Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
322.03 Кб
Скачать

101.Sogys zhyldaryndagy ultaralyk katynas. Zhekelegen halyktardy Kaz-ga depertaciyalau. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.

Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернациолдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі, Кенді Алтай, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендермен ингуштер еңбек етті. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мың неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді.Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашай, ингуш,шешен балкар, қарам татарлары, месхет түріктері көшіріліп әкелінді.

КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті III Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2млн 464мыңға жуық адам болғанын айғақтайды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншылықтарға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.

120. Sayasi partiyalar men kogamdyk kozgalystardyn kazirgi kogamnyn damuyndagy roli. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы рөлі

Қазақстанның егеменді мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи көрінісі болып саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1990 жылдардың бас кезіне дейін Қазақстанда бір ғана коммунистік партия үстемдік етсе, 1993 жылдың соңына қарай 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республткалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі, Коммунистік партия. Кейін біртіндеп басқа да партиялар-халық бірлігі партиясы, Демократиялық партия, халықтық-кооперативтік партия, Дәуірлеу партиясы, Отан, Аграрлық партия, т.б құрылды.

Келешекте Қазақстандағы саяси партиялар сан жағынан да, сапа жағынан да елеулі өзгеріске ұшырағалы отыр. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Параментінің 20020ж 26маусымда «Саяси партиялар туралы» Заң қабылдауына байланысты туындады. Бұл заң бойынша саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында партияның Қазақстан Республикасының барлық облыстарындағы, респуьликалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кем дегенде 700партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің атынан өкілдік ететін кем дегенде 50 мың мүшесі болуы керек. Осы заңда атап көрсетілгендей, мұндай нормалар қоғамдағы плюрализмді қорғайды және ынталандырады. Бұрын құрылған саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу, оларды құрудың және қызметінің тәртібін, барлық саяси партиялар үшін міндетті жаңа Заңның талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған. Сөйтіп, бұрын құрылған және жаңадан құрылатын партиялар осы заң арқылы тең құқықтық жағдайға қойылады.

Кейінгі жылдары саяси партиялардың бір-бірімен қосылып, ірілену үдерісі жүріп жатыр. 2006 жылы «Отан» партиясына «Асар» партиясы, сәл кейінірек Азаматтық, Аграрлық партиялар қосылып «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясы д.а болды.

Соседние файлы в папке история