Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Дін тану 1

.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
28.92 Кб
Скачать

Тақырыбы: Дін және қоғам Білімділік: Дін және қоғам туралы анықтама бере отырып, діннің қоғамда алатын орны, түрлі экстремистік ұйымдар және жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы мәлімет беру.  Тәрбиелік: Қоғамда өз көзқарасын айқындай алатын ,жат діни ағымдардан аулақ жүретін,сенімі берік, қоғам өмірінде биік мақсаттарды жүзеге асыруға дайын, ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың бойында белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, дамыту, ойларын шыңдау. Әдісі: Дөңгелек стол , пікір алысу, сұрақ- жауап Көрнекілігі: 1.Слайдтар 2. Бейне көрініс 3. Дін және қоғам жайлы көрнекті тұлғалардың  нақыл сөздері Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Дін және қоғам» деп аталатын іс-шарамызға қош келдіңіздер.Осы тақырыпқа сай, өз ойларын сіздермен бірге ортаға салуға, дөңгелек столға арнайы шақырылған қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.  1_________________________________________________________ 2_________________________________________________________ 3_________________________________________________________ 4_________________________________________________________ 5_________________________________________________________ 6_________________________________________________________ Ендігі сөз кезегін бүгінгі кездесуді алға апаратын жүргізушілерге берсек. 1 жүргізуші: Жарық дүние деп аталатын әлемде исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспау үшін, ибалы азамат және иманды қоғам құруымыз қажет. Бүгінгі дөңгелек столымыз дін мен бүгінгі қазақ қоғамындағы діннің маңызына арналады. 2 жүргізуші: Қасиетті дініміз сонау пайғамбарымыз Мұхаммед (сғс) заманынан бергі 14 ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны белгілі. 1 жүргізуші: Елбасымыз Н.Назарбаев «Біз тегіміз Түрік, дініміз Ислам екенін ұмытпауымыз керек» деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған. Ислам барша адамзаттың наным- сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан алла тағаланың соңғы, әрі бірегей діні. 2 жүргізуші: Алайда қазіргі кезде ислам дініне қатысты қоғамда әр түрлі уағыздар айтып, өңін өзгертіп, зиянды әсерін тигізіп жүрген жат пиғылды топтар көбюде. Осындай ағымға алданған қаракөздерімізді көргенде, өзегіңе өрт түскендей өкінішті сезесің. Бұған кімді кінәлаймыз, адамды ма, әлде қоғамды ма? 1 жүргізуші: Бейне көрініске көңіл аударайық. Бейне көрініс көрсету 2 жүргізуші: Жаңа бейне көріністен байқағанымыздай, қазіргі уақытта жат дінге сеніп, басқа ағымға ерген бауырларымызды көптеп кездестіреміз.Оған басты себеп не деп ойлайсыздар? Адамның ерік жігерінің әлсіздігі ме, әлде қоғамдағы діни ахуалдың төмендігі ме? Бүгінгі іс-шарамыздағы алғашқы сөз кезегін тарих пәні мұғалімі Бекбанова Базаркүл апайға береміз. 1 жүргізуші: Ендігі сөз кезегі дөңгелек столымыздың қонақтарына  беріледі. 2 жүргізуші: Келесі пікірге кезек берсек:______________________  1 жүргізуші: Ойда жүрген, көкейіміздегі дін және қоғам туралы сұрақтарды қонақтармен бөліссек. 1 сұрақ: ________________________________________________ Ваххабизмнің біздің қоғамымызға тигізіп жатқан зияны бар деп ойлайсыз ба? Бар болса, ол қандай? 2 сұрақ:___________________________________________________ Жергілікті жерімізде түрлі діни ағымдарға бой ұрып, бірақ оның зардабын біліп, өз дініне қайта келгендер бар ма? Мысал келтіре аласыз ба? 3 сұрақ: _________________________________________________ Біздің өлкеде жасырын діни ағымдар бар ма? Бар болса, анықталып, тиым салынғандары кездесті ме? 4 сұрақ:___________________________________________________ Қазақ жастарының дінге көптеп бет бұрып жатқанымен түрлі ағымдардың жетегінде кетіп жатқандары көп, тура жолдан адаспас үшін қалай сақтануға болады, яғни басқа жат ағымдардың уысына түспеудің, жолы қандай? 5 сұрақ: __________________________________________________ Жастардың басқа діни ағымдарға ілесу себебін айтып берсеңіз? 2 жүргізуші: Ислам діні және қоғам туралы көрнекті тұлғалардың нақыл сөздері, жыр жолдарымен танысыңыздар.  1 оқушы: Елбасымыз Н.Назарбаев «Тарих толқынында » кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ, жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Бізге қауіп төндіретіні – діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны» жайлы жазады. 2 оқушы: Орта ғасырлық ғалым: Жүсіп Баласағұни былай деген «Алла адамға ақыл, ерік пен таңдау берген. Ақыл мен ерікті дамыта білген адамға Алланың құты тұрақтайды. Сондықтан нағыз мұсылман әрдайым Алладан мінәжат етіп, одан жол көрсетуін тілеуі қажет. Адам Алланың құты арқылы кемелдікке жетіп,оның дидар- жамалын көре алады. Жақсы дұрыс адамдар ғана қоғамда сенімді орнықтырады.» 3 оқушы: «Әлемдегі діндердің түп мақсұты,  Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар: Құдай- бар, Ұждан-дұрыс, Қиямет- шын, Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар  Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,  Оны бөліп, дұшпандық қару жасар. Інжіл, Құран- бәрі айтып тұрса –дағы,  Мағынасыннан адасып қара басар. Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді, Дін десе білімділер тұра қашар. Ешбір дін өйтіп дұшпан бол демейді. Кәнекей бұл сөзіме кім таласар.» - деген еді дана Шәкәрім Құдайбердіұлы  4 оқушы: Белгілі дін танушы Мұртаза Бұлұтай былай дейді: «Ислам діні адамның ойлау қабілетін, ақылын, иманын, адами абыройын, жанұя ұйымы мен қоғамды сақтап, әлеуметтік әділеттілікті көздейтін дін.»  5 оқушы: Тұрмағамбет Ізтелеуовтің жыр жолдарын жатқа айтады. 1 жүргізуші:Оқушылар қазіргі қоғамда қауіп төндіріп отырған термин сөздермен таныстыра отырып, өз пікірлерін айтып өтсе. 1 оқушы: Мен экстремизм ұғымы жайлы айтқым келеді. Бұл сөз латын тілінде «шеттеу», «өз пікірімен әрекет жасау» дегенді білдіреді. Олар өздерін таза, дұрыс санап,өзгелерді адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Олар ислам  талаптарына үстірт қарайды, пікір қайшылықтарына барады, көп ілім үйрену зиян деп есептейді. Ата заңымыз бен өзге заңдарды мойындамайды. Олар көздеген мақсатына жету үшін ештеңеден қаймықпайды. Күш, қару қолдану арқылы, дін атын бүркемелеп, негізгі ойларын жүзеге асыруға тырысады. 2 оқушы 3 оқушы: Қазіргі таңда секта сөзі жиі кездеседі. Секта –латынша «ізінен еремін» деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым дәстүрлі дін іліміне қарсы бағыттағы діни ұйым түрі. Секталар көбіне өздерін ортақ дін ілімі мен зайырлық қоғамда қалыптасқан тәртіпке, нормаларға қарсы койып, өзіндік мәдениет қалыптастыруға тырысады.  2 жүргізуші: «Дін және қоғам» тақырыбына орай жасалған слайдтарға зер салайық.  Слайдтармен таныстыру. 1 жүргізуші: Айтылған пікірлерден кейін ойымызды түйіндей келе келешек тірегі- ибалы адам, иманды қоғам болу үшін дінімізге берік болайық дей отырып ендігі сөз кезегін өз шығармашылығында дінге қатысты бүгінгі ұрпақ ойын жыр жолдармен көмкерген 10 «а» сынып оқушысы Дәрібаева Аидаға береміз. 2 жүргізуші: Әнге кезек берейік 1 жүргізуші: «Ұлттың өзін -өзі сақтайтын бірнеше факторлары бар. Олар тілі,діні,тарихы, атамекені, дәстүрі» Кез келген халықты құрту үшін оның дінін құртса, ол халықтың тұтастығы, іргесі де сөгіледі. Діні мықты болған халықтың санасы да сергек, іргесі де тұтас болмақ. Бүгінгі іс-шарамыздың қорытынды сөзін мектеп басшысы Жұмабаев Болат ағайға береміз . 2 жүргізуші: Бүгінгі іс-шараға белсене қатысып, тыңдағандарыңызға,  ой-пікірлеріңізді ортаға салғандарыңызға рахмет!

Соседние файлы в папке Дін тану