Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Дин тану

.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
23.13 Кб
Скачать

«Кәмелетке толмағандарды түрлі діни  ағымдардың идеяларынан қорғау және дәстүрлі дінді насихаттау» Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп бойынша «Руханият және дәстүр» аясында өткізілетін «Кәмелетке толмағандарды түрлі діни ағымдардың идеяларынан қорғау және дәстүрлі дінді насихаттау» атты кездесу кешінінің  Сценарийі Дайындаған : 8в сынып жетекшісі, Дінтану пәнінің мұғалімі Көптілеуова Жанар. Қызылорда облысы, Қазалы қаласы  Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі ««Кәмелетке толмағандарды түрлі діни ағымдардың идеяларынан қорғау және дәстүрлі дінді насихаттау» тақырыбында ұйымдастырылып отырған кездесуіміздің қадірлі қонақтары!  Қазіргі таңда адамдардың негізгі құқықтарын таптап, мемлекетке қоғамға жанұяға қауіп төндіріп отырған, адам денсаулығына түзелмейтіндей зиян келтірген теріс пиғылды діни ағымдардың қызметі алаңдатушылық туындатуда. Осыған орай бүгінгі кездесуімізді ашу үшін сөз мектеп директоры Эльмира Сматуллаеваға беріледі.  Жүргізуші: XIX-XX ғасырларда әлемде жаңа діни қозғалыстар кеңінен таралды. Олар сырт қарағанда классикалық түрдегі діндерге ұқсас келеді. Бұл қозғалыстар қасиетті саналатын мәтін негізінде өздерінше жеке діни ілімдер қалыптастыра бастады. Жаңа діни қозғалыстардың басым бөлігі миссионерлік жұмыс жолымен таралады. Ілімді уағыздау және жаңа ізбасарларды тарту діни қауым қызметкерлерінің ғана емес,қарапайым мүшелерінің де міндеті болып табылады.Кейбір жаңа діндердің тағы бір ерекшелігі,олардың дәстүрлі діни ілімдерге қарсы көзқараста болуларында.Уағыздаушылардың көзқарастары бойынша,ежелден келе жатқан конфессиялар адамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды-мыс. Осы орайда қазіргі таңдағы жат діни ағымдардың зардабы туралы түсірілген бейнефильмді көріңіздер. Біздің республикамызға мұндай жаңа діни қозғалыстар бір идеологияда өмір сүрген-Кеңестер одағы ыдыраған соң, ХХ-ғасырдың 90-жылдарында кіре бастады. Осы уақытта қоғамда идеологиялық вакуум орнады. Осыны пайдаланып дін уағыздаушылар мен миссионерлер халықтың жан дүниесін баурап алуға тырысты. Жастардың ауқымды бөлігін өздеріне қарату үшін қайырымдылық әрекетпен айналысатын,тіл үйрететін (ағылшын тілі), спортқа үйрететін т.б. қоғамдық ұйымдар құрады. Олар жастарға,әсіресе студент жастарға баса назар аударады. Осындай жастардың ішінен өздерінің діни ұйымының жергілікті жердегі көшбасшысын тағайындап, оны миссионерлік әрекетке белсене араласады. Жалған діни ұйымдардың ықпалына қоғамның түрлі деңгейдегі азаматтары ілігіп қалуда, олардың қатарында жоғары білімді, әлеуметтік жағдай жақсы адамдар да бар. Миссионерлердің ықпалына жеке бастарында қиындықтары бар адамдар оңай түсіп қалуы ықтимал. Ең бастысы сіздің және бүкіл адамзаттың мәселесін шешеміз деген уәденің жалған екенін естен шығармаған абзал. Бірде-бір шынайы дін бір сәтте бүкіл әлемнің мәселесін шешеміз деп кіріспейді. Мынадай жағдайда сақ болған дұрыс: - Миссионер өз ілімін таныстыруда ерекше белсенділік танытады; - Ұйымның өкілдерімен сөйлескен кезде сізге психологиялық тұрғыдан ықпал жасап тұрғандай сезіледі, тұлғаны бағындыру технологиясын пайдалануы мүмкін; - Сізді ұйымға ақша немесе мүлік беруге шақырады (бұл орайда қайырылымдықты сылтау етуі ықтимал); - Ұйымға кіру отбасымен, достарммен, сыртқы әлеммен байланыс жасауға тыйым салады; - Ұйым мүшелеріне ақпарат алуға деген мүмкіндігін қысқартады (кітап , теледидар, газет, радио т.б шектейді); - Ұйымда жетекшіге сөзсіз бағыну қажет; - Сізді ақырзаман келе жатыр деп қорқытуы мүмкін, егер ұйымға кірмесең қарғыс атады немесе құрып кетесің дегенді айтуы мүмкін; Кей жағдайда жалған діни ұйымдар заңды бұзатын нәрселерге баруы да мүмкін. Өз өкілдерін нашақорлыққа, ішімдікке тәуелді жасайды. Ұйымғға жаңадан кірген адамға қылмыс жасатуы немесе мүлкін беруді талап етеді. Жалған діни ұйымға кіру оңай, алайда одан шығу өте қиын. Рухани көсемдер мүшелікке өткен адамдарды өзіне бағындыру үшін барлық тәсілді, тіпті заңға қайшы әдістрді пайдалануға тырысады. Ұйымда адамдарды ұстап отыру үшін бопсалауға да барады.  Осы аталған тақырып бойынша өткізіліп отырған іс шараның арнайы қонағы Жиен әлі Ахун мешітінің бас имамы Сержанов Ақылбек ағайға сөз береміз. Құрметті оқушылар мен ұстаздар біздің бүгінгі арнайы қонағымызға қояр көкейлеріңізде жүрген сұрақтарыңыз болса қысылмай қоюларыңызға болады. Әрине көп нәрсе жеке адамның өзіне байланысты. Шынай діндер адамдарды барлық бәледен құтқарамын деп уәде бермейді, адамға таңдау жасау үшін олар тек рухани бағыт-бағдар береді. «Кәмелетке толмағандарды түрлі діни ағымдардың идеяларынан қорғау және дәстүрлі дінді насихаттау» атты кездесу кешін қорытындалау үшін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Кенжалиева апайға сөз беріледі.

Соседние файлы в папке Дін тану