Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
322.03 Кб
Скачать

21.Batys Turik kaganaty Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.).

Түрік қағанатының бөлінуіне әкеліп 603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлініп тынды.Батыс Түрік қағанатының Оңтүстік- шығысында Іле,Шу өзендерінен бастап, солтүстік батысында Еділ мен Ертіс, оңтүстік батысында Әмударияға дейінгі аралық. Астанасы-Суяб. Алғашқы кезде қағандықты басқарған Тардуш Алтайдағы теле тайпасына шабуыл жасап өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны деп те жариялаған, алайда телелер оған қарсы көтерілген. Батыс Түрік қағанатының саяси күшейген кезі Шегу (610-618ж.) мен Тон (618-630ж.) қағандарының билік құрған мезгілі болды. Батыстағы елдерді жаулап алуды ойластырып, Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрып, салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берген- Тон қаған.Тон қаған Византияның Иранға қарсы күресін қолдап көмек беру үшін 627ж әскер аттандырған. Қағанат ішінде 630ж билік үшін талас-тартыс басталды. 634ж нушеби тайпасының қолдауымен Елтеріс қаған билікті қолына алады. Жоғарғы билеуші және әскербасы-Қаған. Билік мұрагерлікпен беріліп отырды.Қағанаттағы ябғу,шад, елтебер сияқты атақтар қаған руынан шыққан ақсүйектерге беріліп отырған.

22.Batys Turik kaganaty Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».

Елтеріс қаған билікті қолына алған соң басқаруды қайта құрып «он тайпа-он-оұ бұдун»жүйесін енгізеді. «Бұдун» сөзі ел,халық деген ұғымды береді. «Он-оқ бұдун» басқару жүйесі билікті күшейтудің орнына, керісінше әлсіретті. Әсіресе, дулулар мен нушебилер арасындағы 640-654 жылдардағы соғыс барысында қағандық мүлдем әлсіреді.Осыны пайдаланған Қытайлар 659ж Жетісуға басып кіреді. Ешбар қаған қаза тауып, қағандық өзінің тәуелсіздігінен айырылады. «Он-оқ елінің» өз еріктерімен ұйымдасқан әскерлері қытай басқыншыларына қарсы бірнеше рет күреске шықты. Бірақ нәтижелі жеңіске жете алмады, тек 7 ғасырдың аяғы мен 8 ғасырдың басында Түргеш тайпасының көсемі Үшліктің басшылығымен 704ж Үшлік Қытайлармен күресте жеңіске жетіп юұл Түргеш қағандығының құрылуына жол ашты.

58. Bokei Ordasynyn kuryluy. Zhangir khannyn Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңғір ханның мемлекеттік-қоғамдық қызметі

Жәңгір хан мен оның қызметі.1771 жылы қалмақтар Едiл бойын тастап Жоңғария жерiне көшкеннен кейiн, ЕдiлменЖайықөзендерi аралығы босап қалды. Осы оқиғадан кейiнКiшi Жүзқазақтары ата-баблары тұрған қос өзен аралығына үнемi ұмтылумен болды. Алайда патша үкiметiнiң үкiмiмен қазақтардың Жайықтың оң жақ жағалауына көшуiне тиым салынып келдi. Жайық бойына орналасқан Орал казактары қазақтардың көшiп-қонуына тосқауыл болып келдi.Е.Пугачев көтерiлiсiмен Сырым Датұлы көтерiлiстерi кезiнде қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп жүрдi. XVIII ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында Кiшi Жүз қазақтарының едәуiр топтары Жайық пен Едiл өзендерi аралығына көшiп барды. 1801 жылғы 1 наурызда I Павелдiң жарлығымен қазақтардың осы жерге көшiп-қонуы заңдастырылды. Бұл шағын хандық - Iшкi Орда немесе алғашқы ханның есiмiне сайБөкей Ордасыдеген атауға ие болды. Хандық құрылуының бiрнеше себептерi болды. Отаршылдық саясаттың күшеюi салдарынан көптеген көшпелi қауымдар бұрынғы көшiп жүретiн орындарында қалудың көтерiлiстер аяқталғаннан кейiн көтерiлiске қатысушы рулар хан-сұлтандартарапынан қудалауға ұшырады. Ресей әкiмшiлiгi қазақ руларының арасындағы өзара алауыздықты тартыстар мен қақтығыстар ошағына айналдыруға тырысты. Кiшi Жүз қазақтары арасындағы тыныштық пен дағдылы шаруашылық ырғағы бұзылды. Ел iшiнде күйзелiс басталды. Сонымен бiр мезгiлде Кiшi Жүз қазақтарына оңтүстiкте Хиуа хандығы басып алу және тонау саясатын жүргiздi. Осындай жағдайда бiрден-бiр амал – Жайықтың оң жақ жағасындағы бос жатқан жерлерге қоныс аудару болды. Көшiп келушiлердiң денi Сырым Датұлы қозғалысына қатысушылар болды. Одан кейiнгi жылдарда хандықтың халқы еселеп өсiп отырды. Бөкей хандығында жерлер хан-сұлтандар мен олардың туыстарына үлестiрiлiп берiлген. Патша үкiметiне арқа сүйеген Iшкi Орда ханы қолына әкiмшiлiк, сот билiктерiн шоғырландырған Жәнгiр Жасқұс деген жерде хан ордасын салғызады. Хан ордасында 12 биден құралған «хандық кеңес» болған. Патша әкiмшiлiгiнiң жергiлiктi жердегi қол шоқпарына айналған бұл хандық езiлушi халық тарапынан қолдауға ие болған жоқ едi. Бұл iшкi-тартыс кейiннен халық көтерiлiстерiне алып келген болатын.

91.Goloshekinnin KasakhstandagyKishi OktyabrГолощекиннин Казакстандагы «Кишиоктябрь» иси. Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; Өлкені шикізат базасы ету; Голощекин бұл қағидасын 1927ж ұсынып, 1930ж VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады.саяси бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.Ірі саяси қайраткер және экономист С.Сәдуақасов «кіші қазан» бағытына қарсы шығып өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты:Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату;Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру,Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты:«Түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды,Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді;Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес;

12.Gundardyn taipalyk odagy Ғұндардың тайпалық одағы. Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан, қангар тайпалары ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып, ассимиляцияға түсті. Осыдан жаңа этнос пайда болды. Енді Хунну емес Ғұн дейді, олай батыс деректер де айтылады. 55 жылы аса құдіретті ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екі елге бөлінеді. Ғұндардың қаһармандықпен қарсы тұрғанына қарамастан, қытайлар сыртқы ағаш қабырғаны өртеп, қамкесектен тұрғызылған дуалды опырып тастап, қалаға басып кіреді де, ішкі қамалды алады. Чжи-чжи төңірегінлегі көптеген ағайын туыстарымен, бала-шаға,текті бекзаттарымен бірге 1518 адам тұтқынға алынып, өлтірілді. Ғұндардың қоңыс аударуының екінші толқыны б.з. 93 ж. басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. IV ғас. Олар Европадан бой көрсетеді. Ғұндар қоғамындағы өкіметтің тұрпаты туралы мәліметте. Елді шанью басқарған, ол шексіз билеуші болған, оған іле шала жалпы аты түменбасы деп аталатын бекзаттар жүреді.

13.Gundardyn aleumettik kurylymy Ғұндардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы. Б.з.б. Iмың жылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі күшейе түсті. Осы өңірде, Байқалдан Оңтүстікке таман және Ордосқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді.Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсіресе б.з.б. III ғасырда мейілінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б.з.б. 209 жылы “ғұн үйінің өрлеуі” кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде (Боғда) батырдың есімімен байланысты. б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды. Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығының маңызы ерекшеболды . Ол туралы қытай деректерінде былай деп жазған:«Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендейтін олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға көшіп жүреді. Шонжарларынан бастап бәрі де үй малының етімен тамақтанады, олардың терісін киім қылады. Ғұндардың қойы да көшпелілердің күллі қажетіне жараған . Әсіресе, қ ойдың етін, терісін, жүнін және аң терілерін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқ киім жасайды, жүннен киіз басады.Мал өсіру, әсіресе, жылқы өсіру басты рөль атқарды.Жылқы болмаса көшпелі мал шаруашылығының өзі өмір сүре алмас едi. Малдың бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жағып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ болған жылдары малдары жұтқа ұшырайтын болған. Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті де білген. Деректемелерде «Солтүстік жерлерде суық ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса да, ғұндардың жерінде тары себіледі» -деп жазылған.Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алды. Ғұндар негізінен киіз үйлерде тұрды. Жүннен жасалған текемет,кілемдерді төсеніш етті. Ағаштан төсек және үй қажетіне керек заттаррды жасаған. Ғұндар өздері қолмен жасаған заттарын қадірлеп ұстайтын болған. Киіз үйдің төрінде қамшы, ағаштан жасаған қынабы бар семсер, садақ жебелерін салған оқшантай т.б ілулі тұрған. Ат әбзелдерін өрнектері бар темірлермен әшекейлеген. Ал алтын, күміс сияқты бағалы заттардан көбінесе әшекей бұйымдарын жасаған. Байлары қола және күміс қаптырмалармен әшекейленген кемер белдік буынған. Ғұн әйелдері құлағына жарты ай тәрізді әдемі әр түрлі тастарме әшекейленген сырға, саусақтарына алтын жүзік, шашына алтын, күмістен жасалған шаш түйреуіштер таққан

Соседние файлы в папке история