Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
35
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
346.62 Кб
Скачать

46. Қ/да 1916 ж. Ұлт азаттық көтеріліс.

Басталу себебі:1916 ж 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлықты шығуы

Қазақ даласында патша жарлығына қозғарас әр түрлі болды:

Феодалдық басшы топтар ж/е жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады

Революцияшыл топ өкілдері қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды: Жангелдин, Иманов, Бокин, Әшекеев,Мәмбетов

Жарғыдан кейінгі жағдай:

Далада біреуі жұмысшылар бергісі келмейтін, екінші бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды:

1)либерал-демократиялық интеллегенция (Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов) көтеріліске шығаруға қарсы болды, отарлық империяға парасатты ымыраластық тактикасының ұсынып, халықтың этникалық тұтастығын ойлады. 2)революцияшыл-демократ интеллегенция (Рысқұлов, Бокин, Майкөтов) көтерілісті жақтап, өздері де қатысты.

Көтеріліс болған жерлер: Бұкіл Қаз-н: негізгі 2 ірі орталығы: Торғай, Жетісу.

Қозғаушы күштер: шаруалар мен қолөнершілер ж/е қазақ жұмысшылары, жетекші күші – демократиялық интеллегенциясы өкілдері мен байлар, болыс басқарушылар.

Сипаты: империализмге, отарлық езгіге қарсы.

Басшылары: Жетісуда: Бокин, Әшекеев, Мәмбеетов, Саурықов. Қосақов. Торғайда: Иманов, Жангелдин, Жанбосынов, Көкімбайұлы.

Көтерілісшілердің алғ күрес түрі: Отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіріп, әкім,сот алқасы, қазына билеушісі әскер басшысын сайлайды. Қара жұмысқа алынғандардың тізімін дойып жіберді.

Қара жұмыстан босатылғандар: басқарамалардың лауазымды адамдары. Жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер. Имамдар, молдалар, мүдәрістер. Ұсақ несие меакемелеріндегң есепшілер мен бухгалтерлер. Оқу орындағы оқушылар. Үкіметтің мекемелеріндегі жоғары лауазымды қызмет атқаратынбұратаналар.

Жеңілу себептері: Бытыраңқылығы:қару-жарақтың жеткіліксіз болуы. Ұл-аралық руаралық қақтығысты пайдаланды. Соны аз проториаттық елеулі ықпал жасай алмағандығы.

Тарихи маңызы: қазақ халқының таптық революциялық сана сезімі өсті мыңдаған көтерілісшілер патша державасына қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Отарлық езгідегі ұзақ жылдар ішіндегі ұлттық мүдденің ортақтығын тұнғыш рет ұғынды. Өздерін отаршыл экспансияға қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді.

Көтеріліске байланысты әдеби шығармалар: Аймауытов «Қартқода», Сейфуллин «тар жол тайғақ кешу», Майлин «Қанды кен» , Мұқанов «Ботагөз»

47 ХХ ғү бас кез. Мәдениет. Сталиннің үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатынка сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем өнер мәдениеті әлденеше реет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Түрік тілдес шығыс халықтары сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавитті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым бөлігі араб жазуымен жарық көрген ата- баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты.

Соседние файлы в папке история