Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
35
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
346.62 Кб
Скачать

48. 1917 Ж. Ақпан револ. Патша құл. Кейінгі Қаз.Ғы саяси жағдай.

1917 жылдың басында Ресейдің төнкерістік жаңа толқыны көтерілді. Империялистік соғысты азамат соғысына айнплдыру ұраны кенінен насихатталды. 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкеріс женіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуліктер тұтқынға алынады. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияты да Қазақстанда да қос өкімет орнады. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төнкерісінің женіске жетуі өлкедегі еңбекшілердін саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанда кеңестер 1917ж. наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Акмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Қазақстанда қазақ интилигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Бірак олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуліктері болғандықтан жергілікті қазақ хвлқының көкейкесті мәселелерін шеше алмады. Кейбір жағдайда ұлттық интилигенция өкілдері Ақпан төнкерісінен кейінгі қоғамдық саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша «Уақытша өкімет» жағына шығып кетті. Уақытша өкіметтін Қазақстандағы кулактарға, қазақтардың басшы топтарына , қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі зандар күшінде қалды. Большевиктік партияның қатарына Сейфуллин, Серікбаев, Рысқұлов, Арғыншиев және басқалары кірді. «Қазақ» газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады.

49. Алаш үш жүз партияларының құрылуы. 1917ж. 21-26 –шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Әлеуметтік негізі – капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар. Мақсаты:

1) қазақ халқын отаплық езгіден азат ету

2) автономиялық ұлттық мемлекет құру

Бағыты – реформистік капиталисзм жоолы

Жетекшісі – Бөкейханов. Оның құрамына Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Омаров, Шоқай, Тынышбаев, Досмұхамедов, Ғаббасов т.б кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы – Алашорда Үкіметі – ұлт кеңесі өқрылды. Алаш партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады.

1. Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы;

2. қазақ ұлт автономиясын ұүру;

3. халықтар арасында тең құқықтар орнату;

4. дінді мемлекеттен ажырату;

5. елдегі билік және сот туралы;

6. әскер және халықтық милиция құру;

7. халықтың табысына қарай салық жасау;

8. жұмысшылар туралы;

9. ғылым және білім туралы;

10. жер мәселесі.

Большевиктер билікке келісімен-ақ, ұлттық мүддені негізгі мұраты санаған, Алаш партиясына пролетарлық төнкерістің салтанатты шеруі жолындағы кедергі есебінде қарады.

50. 1917ж. қазан төңкерісі. Қаз.да Кеңес үкімет. Орнатуы. Қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүрсілкіндірді. Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт ұзамай-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрест те жүріп жаты. Соның нәтижесінде 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аударында Кеңес өкіметі орнады. Төңкерісті қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аударында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тиді. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес, төңкеріс қарсыластары күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.

Қаз-нда кеңестер билігінің орнауы:

Кеңес үкіметі өлкемізде екі түрлі жолмен орнады

  1. Қарулы күрес жолымен – Верный, Орал, семей аудандарында

Себептері: Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлері ж/е кулактардың біріккен контр-революциялық күштерді басым болды.

  1. бейбіт жолмен - Оңт. Солт аудандарында

себептері: өнеркәсіп орталықтары жақын болды; өнеркәсіп пен теміржол жұмысшыларының саны көр болды.

Кеңестер билігі орнаған қалалар

Перовск – 1917ж 30қазан. Ташкент – 1917ж 1 қараша. Әулиета – 1917ж 6 қараша. Шымкент – 1917ж қараша. Көкшетау – 1917ж желтоқсан. Бөкей ордасы – 1917ж 2 желтоқсан. Қостанай – 1917ж 25 желтоқсан. Ырғыз, Торғай уездер – 1918ж басы. Павлодар – 1918ж қаңтар. Ақтобе – 1918ж 8 қаңтар. Орал – 1918ж 15 қаңтар. Орынбор – 1918ж 18қаңтар. Семей – 1918ж 16-17ақпан. Верный – 1918ж 2-3 наурыз.

Соседние файлы в папке история