Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

2. Көне үнділердің құдайлар пантеоны:

Құдайлардың аты

Қызметі

Деус-Питар

Аспан құдайы.

Притхиви

Жер құдайы.

Митра

Адамдардың достығы мен бірлігінің кепілі, оларды ауру-сырқаудан сақтаушы, күннің шығыуы мен батуын қадағалаушы, аспан мен жерді ұстап тұрушы–ең жоғарғы құдай.

Индра

Жауынгер-құдай, перілермен соғысып, оларды жеңуші құдайы, жауынгерлерге батылдық пен қуат беруші.

Рудра

Маруттарды (ағайынды жел мен жауын құдайлары) тудырушы, ашу мен ыза құдайы, солтүстікті мекендеген, адамзатқа түрлі аурулар жіберіп отырған, сонымен бірге қандай науқастан болмасын айықтырушы керемет емші.

Агни

Құдіретті оттың символы, дін уағыздаушы құдай, адамдар мен құдайлар арасындағы байланыстырушы. Ерекшелігі–оның үштік табиғаты: үш басы, үш тілі, үш нұры бар және үш жерді мекен етеді.

Сома

Өзі де құдай дағуасында бола отырып, мәңгілік ғұмыр, қуат, бақыт пен қуаныш беретін «сома» құдіретті шырынының символы.

3. Брахман діні б.з.д. X-VII ғ.ғ. дін түрінде қалыптасқан. Оған көне үнділер қоғамының Харапп өркениеті кезінен (б.з.д. ІІ мыңж.) төрт түрлі каста мен варналарға (адамдардың тобына) жіктелуі негіз болды. Олар: брахмандар– дін басшылары кастасы; кшатрий–әскери ақсүйектер кастасы; вайшья–диқандар, майдагерлер мен бақалшылар варнасы; шудра–қоғамдық меншіктен аластатылған, өзінен ілгерілерге қызмет етуші ең төменгі варна.

Брахманизмнің бас құдайлары–жаратушы-құдай Вишвакарман және самұрық-құдай Праджапати. Вишвакарман–барлығының жаратушысы, ең бірінші пайда болған құдай, аспан мен жерді жаратушы, өзі бастапқы судан пайда болып, баршаға болмыс сипатын берген.

Брахмадан жан иелері туады, туған соң өмір сүреді, соңында өліп, соған қайта оралады (исламмен ұқсастығы – автор Б.Х. Тажибаев). Ол–тіршілік, ақыл, білім, қуаныш. Брахма туралы ойлауға ақыл дәрменсіз, ақылдың өзі сол Брахма арқылы ойлай алады. Брахма баршаның әміршісі, уақыт дөңгелегі соның табаны астында айналады. Ол әлемдегі барлық өзгерістің себебі. Барлық көп атаулының бәрі осы бір ғана Брахмаға сиынып тұр. Брахма бір уақытта барлық заттардың ішінде де, олардан тыста бола алады. Ол жалғыз, ол–бәрін басқарып тұрушы. Осы әлем бастапқыда су түрінде болды. Бардың бәрін жаратқан осы су. Ол–Брахма. Брахма қасиеті жоқ нәрсенің ақылмен немесе ғылым жолымен танылуы мүмкін емес. Бұл қабылдауға деген айрықша қабілетке ие болғанда ғана мүмкін нәрсе. Бұл қабілет–йога білімі. Ақиқатты танудың ең жоғарғы түрі, яғни рухани абсолютті тану–болмысты толығымен және тұтастай қабылдау деген сөз. Ол тек мистикалық сезім (интуиция) арқылы ғана келеді. Ал соңғысы негізінен йога жаттығулары арқылы қалыптасатын нәрсе. Тек ең жоғары білім әлем билігін қолға ұстата алады. Осы дүниеде әділдік жолымен жүрген адал және шын білім қазынасын жинаған адамдар ғана мәңгілікке жетеді, қайта туып, тіршілікке қайтып оралмайды.

III. Сабақты қорытындылау.

1. «Веданың» діни ғұрыптарының мәні неде?

2. Брахманизмнің ерекшелігі қандай?

3. «Атман», «сансара», «карма» ұғымдарына түсінік беріңдер.

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 9.

V. Үйге тапсырма. § 8, инсерт әдісімен талдау.

Соседние файлы в папке Дін тану