Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

III. Сабақты қорытындылау.

1. Жапонияда синтоизм діні қалай пайда болды?

2. Синтоизм ілімінің ерекшелігі қандай?

3. Синтоизмнің қандай діни рәсімдерін білесіндер?

4. Синтоизмнің басты мейрамдары қандай ?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 14.

V. Үйге тапсырма. § 13 оқу.

14 Тақырып. Иудейлік діні. Иудейлік ілімнің негіздері мен ерекшеліктері.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға иудейлік діні туралы терең білім беру және білімі мен біліктілігін арттыру.

2. Иудейлік іліміне талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білу.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырып, дамыту.

Негізгі ұғымдар:

«Еврей–«өзеннің арғы бетінен келгендер», «кезбелер» деген мағына береді.

«Иерусалим»–Израильдің қазіргі астанасы.

«Апологеттер»–жақтаушылар (иудаизмді).

«Інжіл (Библия)»–христиандардың қасиетті кітабы.

«Тора (Таурат)»– иудаизмнің қасиетті кітабы.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

1. Иудайзмнің пайда болуы мен мазмұны.

2. Иудайзмнің негіздері мен ерекшеліктері.

1. Көне еврейлердің діні көп жағынан өзге діндерге қарағанда ерекше. Бұл дін әрі еврей халқының тарихы. Ал еврейлер тарихы, бейнелеп айтқанда, адамдар мен құдайдың қарым-қатынасының тарихы. Сондықтан да ол жай ғана тарих емес, Қасиетті тарих деп аталады.

Бұл діннің ерекшелігі сол, оны жасаушы еврей халқының өздерін құдайдың ықыласы ауған ерекше халықпыз деп санауында.

Еврей халқының өмірінен, оның рухани дүниесі мен мұраларынан Інжілдің (Библия) ең көнедегі үлгісі–Көне өсиеттер көптеген қызғылықты мәліметтер береді.

Көне өсиеттерді христиандар өздерінің діни кітабы санайды. Сонымен бірге ол еврейлердің қазіргі діні–иудаизм діні Қасиетті жазуларының да негізі болып табылады. Христостың өзі де еврей халқының ортасынан шыққан пайғамбар, христиан діні мен иуда дінінің арғы тамыры бір жерден барып қосылады.

«Еврей» деген сөз, ғалымдардың пайымдауынша, «өзеннің арғы бетінен келгендер» немесе «кезбелер» дегеннен шыққан. Еврейлер мен арабтар негізі бір тамырдан тарайтын нәсілдес халықтар. Көне замандарда еврейлер де Арабия түбегінде тұрып, мал бағумен күн көрген.

Көшпенді тайпалар Ханаан жеріндегі өздеріне туыстас, бірақ отырықшы өмір сүретін тайпалармен қосылып, жаңа ұлтты құраған.

Израильдің қазіргі астанасы–Иерусалимді үш діннің қаласы деп атайды. Мұнда христиандық, ислам және иудаизм тоғысады. Христиандар оны Христостың (Ғайса пайғамбар) табыты қойылған қасиетті жер деп құрметтесе, еврейлер үшін бұл көнедегі дін орталығы ғана емес, еврей халқының қайтадан Жаратушы мейріміне бөленіп, жаңғыруының кепілі: еврейлердің тұңғыш сәулетті ғибадатханасы осында орнатылған болатын. Оны римдіктер тас-талқан етіп, еврейлердің өздерін бүкіл жер жүзіне шашырап кетуге мәжбүр етті.

Еврейлер бұл біздің құдай алдында жасаған күнәміздің зауалы дейді. Олар осы ғибадатхананың аман қалған бір қабырғасына бас қойып, Жаратушыдан кешірім сұрап зарлайды. Осыдан, бұл қабырға «Жоқтау қабырғасы» деп аталады және әлемдегі бүкіл еврейлердің тәуәп ететін орталығы болып саналады. Сондай-ақ ислам үшін де Иерусалим қасиетті жерлердің бірі: ислам діні Ғайсаның пайғамбарлығын мойындайды, тек христиандарды Ғайсаның ақ жолын бұрмалаушылар деп санайды. Сонымен бірге, Мұхаммед пайғамбардың миғражға шығуы да осы жерлермен байланысты. Осында VII ғасырдың соңын ала Омар халифтің әмірімен бұрынғы қирап қалған еврей ғибадатханасының орнына Куббат-ас-Сахра (Шың күмбезі) мешіті салынған.

Иудейлік ілімінің негіздері. Иудаизм деген түсінік ертеде пайда болған. Бірақ, ол еврейлер дініне қатысты біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында ғана қолданыла бастады. Әдетте иудаизмді жер бетіне тарап кеткен еврейлердің жаңа дінінің атауы деп қабылдайды. Иудаизм апологеттері (жақтаушылары) бұл пікірмен келіспейді. Олар еврейлердің көне уақыттардағы діні мен иудаизм бір нәрсе деп санайды.

Еврейлердің көне діні мен жаңа дінін жалғастырғандар фарисейлер болды. Олар пайғамбарлықтың уақыты озды, ендігі жерде құдіретті шындықты адамзатқа заң жолымен жүретін ұстаздар мен Жазуларды ұғындырушылар жеткізуі тиіс деген тұжырымға тоқтады.

Иудаизм–монотеистік дін. Құдай жалғыз, ол мәңгі жасайды, ол барлық жерде, бәрін көреді, бәрін біледі, заттық сипаты, айқын кескіні жоқ. Сондықтан христиан дініндегідей оның суретін салу мүмкін емес. Тіптен оның есімін тура атауға болмайды. Құдайдан өзгеге (періштелерге, әулиелерге, жұлдыздарға т.б.) құлшылық жасау–күнә.

Құдай заттық әлемді жеті күн ішінде өзінің сөзімен жаратты. Бұл жағынан иудаизм исламмен үндес келеді. Құдайдың ең сүйіп жаратқан мақұлығы–адам. Ол адамды дене мен рухтан жаратты.

Еврей халқы құдайдың әмірімен Авраамнан (Ибраһим пайғамбар) тарайды. Құдай әуелі Авраамға, соңынан оның халқына өсиет етеді. Осының күәлігі ретінде сүндеттеу рәсімі енгізіледі. Кейінірек құдай Моисей арқылы өзінің қалауы түскен халқына діни және азаматтық тұрмыс заңдарын жібереді. Сонымен бірге, Моисейге аян арқылы Моисейлік бес кітап деген қасиетті жазулар жіберілді. Еврейлер оны Тора (заң немесе ілім деген мағынада) деп атайды.

Ал еврейлер Моисейге табысталған 613 өсиетті орындауға міндетті.

Адамзат, соның ішінде еврейлер, құдай берген ерікті орынсыз пайдаланып, күнәға белшесінен батты. Құдай осы үшін қатаң жазаға бұйырды: еврей халқы бытырап кетті, жалғыз ғибадатханасынан айырылды.

Иудаизмнің негізінде еврей халқының шын тарихы жатыр. Осыдан оның тағы бір ерекшелігі шығады: иудаизм түгелдей дерлік жер бетіндегі шындық болмысын сөз етеді, керісінше о дүние туралы солғын баяндалады. Еврейлер жанның мәңгілігіне сенеді. Бұл туралы Торада айқын айтылған. Бірақ, мәңгілік ғұмыр мәселесі әртүрлі түсіндіріледі.

Еврейлер үшін еврей болу мен иудей дінінде болу деген сөздердің мәні бар. Еврейлер өз дінін еврей еместер арасында таратуға ешқашан ұмтылмайды, миссионерлікпен шұғылданбайды. Демек, иудаизмді ұлттық дін деуге әбден болады.

Соседние файлы в папке Дін тану