Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
322.03 Кб
Скачать

50.Kazakhtardyn mat. Jane ruhani madenieti. Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. Материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).

Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.

Kazakh halkynyn Zhongar baskynshylaryna karsy azattyk kuresi. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңрақай шайқасы.

1726ж. Ордабасы деген жерде (Қазіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Тор-ғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Белеуіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүсті-гінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен 120 шақырым қашықтықтағы Итішпес кө-лінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери күш–қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жер-ді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шайқаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қазақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра бер-ді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жорығын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандық-тан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жеріне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайтадан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батыс-қа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұлтан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бір-ге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқан-нан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен мен Абылай арасында формалды түрде дос-тық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармайды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйек-те 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына ба-сып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқталып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржолата қуылды.

Kazakh halkynyn XIX g. 50 zh. ult-azattyk koterilisi. Қазақ халқының XIX ғ. 50 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістері. Ж. Нұрмұхамедов, Е. Көтібаров

19-ғ. 2-ж. Сыр бойы қазақтарының жағдайы өте ауыр болды. Мұндағы шекті, төртқара, шөмекей рулары Отырықшы қазақтар егіншілікпен айналысты.хиуа, Қоқан феодалдары Сырдың төменгі ағысы бойындағы Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің бойындағы қазақтарды билеуге тырысты. Сырдың төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуаңдария алқаптарын басып алды. Онда әскери бекіністер салды. Қазақтардан зекет пен ұшыр алды.хиуа, Қоқан езгісіне қарсы Сыр қазақтары көтерілді. Оны әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедов (1780-1860) басқарды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 ж. Кенесары әскерімен бірге Созақ қамалын қамауға қатысты. 1843 ж. Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады. 1847 ж. Хиуа хандығының әскері өзен бойындағы қазақтарды жақсы жерден айыру үшін, Қуандария өзенін бөгеп тастады.Бұл кезде Сыр қазақтары солтүстік-батыс жақтан қауіп туғыза бастапан орыстарға қарсы шыға бастады. Өйткені 1849 ж. Райым бекінісіне Орынбор казак-орыстарының алғашқы 26 жанұясы қоныстанды. Олар қазақтарды отырған жерінен ығыстырды. 1853 ж. орыс әскері Ақмешітті басып алды. Сөйтіп Сырдария әскерижелісі пайда болды. Оған Райым бекініснен Ақмешітке дейінгі жерлер кірді. Бұл жерде орыстар қатаң тәртіп орнатты. 1857 жылға дейін үш мың қазақ отбасы жерінен айрылды. Орыстарға қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж. желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. Көтеріліс бүкіл Қазалы өңірін қамтыды. 1857 ж. қаңтарында 5000 адамға жетті. 1856 ж. соңында Жанқожа Қазалы фортын қоршады.Көтерлісшілерге Қазалы фортында орналасқан Михаиловтың отряды қарсылық көрсетті. Оның құрамында казак-орыс жүздігі, елу жаяу әскер, бір зеңбірек болды. Көтерілісшілер жеңіліп қалды.1856 ж. 19-23 желтоқсанда көтерілісшілер тобы майор Булатов бастапан тағы бір отрядпен шайқасты. Көтерілістің таралуы үкіметті қорқытты. Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастапан әскери топ келді.. Көтеріліс жеңілді.Көтерілістен кейін Жанқожа халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды. Есет Көтібарұлы бастапан Кіші жүз көтерілісі 1853-1858 жж. болды. Көтерілістің шығу себебі- Арал теңізінің батыс жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз, Жем өзендерінің бойын мекендеген шекті руына түтін салығының салынуы, әскери мақсат үшін күш-көлік алу, бекініс салынуы салдарынан жер талылуы себеп болды.1855 ж. көтерілісті басу үшін Орынбор әкімшілігі сұлтан Арыстан Жантөрин басқарған қазақ жасақтарын жіберді. Оған сұлтан Тәукин, ал Орал бекінісінен майор Михайлов казак-орыс әскерімен аттанды. Екі жақ арасында қырғын соғыс болды. Сол жылдың 8 шілдесінде Есет жасақтары Жантөриннің лагеріне шабуыл жасайды. Оны өлтіреді. Бірақ қару жоқтығынан көтерілісшілер шегінеді. Қолға түскен Есеттің 18 адамын патша үкіметі Сібірге айдап, 3 адамын атады. 1858 ж. қыркүйекте Бородин басқарған патша әскері Есет бастапан көтерілісшілерді Сам құмында талқандады. Есет көтерілістен бас тартып, үкіметке адал қызмет етуге уәде берді.

Соседние файлы в папке история