Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
322.03 Кб
Скачать

122.Ulttyk kuramy. Ұлттық құрамы

Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 11008,0 мың адамды, орыстар — 2962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5 мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады.

2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және алмандар — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды. 2009 халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең.

Dini. Діні

Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда), 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, ҚР зайырлы мемлекет.

діни ағым

Din jane memleket katynastary. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫНАСТАРЫ

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді. Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық:

1. Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал

Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага Ханның (1936- ) елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт-насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі уә 1534 мешіт жұмыс істейді. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі діні екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы һәм біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек... Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс береді. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты (приход) болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік уә 8 монастыр жұмыс істейді. Қазақстандағы православие шіркеуінің тікелей Мәскеу Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік деңгейіндегі бөлім екенін ескерелік... Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен басылымдары бар екенін айта кетелік. Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде. Протестанттықтың жаңа формалары, әсіресе, тәуелсіздік жылдарында елімізде өте белсенді миссионерлік іс-қимылдарды жүзеге асырып, бір сыпыра азаматтарымызды өз қатарына тарта білді. Олар негізінен АҚШ-та орналасқан протестант миссионер ұйымдары. Елуліктер, Методистер (Біріккен Методист шіркеуі – АҚШ, Флорида уилаяты), Мун сектасы (Оңтүстік Корея), Меннондар, Пресвитериандар (АҚШ), Жаңа апостолдар шіркеуі (АҚШ), Әлемдік Қырман Шіркеуі (АҚШ, Колорадо Мемлекет және дін қатынастары

123.Sayasi zhuiesi, onyn kukyktyk negizderi. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі, оның құқықтық негіздері. Қоғамның саяси жүйесі - бұл нақты саяси функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Бұндай институттарға мыналар жатады: мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және ядросы билікті басып алу, ұстап қалу және пайдалану болып табылатын қоғамдық өмірдің сол сферасына қатысатын кәсіподақтар мен басқа да ұйымдар мен қозғалыстар. Саяси жүйе ішкі және сыртқы саясатты жүргізуге ықпалын тигізеді, әлеуметтік жіктердің мүдделерін қалыптастырады, көрсетеді және қорғайды. Саяси жүйелердің түрлері: пайда болған қандай да бір әлеуметтік ортасының сипатына қарай тоталитарлық, либеральды-демократиялық және аралас саяси жүйелерге бөлінеді; өзара әрекет ету сипаты бойынша - ашық және жабық саяси жүйелерге бөлінеді. ҚР қазіргі уақытта саяси жүйесі демократиялық болып табылады. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі. Мемлекет саяси жүйеге саяси, территориялық (аумақтық), құрылымдық бірлестік ретінде кіреді және өз функцияларын басқа да әлеуметтік инстиуттармен, партиялармен, кәсіподақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші орын алады. Әдетте, саяси жүйені, бірлесіп әрекет ететін номалар, идеялар және соларға негізделген саяси институттар, мекемелер және саяси билікті ұйымдастыратын әрекеттер жиынтығы, азаматтар мен мемлекеттердің өз ара байланысы ретінде қарастырады. Саяси жүйе мемлекеттің Конституциясымен белгіленеді. ҚР-ң Конституциясы (5 бабында) саяси жүйенің элементтерінің өзара және мемлекетпен қарым-қатынасын, мемлекеттің саяси жүйедегі орталық орнын (5 бап) және принциптерін (1 бап) белгілейді. Мемлекеттің саяси жүйедегі негізгі ролі оған тән белгілермен байланысады. Ондай белгілерге Конституцияда белгіленген мемлекеттік билік, биліктің егемендігі (2, 3 баптар) тағы басқалары жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, халқымыздың әр түрлі топтарының мүддесін қорғайды. Саяси жүйемен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы – мемлекет, заматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Қоғамның саяси жүйесін саяси функциялар атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттар құрайды. Мұндай институттарға мемлекет, партиялар, кәсіби одақтар және тағы басқа ұйымдар мен қоғамдар жатады. Олардың бәрінің ортақ мақсаты – мемлекеттік билікке қол жеткізу.

125.Syrtky sayasaty. Қазақстанның сыртқы саясаты Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында іпі трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең іпі мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддеціне қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мемлекетіміздің әлемнің жетекші державалары мен көршілес ТМД мемлекеттепі арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Egemendi Kazakhstandy duniezhuzikik kauymdastyktyn tanuy. Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Resei. Қазақстан-Ресей байланыстары.

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Kitai. Қазақстан-Қытай байланыстары.

1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.

1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қазақстан-АҚШ байланыстары.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).

Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық.

КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.

1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.

Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.

2001 жылғы 29 тамызда Алматыда “ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.

Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, “Адам және биосфера”, “Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.

ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және “Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.

ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазақстанның даму болашағы.

Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері.

1993 жылғы 9 қазанда “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты:

1. Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді топтастыру тәсілі.

2. Идеология - әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі.

3. Идеология–мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі.

4. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады.

Еңбектің маңызы: Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.

1996 жылы “Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді.

Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.

2003 жылы “Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.

- Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505.

- Оның ішінде әйелдер – 4.420.

- Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927.

Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар:

- Есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне кіру.

- Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру.

- Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру.

Әлемдік деңгейдегі “Ғасыр дертіне” қарсы күрестің Қазақстанда жүзеге асырылуға тиісті шаралары:

- Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу.

- Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында аймақтық, саяси құрылымдардың әрекеттестігін кеңейту.

- Каспий мәселесі қарастырылды.

Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды

Соседние файлы в папке история