Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

III. Сабақты қорытындылау.

1. Көне Рим құдайлар пантеонының ерекшеліктерін анықтаңдар.

2. Көне Римде діни мейрамдар не себепті жалпыға бірдей болды? Қандай мейрамдарды білесіңдер?

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 8.

V. Үйге тапсырма. § 7 оқу, талдау.

8 Тақырып. Брахман діні.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға брахман діні, құдайлар пантеоны, «веда» жазулары, үнділердің діни ғұрыптары туралы терең білім беру және олардың білім-біліктілігін қалыптастыру.

2. Оқушыларды брахман дініне талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білуге дағдыландыру.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Ведалар»–көнедегі үнділіктердің рухани және діни ойының тұңғыш ескерткіші.

Варналар–адамдардың топқа жіктелуі.

Гаста–брахмандыққа өтудің екінші кезеңі.

Брахман–бірнеше мағынасы бар: дін қызметшісі; әлемді жаратушыны мадақтау дұғалары; Брахма жаратушы құдай.

Атман–әлемдегі бар болмыстың күллісінің негізі немесе қасиетті дем.

Сансара–жанның көшуі.

Карма–өмірде жасағандардың қайтып оралу өлшемі болуы.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Үнділердің «Веда» қасиетті жазулары.

  2. Үнділердің құдайлар пантеоны.

  3. Брахман діні.

Мұғалім сабаққа кіріспе сөзінде Үнділердің «Веда» қасиетті жазуларынан бастағаны жөн.

1. «Ведалар»көнедегі үнділіктердің рухани және діни ойының тұңғыш ескерткіші. Ол санскриттен сөзбе-сөз аударғанда «білім», «білу» деген ұғымдарды береді. «Ведалар» б.з.д. II-I мыңжылдықтар аралығында пайда болды. Бұл жазбалардан көнедегі үнділердің діни дүниетанымын көреміз, олардың әлем туралы, адамзат туралы философиялық түсініктерімен танысамыз.

Осы кіріспеден кейін оқушыларға төмендегі кесте ұсынылады:

Ведалар 4 бөлімнен тұрады

Мазмұны

1. Ең көнесі «Ригведа», «Яджурведа», «Самаведа», «Ахтарваведа» деген төрт кітапты құрайды.

Діни гимндер мен өлеңдер, дұғалар, арбау мәтіндері, діни заңдар мен ғұрыптарға қосымша «сутралар» жинақталған. Ведаларда әлемдік құбылыстар мен әлемнің жаратылуы туралы егжей-тегжейлі сөз болады. Мәселен, «Ригведадағы» Пурушаға арналған гимнде әлемнің пайда болуы туралы былай делінеді: «Пурушаның мың басы, мың көзі, мың аяғы болды... Пуруша барлық пайда болғанның және барлық жаратылатынның бастауы... Оның жамбасы, аяғы, аузы не болды? Оның аузы брахман болды, қолдары кшатрий, жамбасы вайшья, аяғынан шудра пайда болды... Демі желге айналды, кіндігінен ауа шықты, басынан аспан, аяғынан жер, есту қабілетімен құрлықтар пайда болды. Әлем осылай орнықты.»

2. «Брахмандар»

Буддизм пайда болғанға дейін басым болған брахманизмнің негізі болып табылатын ғұрыптар мәтінінің жинағы.

3. «Араньяки»

Ол «орман кітабы» аталып, тақуалардың өмір сүру ережелеріне арналған.

4. «Упанишадтар»

Б.з.д. І мыңж. Шамасында дүниеге келген философиялық толғаулар. «Упанишадтың» басты идеясы–адам мен табиғаттың рухани болмысының ұқсастығы. Өткен өмірде жасағандардың қайтып оралуы–карма концепциясы «упанишадтарда» жасалды. Карма туралы ілім–барлығы болашақта жаман я жақсы болып дүниеге оралуы адамның өз қолындағы іс деп үйретеді. Егер адам дүниеге құл болып келсе, ол осыдан бұрынғы өмірінде жаман адам болды, енді соның азабын тартып, бұдан кейінгі оралуында жақсы болуы үшін жақсы карма жинауы керек деп саналды.

Соседние файлы в папке Дін тану