. Күмәнданып, өзіне сенбей істі кейінге қалдыру артынан ергендерді адастырады және жауға жем етеді. Келешекті болжай білудің орны ерекше. Қолбасшы байқағыш әрі түйсікшіл сезімталдығымен әрекеттің жемісі мен салдарын алдын ала болжай білуі шарт.
Уақыттың құнын білу басшы үшін ат басындай алтынмен тең. Шешім кешікпей, озбай дәл мерзімінде қабылдануы керек. Бәсекелесу қабілет мығым болсын. Басшының ішкі арман мүддесі жеңуге ғана бағытталады. Үнемі жеңіске жету мүмкін болмаса да сын сағатта жеңуді талап еткін. Басшының өзіне деген сенімі зор болғай. Көшбасшы парызын, міндетін орындағанда өзіне сенімі аз болса кейінгілерге оның әлсіздігі дереу байқалады. Басшы өзінің де, қол астындағы жандардың іс әрекетін кім болса да түсіндіре алатын болуы тиіс. Әрдайым қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтергін. Сөзің мен ісің досқа да, дұшпанға да сенім ұялатсын. Сенімсіз басшыда ықпал болмайды. Мақсатқа жететін күш пен тұрлаулы табандылық болсын. Сақты сындыруға, алданып арбалуға бой ұрмағын.
15.Gun taipalarynyn koshui jane bagyttary Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары. Европадағы ғұндар.
Ғұндар – ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі. Қазақстан жеріне Оралық Азиядан б.з.б І ғасырдың соңы мен б.з І ғасырында келген. Осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де, «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» болды. Ғұндардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай жазба деректерінен де ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады. Бес ғасырға жуық уақыт(б.з.б. 204жылы-б.з 216жылы) ғұндар кең далаға билік жүргізді. Қытайлық ежелгі деректерде олардың «хунну» деген атты Орхон өзеніне байланысты алғанын жазады. Ал еуропалық жылнамашылар бұл атты сәл өзгертіп «гуни» деп атаған.Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай Жылнамалар ында мол сақталған.
16. Gundardyn materiyaldyk jane ruhani madenieti Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.
Ғұндар негізінен киіз үйлерде тұрды. Жүннен жасалған текемет,кілемдерді төсеніш етті. Ағаштан төсек және үй қажетіне керек заттаррды жасаған. Ғұндар өздері қолмен жасаған заттарын қадірлеп ұстайтын болған. Киіз үйдің төрінде қамшы, ағаштан жасаған қынабы бар семсер, садақ жебелерін салған оқшантай т.б ілулі тұрған. Ат әбзелдерін өрнектері бар темірлермен әшекейлеген. Ал алтын, күміс сияқты бағалы заттардан көбінесе әшекей бұйымдарын жасаған. Байлары қола және күміс қаптырмалармен әшекейленген кемер белдік буынған. Ғұн әйелдері құлағына жарты ай тәрізді әдемі әр түрлі тастарме әшекейленген сырға, саусақтарына алтын жүзік, шашына алтын, күмістен жасалған шаш түйреуіштер таққан.Ғұндар мал терісінен суықта киетін сыртқы киімдер, аяқ киімдер , бас киімдер тігіп киген. Сонымен қатар , қолданатын ыдыстарына ағашты, теріні, қышты пайдаланған. Сүт , қымыз, айран, қаймақ тағы басқа сұйық құятын ыдыстарды, негізінен қыштанғ ағаштан жасаған. Ал үйдің ішінде орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Ғұндар ошақты өте қадірлеген.Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан,арда сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
3.Ezhelgi ru taipalyk kurylystyn ydyrauy. Ежелгі ру тайпалық құрылыстың ыдырауы. Қазақстан территориясындағы тас дәуіріндегі қоғамдық қатынастың эволюциясы
48.”Zheti zhargy” «Жеті жарғы» - XVI – XVII ғғ. қазақ қоғамының құқықтық негізі. «Жеті жарғы»Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. XVII ғасырдағы кейбір хан, сұлтандардың өз иеліктеріндегі ұлыстарды жеке-дара билеуге ұмтылушылығы Қазақ хандығының ыдырау қаупін тудыруына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдар мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығы қабылданды. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары XX ғ. басына дейін қолданылып келді. Жеті жарғы қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.«Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Яғни қарапайым ер адамның құны 1000 қой немесе 100 түйе, я болмаса 200 жылқы болса, сұлтан мен қожаның құны одан жеті есе көп;«Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». Сонымен қатар, қоғамдағы тұрмыстық және адамгершілік қатынастарды құқықтық тұрғыдан жетілдіре түскен. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек ат-тон айып тартады»«Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе деерікті, сұраусыз болады». «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қолтигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдыру керек»«Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі»«Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді». Осы соңғы өзгерістермен қатар жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдет-ғұрып заңдары Жеті жарғыда көрініс тапты.
104.Zheke baska tabynushylyktyn zardaptaryn zhoudyn algashky natizheleri. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және ХХ ғ. соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
КОКП Орталық Комитеті жеке адамға табынушылық пен оның зардаптарын жою жөнінде соңғы уақытқа дейін партияның жүргізген жұмысы қазірдің өзінде-ақ жақсы нәтижемен берді деп санайды. Партияның XX съезінің шешімдеріне сүйене отырып, КОКП Орталық Комитеті барлық партия ұйымдарын мынаған шақырған.
1.тарихтың жасаушысы, адамзаттың барлық материалдық, рухани байлықтарын жасаушы болып табылатын халық туралы марксизм-ленинизм ілімінің қағидасы жұмысымызда сақталсын;
2.партияның нормасын сақтау, сынмен өзара сынды өрістеу жөнінде соңғы жылдары партияның Орталық комитеті жүргізіп отырған жұмыс қажырлықпен онан сайын әрі жүргізілген.
3.Кенес Одақтық Конституцияда жазылған социалистік демократизмнің принциптерін толығымен қалпына келтірілді.
4.6-5 жылдық жоспардың міндеттерін практикада жүзеге асыру жолындағы күреске кадрларымыз, коммунистер, еңбекші бұқара жұмылдырылсын делінген.
6. Keingi kola dauirinin madenieti (Begazy Dandibai) Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-XIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңын- дағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жаріне қарай аталған. ДәндібаБеғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3, кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.Беғазы мәдениеті дәуірінде дерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер екен. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болады. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді.
Kenesary Kasymuly bastagan kazak halkynyn ult Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі
1838 ж. Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналды. Оны қолдағандар арасында орта жүз бен кіші жүз рулары - қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас арғын т.б. Сондай -ақ қарақалпақ, қырғыз, өзбек түрікмен өкілдері де болды.Кенесары қарсыластары Ақмола округының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмед пен Мұхамед Жантөриндер, сұлтан Баймағанбет Айшуақов болды. Өзінің туыстары Әли мен Сүйікте қарсы болды.1838 ж. көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскеріне қарсы жоспарлы күрсе жүргізді. Ақмола қаласын қиратты. Қоңырқұлжа аулын шапты. 1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, бай-шожарларға күрес бастады. Оның атағы жайылды. 1841 ж. қыркүйекте Кене үш жүзден адам жинап әкесіне ас берді. Осы астан кейін оны халық хан етіп сайлады.Кенесары ел билеу тәртібін өзгертті. Алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық, керуен салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілгендер кірді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Кенесары орыс үкіметімен тату көршілік жасауға тырысты. Алайда Батыс Сібір губернаторы Горчаков Кенесарыны менсінбеді. 1841-42 жж. Кенесары жасақтары Қоқандықтарға қарсы соғыс жүргізді. Созақ, Сауранды алды. Қоқандықтар Кенесарымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Бұхар әмірі, хиуа хандығы Кенесарымен оң қатынаста болды. 1843 ж. Орынбор ген-губернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Ол Горчаковпен бірге Кенені қуғындауға кірісті. Кенеге қарсы орыс соғысы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзені бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары патша үкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып соғысты болдырмады. Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және Бизянов бастапан бес мың әскер де жіберілді. 1-7 қыркүйекте екі жақ арасында соғыс жүрді. Екі жақта жеңе алмады. Күз түсе патша әскері Ор бекінсіне қайта оралды.1844-45 жж. көтеріліс өрледі. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. 1844 ж.жазында Кене жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін, Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерінің үш тобы шықты.Негізгі күшпен Константиновск (Ақмола) бекінісін шауып, Жантөрин әскерін қоршайды. Ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары әскері 1844 жылы 14 тамызда Екатеринск (Атбасар) бекінісін тіке шабуылмен басып алды. Кенесары жасақтары Мұғалжар тауына барып бекінеді. 1844 ж. Кенесары табысы оның даңқын асырды. Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша үкіметі Долгов бастапан бір топ адам жіберді. Кенесары оларды екі ай ұстап, Орынбор генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып жіберді. Ол хатында патша бекініс-қамалдарды бұзып, зорлықты тоқтатса, Ресейге бодан болуға әзірлігін білдірді. 1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып,Қоқан хандығына шабуыл жасауды , сөйтіп олардың қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді.1845 ж. қазан-қараша айларында Кенесары әскері Қоқан хандығына жорыққа аттанды Ақмешітті қоршайды. Бірақ жұқпалы ауру шығуға байланысты кері қайтады.1846 ж. жазда Кене мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуды талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар құрылтайын шақырды. Бірақ қазақ ханының бұйрығын орындаудан бас тартқаннан1847 ж. сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерде қамауға түсті. Оны қамаған қырғыздар, генерал Вишневский жасағы, Қоқан хандығы әскері болды. Жау тобын бұзып өткен Наурызбай тобы болды. Бірақ аз адамымен Кенесарының қолға түскеін естіген соң, жауға өз еркімен берілді. Жау екі батырдың да басын шапты.
