Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

III. Сабақты қорытындылау.

1. Көне шумерлер мен аккадтықтардың дінінде адамның өмірі мен тағдыры қалай айқындалады ?

2. Шумерлер мен аккадтар құдайларының және адамдардың арақатынасы қалай түсіндіріледі?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 5.

V. Үйге тапсырма. § 4 оқу, талдау.

5 Тақырып. Көне Египет діні.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға Египет діні, діни ғұрыптары туралы тың мәліметтер беру, «пирамида», «бальзамдау», «фараон» ұғымдарына анықтама беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру және олардың білім-біліктілігін арттыру.

  2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету .

  3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіріп, дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

    1. Құдайлар пантеонының маңызы.

    2. Бальзамдап сақтаудың құпиясы.

    3. О дүниеге қалтқысыз сенімі.

    4. Фараон–жердегі құдай.

    5. Пирамидалар–құлшылық ескерткіштері.

1. Египетте дін бүкіл мәдениеттің біртұтас негізі болды және сәулет, бейнелеу өнерлерінің және әдебиеттің қайталанбас туындыларын жасады. Бізге бұл үлгілер тұтас күйінде жеткен жоқ. Түпнұсқалардан қолда бары б.з.д. 2600-2300 жылдардағы көне патшалық дәуірінің «Пирамидалар мәтіні» мен б.з.д. XXI-XVIII ғ.ғ. шамасындағы орта патшалық дәуірі «Өлілер кітабы», «О дүниеде не бары туралы кітап» деген, тағы басқа бірқатар діни шығыармалардан көрініс табады.

Көне Египеттегі құдайлар пантеоны Жоғарғы және Төменгі Египет патшалықтарының құрылуы барысында қалыптасқан:

Жоғарғы және Төменгі Египет патшалық дәуірі

Орта және Жаңа патшалық дәуірі

Көне Египетте ертерек дәуірлерде Жер-Ана және оның күйеуі, Нил өзенінің иесі Хапиді культі басым болды. Олар баршаға тіршілік сыйлаушы деп танылды. Одан бертінде жер құдайлары Геб және Акер, олармен қатар Аспанды мадақтайтын ана құдіреті кейіпіндегі Нут құдайына сиыну орныққан уақыттың өзінде Жер-Ана мен Хапи культінің мерейі жоғары болды. Египеттіктердің көнедегі тотемдік нанымдары құдайлар мен рәміздерге енгізілген хайуанаттар культінен көрініс береді.

Египетті Орта және Жаңа патшалық дәуірінде атақты Фива қаласынан шыққан фараондар биледі. Ра–Күн құдайы Фивадағы Күн құдайы Амонмен теңестірілді, екеуі біріктіріліп, Амон-Ра Күн құдайы пайда болды.

Көне Египеттің мифтері әлемнің жаралуын әртүрлі түсіндіреді. Бір қағида бойынша ең мәртебелі Күн құдайы Хаостан пайда болды делінсе, екінші бірінде алдымен су болып, одан керемет лотос гүлі көтеріліп шығып, осы гүлден Ра пайда болды да, осыған дейін қараңғылық қапасында жатқан жерге жарық шашады.

Мифтердің ішінде Мемфис қаласының қорғаушысы Птах атты құдайдың әлемді жаратуы туралы миф ерекше маңызды. Бұл құдай барлық дүниені, бүкіл әлемді оймен және сөзбен жаратқан. Ол аттарын тізіп айта отырып, алғашқы 8 құдайды жаратады.

Құдайдың аты

Қызметі, бейнесі

Амон-Ра

Египет дінінде «барлық әкелерді, барлық құдайлардың әкесі, көкті көтеріп, жерді орнықтырушы, бірден-бір ұлы жаратушы құдай» болып қала берді. «Амон» сөзі «құпия», «тылсым» деген мағынаны білдіреді. Амон-Ра бір уақытта Осирис те, Птах та, басқа да құдайлар кейіпінде бола алады деп саналды.

Осирис

Өліп, қайтадан тіріліп отыруына қарай әр мерзімде жыл сайын жаңғырып отыратын барша табиғат символына айналды.

Исида (Исет)

Осиристің әйелі диқаншылық және адамзаттың білім нәрін жинауына қамқоршы Ұлы Ана-құдай бейнесін сақтауымен қатар молшылық, отбасы, су, жел құдайы және суда жүзу жебеушісі болып танылады. Ол адал жар және қайырымды ана символы.

Ренеутет

Тағдыр мен қамбадағы астық құдайы, жылан түрінде бейнеленеді.

Хатор

Аспан және махаббат құдайы.

Тефнут

Дымқылдық құдайы.

Сохмет

Соғыс құдайы.

Баст

Сауық құдайы, мысық түрінде бейнеленген.

Египет құдайларының пантеоны жергілікті культтердің бір орталыққа–Ұлы құдай бейнесіне тоғысып, мемлекеттік дінге айналуы Египеттің мемлекеттік тұтастығына қызмет етті.

2. Көне Египеттегі құдайға құлшылық рәсімдері діни ғұрыптарының негізінде адам жаны және Осиристің тірілуіне сену жөніндегі діни түсініктер жатты. Олар адам жаны мынадай 4 бөліктен құралды деп санады:

1) Ба–жанның өзі.

2) Хайбет–оның көлеңкесі.

3) Рен–есімі.

4) Ка–адаммен бірге пайда болатын, бірақ онымен бірге өлмейтін, тіптен тәнді сақтаған жағдайда өмір сүре беретін көзге көрінбейтін екінші бейнесі. Осыдан өлген адамның тәнін бальзамдап сақтау, оның мүрдесінің жанына қажет делінген заттар мен ас-су қою рәсімі орныққан.

3. Көне египеттіктердің о дүниеге қалтықсыз сенімі Осирис туралы мифтен айқын көрінеді. О дүниеге аттанған адамдар Осирис құдаймен шендестіріліп, олардың қабырғаға қашалған аттарына «Осирис» есімі міндетті түрде қоса жазылатын болған. Адам жанының пейішке (Иару даласына) барып жай табуы, сонда өзіне шығарылатын үкімді күтуі үшін жерлеу рәсімін дұрыс атқару ерекше маңызды саналған. Адам өлген соң Иару даласына, Осиристің алдына барады, соның көзінше Гор, Анубис және Маат өліктің жүрегін безбенге салып, оның кінасын айырып, үкім шығарады. Бұл уақытта өлік «Өлілер кітабынан» «Күнәні мойындау» дұғасын оқып, өз жүрегінің тазалығын дәлелдейді. «Таза» адам Иару даласына жіберіледі де, күнәлілер денесі арыстан, басы крокодил құбыжық–Амтқа жемтікке тасталады.

4. Көне Египет діні бойынша фараон жердегі құдай саналды, мемлекеттік және дін басқару соның қолына топтастырылды, Күн құдайы–Ра-ның мұрагері және оның жер бетіндегі бейнесінің өзі болып құрметтелді. Бертініректе фараон әкім ретінде Осириспен шендестіріліп, жерді қастерлеу рәсімдерін тегіс басқарушы, жер қазынасының бас сақшысы дәрежесінде орнықты. Көне Египет дінінің мемлекеттік сипаты шет аймақтардағы барлық құдайлар культін бір пантеонға біріктіру қажеттігін талап етті. Осындай орталықтандыру барысында Египетті басқару мен ондағы діннің тұтастығының кепілі ретінде фараонды «тірі құдай» дағуасына көтеру заңды құбылыс болатын.

5. Египет ақсүйектеріне қойылған ең көне құлшылық ескерткіштері– мастабтар немесе үш бөліктен тұратын қабірлер. Оның алдынғы бөлігіне құрбандық шалатын қондырғы мен о дүниеге өткен адамға тартулар қойылатын болған. Екінші бөлмесіне өлген адамның тас мүсіні орнатылған. Ал жердің астын үңгіп жасалған бөлегіне саркофаг орналастырылған. Көне патшалық дәуір фараондарының мүрдесі үшін алып пирамидалар тұрғызылған. Орта және Жаңа патшалық дәуірлерінде пирамидалар орнына тау үңгірлерін қашап, қуалай отырып ұзын галереялар жасалатын болған. Храмның ішіне құдайға тарту алып, фараондар мен дінбасыларының ғана енуіне рұқсат етілді. Дін жолындағы қара халық аса ерекше жағдайларда ғана, мәселен, тұңғыш бала көргенде, құдай үйінің ауласына ене алатын болды.

Соседние файлы в папке Дін тану