Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

1.Дәстүрлі емес діни культтардың мәні.

2.Экстремистік және лаңкестік ұйымдар.

1. Сатанистер мен неошаманистер, жастар мәдениетіне кері әсер ететін белсенді топтар соңғы жылдары едуір қарқынмен кең етек жайюда. Сатанистер– Қазақстан территориясындағы христиандық әсіресе католиктік және православияндықтарға қатысты теріс пиғылдағы ұйымдар. Христиан өкілдеріне деген ежелден келе жатқан жеккөрушілікке негізделген дәстүрлі нормасы мен мораліне деген ашық қарсылық. Топ идеологиясы саентология мен Нью Эрдің кейбір нормаларық көзқарстарына ұқсас. Тарихи қалыптасуы жағынан, көбіне Алистара Кроули «сатанизм идолы ретінде» қалыптасып, саентология негізін салушы Рона Хаббордқа ұқсас.

Осы ұйым өкілдері сананы бақылау формасын қолданады:

А) түрлі дұғалау және басқа да дәстүрлерге арналып берілетін жеке және тұтастай қалпына келтіруге сілтеме жасалатын трансттық техниканы кеңінен қолдану.

Б) адамд бойында «мүмкіндіктен тысты» дамыту: левитация, телепакөріпкелдік және т.б.

В)жастар арасында кеңінен қолданылатын рок музыка мен оның идеологиясы ретінде, жастар субмәдениетінде авторитетті «сатанизм» өкілі Мер Мэнсонды («карозии металладағы» өрмекші) агент ретінде тарту.

Г) психотропты және наркотикалық заттарды белсенді қолдану арқылы сананың шектен тыс сипаттағы қалыпқа жеткізу мақсатында жүреді, техникалар славяндық және скандинавиялық неопұтқа табынушыларға тән, сонымен қатар өздерін шаманизм өкілдеріміз деп санайды.

Д) шаманистер Латин Америкада өсетін теонанакатль, мескалит, американдық индейцтердің қасиетті саңырау құлағы сияқты өсімдік препараттарының тұтас жиынтығын қолданады.

Е) сатанистер үшін ЛСД және экстазидың «химия» деп аталатын нарықтағы марихуана сауда аттарымен сәйкес келетін атаулары да бар. Сонымен қатар классикалық сатанизм апиын мен кокаинді таңдайды және классикалық және культранссатанистер тобын біріктіретін есірткі бар, ол героин мен марихуана.

Ж) скандинавия, германиялық және славяндық бағыттағылар мухс қолданады, көбіне тұлба ретінде қолданады, өте жиі спирттік тұнбада мак, белладон, галюционді саңырауқұлақ қолданады, марихуана және гашиш тарта қоймайды. Сонымен қатар бұл топтарда нашаның синтетикалық түріне деген теріс қатынасы барын айта кеткен жөн, эстетикалық ұлттық дәстүр аясына бағытталғандықтан бұлар «скандин» культін жалғастырушылар мухамор тұнбасын қолдану, әруақтар әлеміне ену мүмкіндігін береді және қабілет мүмкіндігін арттыруға жетілдіреді деп сенеді.

Аккультті, астральді техниканы кеңінен қолдану:

А) өз мақсаттарына жету үшін магиялық тізбек деп атауға болатын дүғалық жасау немесе адамды астральді өлтіру әрекетін қолданатын тантрикалық техника қараңғылық күшімен астральді жағдайға өтуге ықпал етеді деп сенеді, сонымен қатар, астральді техника көріпкелдік сеанстарымен болашақты болжау арқылы ақпарат алу үшін қолданылады.

Б) шаманистер мен неошаманистер белсенді түрде астральді техникасын аруақтардың жоғары әлемі мен тозақтың төменгі әлеміне кіру ритуалын өткізу үшін қолданады. Болашақты болжау, жоғалған адамды іздеу, ұрланған заттарды және т.б. анықтайды. Осы бағыттың өкілдері белсенді аккультті емшілікті қолданады. Буддизмнің шаманизмге әсерінен астарльді техника арасында тантро-йога элементтері байқалады, оның ішінде сексуалды және оргиялық ритуалдары дөрекі көрінеді.

В)скандинавиялық, германиялық және славяндық неопұтқа табынушылар бағытындағылар өз пантеондарының құдыретімен тікелей контактіге түсу үшін әрекеттер жасайды. Славяндық неопұтқа табынушлар өкілдері осы техника арқылы өз құдайларын даңқтайды, яғни олардың түсінігінше даңқтау осыдан шығады. Сонымен қатар, неопұтқа табынушылар әскери практиктер өшпенділік күшімен астральді шабуыл және майдандарды қолдана алады.

Сатанистер Алистер Кроулидің «Не істегің келеді, соны істе, ол заң» деген тезисін басшылыққа алады. Қатысатын жастар контингенті көбіне 15-пен 25 жас аралығындағылар. Жалпы олардың біразы өздерін сатанист немесе неопұтқа табынушылар деп есептейді, өз өмірлерінде бір рет болса да діни практикаларға қатыспайды, бірақ күнделікті өмірде идеология мен сыртқы атрибуттарды (амулет, жұлдызшалар, пентаграмма, қара киім және т.б.) белсенді қолданады. Жасы 20-дан асқаннан кейін жастар жаңа әлеуметтік байланыстарға қатысты отбасын құру, жұмысқа тұру және т.б себептерге байланысты сатанистік ұйымдармен байланысын үзеді. Бірақ неопұтқа табынушылар және неошаманистер сол мәдени және идеологиялық феномендер аясында өз әрекеттерін жалғастыра береді, бірақ барлық жағыдайда культ практикасын жүзеге асыра бермейді. Оларға жыныстық шектен шығу мен тұрақты психикалық фобия тән. Туыстық қатынастың үзілуі, кейде тіпті туысканын өлтіруге дейін жетеді. Татуировка, шрам және т.б. (абцестер, қанның зақымдануы, ЖИТС) өздерін ерекше ету әрекеттерімен сипатталады.

Неопұтқа табынушылардың ерекшеліктері:

- әлеуметтік байланыстың үзілуі (отбасын құру, орманға кету және т.б.);

- психиканың бүзылуы;

- нашақорлық;

- діни және ұлттық жақтыртпаушылық негізінде қылмыс жасау.

Неошаманизмнің ерекшеліктері:

- психикалық бұзылуларда;

- әлеуметтік байланыстың бұзылуы;

- физикалық тұрғыда зиян келтіру, психотропты заттар қолдану мен қатар антигуманды техника қолдану (отты жалаңаяқ басу, шектен тыс тату, шрам жасату, денені тесу, тілу әрекеттерін жасау және т.б.).

Сатанизм культ өкілдері бірнеше типтерге бөлінеді:

Бірінші тип–"өздігінен ізденетіндер". Бұлар сатанизмге әдебиеттер арқылы, осы кітап бойынша, көрген фильмдер арқылы, рок тағы басқада сатанизмның дәстүрлеріне қызығып көруге келушілер. «Өздігінен ізденетіндердің» көбі ұйымдасқан топтармен немесе культпен байланысып әрекет етеді.

Екінші тип–"психопатиялық сатанистер". Бұлар құлықтылық, кемтар, индивидтер, зорлауға, садизмге, некрофилияға бейім келеді. Олардың патологиялық ауытқуын қанағаттандырып, идеялық, ритуалды әрекеттерге ерекше мән береді. Алғашқы екі топ кейде бір-біріне ауысып жатады.

Үшінші тип–"діни сатанистер" қалыптасып, іргесі бекіген топтан тұрады, мысалы, "Российская церковь сатаны", "Южный крест", "Черный аист т.б.

Төртінші тип–"қара сатанистер", аздаған құпия топтардан тұрады, олар ұрпақтан келе жатқан сатанизм әдептері, шайтанға бағыну мен оккультизмнің ең терең формасын меңгергендер. Олар өз әрекеттерін жария қылмайды. Бұл топтарға "Черная графиня" (Москва), "Верховная жрица" (Брянск), "Чернь-ангел" т.б. жатқызуға болады. Кейбір "қара сатанистер" үшінші типте сатанистік секта әдептеріне мысқылмен қарайтыны қызық, олардың әрекетін «баланың ойыны» немесе «еркелік» деп түсінеді.

Жоғарыда аталған тип өкілдері жасалған ритуалдарына жауапты болып, әлеуметтік қауіпті келеді.

Сатанизмге жақын келетін культтер: Шайтандар шіркеуі, Сайентология ("Дианетика") шіркеуі, Люцифер жолдастар Ордені, Люцифериан халықаралық ассоциациясы, "Кельтск-Батыс дәстүрі", Зеленый Орден, "Черный Ангел", "Южный Крест", "Юнивер" орталығы т.б. жатады.

Сатана сөзі әр тілде әр түрлі айтылады: шайтан–арабша, сет–египетше, акума–жапонша, дев–парсыша, пувкка–валлийше болып келеді.

Европада сатанизм тарауының ең жоғары өркендеп дамыған кезеңі XVII ғасыр ортасында байқалды, тіпті жоғары ақсүйек орталарда да кездескен. Сол кезде құрбан шалу ретінде көп жүздеген сәбилер алынған. Ол кездерде негізгі сатанистік дәстүрлер ұсақ-түйек бөлігіне дейін мұқият орындалатын.

Қазіргі сатанизмге идеялық шабыт беретін Кембридж түлегі, оккультист және бірнеше "магиялық" кітаптардың авторы Алистер Кроули (1875-1947). Ол шайтан–адамға жау емес, ол–өмір, жарық және махаббат деп санайды. Өзін Апокалипсис деп есептейді, көптеген шәкірттер дайындап шығарған. Алистер Кроули йога мен буддизмнің тантрикалық дәстүрлерін қолданған, Қытай мен Гималайда өмір сүрген.

Сатанистердің біздерге белгілі бірлестіктерінен қазіргі кезеңге жеткендері: «Шайтандар шіркеуі», «Люциферистердің халықаралық ассоциациясы», «Кельт-шығыс дәстүрі», «Жасыл орден», «Қара періште», «Оңтүстік крест», «Афина Палладаға табыну» және т.б.

Жалпы сатанистік ұйымнан қол үзу ақыры психикалық және моральдік қудалауға, сонымен қатар құқық бұзушылық жағыдайларына әкеледі. Кейде бас тартушының өзін немесе жақынын өлтіруге дейін барады.

Неопұтқа табынушылардан және неошаманистерден шығу көбіне ұйым ұлттық немесе фашисттік қозғалыспен байланыста болса, ақыры жаман аяқталады немесе адам өз жазасын тартатын әрекеттерге барады.

2. Экстремизм (латын тілінен–езіп,жаншу.) саясатта ең төменгі көзқарастарды көрсететін категория, былайша айтқанда бұл саясат, сонымен бірге басқа таптарға, жіктерге, жеке саясаткерлерге, қауымдастықтарға, билік құрыламдарына және мемлекетке күш қолдану іс-әрекет қарым-қатынасына құрылған. Жалпы көрінісі бойынша қоғамдағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды радикалды түрде жоққа шығарып, соңғы көзқарас пен іс-әрекетке жақын тұрғандығымен сипатталады.

Осыдан, этникалык экстремизм, саяси экстремизм, діни экстремизм деген түсініктер пайда болады. Экстремизм субъектілері болып, қоғамдық ұлттық, діни, саяси партиялар мен қозғалыстар, жеке тұлғалар, топтар тіпті мемлекет саналады. Діни негіздегі экстремизм–бұл діни соңғы іс-әрекет пен көзқарасқа жақын тұратындығы. Осы экстремизмнің негізін зорлық-зомбылық, қатыгездік және агрессия байланыстырады.

Соңғы он жылдықта өте кең таралып отырған экстремистік ағым, діни постулаттармен байланысып, элеуметтік органның саяси сферасында болғанымен «діни экстремизм» түсінігін қамти алмайды.

Діни экстремизм–діни жамылғы жамылған, діни қызығушылыққа мемлекеттік құрылымға күш колдану арқылы, билікті күшпен басып алу, мемлекеттік тұтастығына, егемендігіне нұқсан келтіретін, осы мақсатқа сәйкес діни қастандықты қоздыратын іс-әрекет. Діни экстремизм–бұл діннің шеткі көзқарас пен іс-әрекетке бағытталуы. Осындай экстремизмнің негізін күш қолдану, қатыгездік, агрессия кұрайды.

Қоғамдағы осындай түрдегі экстремизмнің себептерін туғызатын:

- әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар;

- саяси құрылымдардың өзгеріске ұшырауы;

- тұрғындардың көп бөлігінің өмір сүру деңгейінің құлдырауы;

- оппозициямен басқа да түрдегі көзқарастарды биліктің қудалауы;

- өз мақсат-міндеттерін жылдам іске асыру үшін діни топтардың, саяси партиялар жетекшілерінің амбициялары, ұлттық билеп-төстеу.

Кей уақытта экстремизмнің таралуы себептеріне демократиялық қайта жаңару нәтижесінде жарияланған ар еркіндігін жатқызады. Алайда ар еркіндігі азаматтардың бостандығын қазіргі құқықтық мемлекетте азаматтардың негізгі құнды еркіндігі деп түсіндіріп, діни бірлестіктерге толықтай еркіндік (яғни халықаралық жағыдайдағы) экстремизмдік идеологияның коғамда пайда болуына жағыдай жасайды.

Діни экстремизм–бұл діни ықпалдастырылған және діни жамылғы жамылған іс-әрекет, осы мақсатта діни қастандықты, жеккөрушілікті қоздырушы, егемендікті және мемлекеттің территориялдық біртұтастығын бұзуға бағытталады.

Саяси және азаматтық құқықтар жөніндегі халықаралық пакт былай дейді: «Әрбір адам дін және ар еркіндігін, ой еркіндігіне құқылы. Бұл құқықка дінді қабылдауға немесе еркін болуға, сенуге таңдау еркіндігіне, өз дініне жеке сенуге, басқалармен бірігуге, жалпы немесе жеке түрде діни және ритуалды дәстүрлерді орындауға, оқуға құқылы» делінген.

Түсініктердің қарым-қатынасы қазіргі түсіну «діни сенім еркіндігі» (1), «ар еркіндігі» (2) және «ой еркіндігі және сенім» (3), графикалық тізбе бойынша былай берілген (сүлбе 1).

Экстремизм базасын маргиналды (латын тілінен) топтар, ұлт өкілдері және дін өкілдері, өмір сүру тәртібіне қанағаттанбайтын интеллигенцияның бір бөлігі, студенттер, кейбір әскери топтар кұрайды.

Маргиналды топтар–құндылықтар мен нормалардың өзіндік жүйесіне құлап сенетін, дәстүрлі мәдениет пен құндылықтарды жоққа шығарушылар.

Сүлбе 1. «Діни сену еркіндігі» түсінігінің графикалық ара-қатынасы.

Діни негіздегі экстремизм саясатпен және ұлтшылдықпен тығыз байланысты, біртұтастықты білдіреді, сондықтан ғылыми әдебиетте «діни-саяси экстремизм» термині қолданылады.

Экстремизмді жақтаушылар демогогиялық жолмен, тәртіпсіздікті ұйымдастырумен, азаматтық бағынбаушылық актілерімен өмір сүріп отырған қоғамдық құрылымдарды қиратып, өздерінің мақсаттарына жетуді ойластырады. Сондықтан күш әдісі кеңінен қолданылады: террорлық актілер, партизандық соғыс т.б, келіссөз жүргізу, компромисс принциптерін жоққа шығарады.

Діни негіздегі экстремизм терроризммен біріге отырып, идеяға сенімсіздіктің нәтижесі ретінде өз өмірлерін құрбан етеді. Сібір язвасын, ботулизмді таратуларды батырлықтың көрсеткіші екендігін барлығы біледі.

Діни негіздегі экстремизм фонатизм белгісі, тек абсолюттік этникалық релятивизм ғана идеологиялық және саяси мақсатқа жету жолында адам өмірін құрбандық етуін ақтап көрсетеді.

Қазіргі әлемде көптеген, сенім тудырмайтын діни ағымдар пайда болды («фанатикалық секталарды» атауға болады, олардың бүлдіргіш іс-әрекеттерінің алдын-алу мақсатында окып-үйренуге тура келеді). Топтар аз болған сайын, онда фанатизм күшейе түседі.

Соңғы жылдары ақырғы заман идеясы орын алып отыр. Былайша айтқанда апокалипсистік қозғалыс. Бұл идеяны уағыздаушылар зорлық-зомбылыққа шақырмайды және өзгеріп, қайта өрлеудің уағыздаушыларымыз немесе жаңа адамдардың туылуы деп есептейді.

Діни негіздегі экстремизм ақпараттық терроризм және кибернетикалық соғыс тактикасын қолдануы мүмкін. Компьютерленген қоғамда ақпаратты жасырын ұстау мүмкін емес, оны қорғау толық эффектілі емес. Экстремистердің мақсаттары да өзгеруде: енді саясаткерді өлтіру немесе топты адамдарға жарылғыш зат лақтырғаннан гөрі, бірнеше кнопканы басып, драмалық және кең масштабты нәтижеге жету.

Егер діни экстремизм өзінің іс-әрекетін ақпарат жүйелерінде әскери қимылдарға ауыстыруы, оның бүлдіру күші қарулардың басқа түрлерінен көп басым болады.

Діни экстремизм дегеніміз не деген сұраққа жауап беріп көрелік. Идеологияда бұл:

- басқаша ойлаудың барлық түріне қарсы шығу, басып-жаншу;

- саяси және діни көзқарастардың өзіндік жүйесін қатаң түрде енгізу;

- көшбасшының бұйрығына көзді жұма отырып бағыну.

Ұйымдастыру түрінде бұл:

- ұйымның құрылымында жасырын түрде болуы;

- террор түрінде агрессивтіліктің болуы;

- мемлекет жариялаған және өмір сүріп отырған құрылымға өздерін қарсы қою.

Соседние файлы в папке Дін тану