Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

5 Тарау. Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзғандық үшiн жауапкершiлiк

22-бап. Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер               туралы заңдардың сақталуын бақылау

Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдардың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының атқарушы өкiмет органдары мен құқық қорғау органдары заңдарда белгiленген өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.       Ескерту.22-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

23-бап. Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер               туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк

      Дiни сенiм бостандығы мен дiни бiрлестiктер туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.

24-бап. <*>

      Ескерту. 24-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен. 

Қазақстан Республикасының Президентi

III. Сабақты қорытындылау.

1. ҚР-ң «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер» туралы Заңын сипаттап, талдау жасаңдар.

ІV. Үйге тапсырма.

1. «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер» туралы Заңының өзекті баптарын талдау.

26 Тақырып. Дәстүрлі емес діни культтар. Экстремистік және лаңкестік ұйымдар.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға дәстүрлі емес діни культтар, экстремистік және лаңкестік ұйымдар туралы терең білім беру, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқушыларға тақырып ауқымында тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой-өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

1) экстремистiк iс-әрекеттер ұйымдастыру–экстремистiк iс-әрекеттерге басшылық ету, экстремизмдi қаржыландыру, экстремистiк мақсатта адамдарды тарту, құралдар мен қарулар жасау және алу, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiктерiнің экстремизмдi жүзеге асыру үшiн жағыдай жасауға бағытталған басқа да iс-әрекеттерi;        2) экстремизмге қарсы iс-қимыл–мемлекеттiк органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негiздерiн экстремизмнен қорғауға, тұтастығы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, экстремизмдi болғызбауға, анықтауға, оның жолын кесуге және зардаптарын жоюға, сондай-ақ экстремизмдi жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағыдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызметi; 

      3) экстремизмнiң алдын алу–экстремизмнен сақтандыруға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, насихаттық және өзге де шаралар жүйесi; 

      4) экстремистiк iс-әрекеттер–экстремистiк мақсаттағы iс-әрекеттер жасауға шақыратын жария үндеулердi, экстремистiк ұйымдардың нышандарын насихаттауды, үгіттеуді және көпшiлiкке көрсетудi қоса алғанда, осындай iс-әрекеттердi тiкелей iске асыру;

      5) экстремизм–жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атынан iс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы; жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды:

     - Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн бұзуды, мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiрудi, өкiметтi күшпен басып алуды немесе өкiметтi күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендiрілген құралымдарды құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлiк ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектiк-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмдi);

     - нәсілдiк, ұлттық және рулық алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизмдi);

     - дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн iс-әрекет ұйымдастыруы және (немесе) жасауы; 

     6) экстремистік ұйым–экстремизмдi жүзеге асыратын және сот экстремистiк деп таныған заңды тұлға, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігi;      7) экстремистiк материалдар–экстремистік iс-әрекеттердi жүзеге асыруға шақыратын не оларды жасау қажеттігін негiздейтiн немесе ақтайтын, жария етуге немесе таратуға арналған кез келген құжат не өзге де жеткізушілердегi ақпарат;    8) экстремизмдi қаржыландыру–жеке және (немесе) заңды тұлғаларды, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiн экстремистiк мақсаттарда, соның iшiнде оларға қаржылай қаражат, жылжымайтын мүлiк, оқу, полиграфиялық және материалдық-техникалық база, телефон, факсимилдi және басқа да байланыс түрлерiн, ақпараттық қызмет көрсету, сондай-ақ өзге де материалдық-техникалық құралдар беру жолымен қаржыландыру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

Соседние файлы в папке Дін тану