Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

13 Тақырып. Синтоизм.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға синтоизм діні, діни ғұрыптары туралы терең білім беру.

2. Синтоизм діні туралы тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Каминомити»–құдайлар жолы.

«Идзанаки» мен «Идзанами»–тұңғыш антропоморфтық (адам бейнесіндегі) құдайлар.

«Аматэрасу–жапондықтардың ең сүйікті құдайы.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

1. Синтоизм дінінің пайда болуы.

2. Синтоизмнің діни ғұрыптары мен рәсімдері.

1. Жапонияда орныққан дін жүйесін европалық ғылым синтоизм деп атайды. Бірақ, бұл дәл атау емес. Синто–жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы. Жапондықтардың өздері оны каминомити («құдайлар жолы») деп атайды.

Жапондықтардың діни сенімдері VIII ғасырда Кодзики және Никонги деген жинақтарға біріктіріліп, біздің заманымызға өзінің бастапқы үлгісінде жеткен мифологияға негізделеді. Оларда барша әлемді жаратушы құдайлар түсінігі жоқ. Көне мифтердегі нами құдайларын әлем жаратылғаннан кейін келіп, жер-дүниені тәртіпке келтіруші жалпылама сипаттағы бейнелер десе болды.

Жапон мифологиясындағы тұнғыш антропоморфтық (адам бейнесіндегі) құдайлар–Идзанаки мен Идзанами. Кейде оларды Адам-Ата және Хауа-Анамен салыстырып, Жапонияда пайда болған бірінші адамдар ретінде де қарастырады.

Жапондардың ең сүйікті құдайы–барлық жасампаздық игі істердің бастауы, көркем Аматэрасу. Синтоизм пантеонында бұдан өзге мыңға жуық құдай бар.Тіптен оларды құдай дегеннен гөрі рух немесе ие деген орынды.

Синтоистер табиғат күштерінің бәрінен, тау-тастан, орман-тоғайлардан құдай сипатын көреді, олардың әрқайсысының өз камиі, яғни рухы немесе құдайы бар деп сенеді. Кейбір ағаш түрлері мен өсімдіктерді, жәндіктер мен құстарды қасиетті деп ерекше құрметтейді. Мәселен, қораз Аматэрасу құдайының құсы саналса, егеуқұйрық молшылық символы есептеледі. Фудзияма тауын құдайлар мекенінің бірінен санайды.

Синтоизмнің басты элементі–императорларды құдай дәрежесіне дейін көтеріп, қастерлеу. Жапонияның тұнғыш императоры Дзимму Нинигидің шөбересі саналады. Аңыз бойынша ол біздің жыл санауымызға дейінгі 660 жылы 11 ақпанда таққа отырған. 1868 жылы Дзимму императордың билікке келген күнінен басталатын жапон жыл санау жүйесі енгізілді.

Жапондықтар өздерінің ұлттығы мен мемлекеттігінің іргетасы болып саналатын діни нанымдарын бүгінге дейін берік ұстанады. Олардың өзге халықтардан ерекшелігі–көнедегі діни нанымдарына негізделетін дәстүрлі мәдениеті мен қазіргі заманғы өркениет үлгілерінің керемет үйлесімін білгендігі.

Синтоизм храмдары сыртқы дарбазадан соң үш қатар қоршалған үлкен алаң түрінде болып келеді. Оның ішіне жуынып, тазалану үшін хауз жабдықталады, садақа үлестіру салтына нұсқайтын өрім-өрім қағаздар байланған бамбук таяқшалар шаншылады. Құлшылық рәсімін атқаратын басты орын–үшінші қоршаудың ішінде. Онда Аматэрасу құдайдың белгілері ретінде қылыш, айна және яшмадан жасалған әшекей сақталады. Олар даналық, адалдық және қайырымдылық символдары болып саналады. Елде осы тәрізді ондаған мың храмдар тұрғызылған. Олар қатарынан бірнеше камиге (құдайларға) немесе сол жерде ерекше құрметтелетін біреуіне арналады. Синтоистік храмдарды жиі қайтадан салып, жөндеп отыру салты орныққан. Бас храм Исэ қаласында. Ол VII ғасырда тұрғызылған.

Синто дін қызметшілері сегіз сатыға бөлінеді. Олар әдетте діни орынға мұрагерлік жолымен ие болады, үйленуге, діни қызметті өздері қалаған уақытта тастап жүре беруге хұқылы.

2. Синто дініндегілер мерекелер қарсаңында ұзақ ораза тұтады. Бұл уақытта олар мүрдеге жоламайды, науқастардан айналып жүреді және өздері де ауырмауға ұмтылады, зиратқа бармайды, музыка аспаптарында ойнамайды және кейбір тағамдардан тартынады. Осылай тән және рух тазалығын сақтайды. Мейрамдарда храмға ас және ішімдік (күріштен жасалған сакэ арағы) әкеледі. Оны көбіне жерге көміп кетеді.

Синтоизмнің басты мейрамдары–желтоқсанның соңғы екі күніндегі «арылу» мейрамдары. Жаңа жыл салтанатпен қарсы алынады. Көктемде және қараша айында күріш мейрамдары тойланады.

Синтоизмнің догматикасы мейлінше қарапайым және көбіне буддизмнен келген. Күнә, жаза, о дүние туралы ілімдер солғын. Барлығы осы дүниедегі үйлесімділік пен жарастыққа негізделеді.

Синтоизмнің тағы бір ерекшелігі–онда этикалық ілім дамытылмаған. Адамшылық нормалары көбіне конфуцийлік қағидаларымен реттеледі және ғасырлар бойына салт болып қалыптасқан көнбістік, үлкенді сыйлау, борышты сезіну мен қатаң тәртіп сияқтыларға негізделеді.

Соседние файлы в папке Дін тану