Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

3. Дао дінінің пайда болуы.

.

Бұл діни-философиялық бағыттың негізін салушы–Лао-Цзы. Оның еңбегі даналық сөздерден тұратын «Дао-дэ-цзин» (Дао туралы кітап) деген философиялық трактат.

Бұл кітапта насихатталатын ілімнің негізінде дао түсінігі жатыр. Дао– сөзбе–сөз жол дегенді білдіреді. Яғни ол әрі жол, әрі құдай, әрі ақыл, әрі сөз. Оның не түрі, не түсі, не аты жоқ. Өзі мәңгілік тұрақты, солай бола тұра барлық өзгеретін нәрселердің себебі.

Лао-Цзы даоны жол, қозғалыс, өзгерістердің себебі тұрғысынан қарастыра отырып, қоғамдық және саяси тұрмыс мәселелеріне келгенде мейлінше консерватор болды. Бұл жағынан ол конфуцийлікпен үйлесім тапты.

Қандай ниетпен бастамаса да, адамның кез-келген әрекеті зұлымдыққа себепші болады, «кімде-кім әрекет етсе–қателікке ұрынады, кімде-кімнің қолында бір нәрсесі болса, ол жоғалады, сондықтан құдіретті данышпан еш әрекет жасамайды, ол ештемесін жоғалтпайды да; ол дүниенің ырқына бағынады, өз бетінше бірдемені жасаудан бой салады», «данышпанның жүрегі әрнемеге бейтарап, салқын болуы керек, сонда барлық заттар өздігінен өзгереді», «кімде-кім түрлі шаруадан халас болса, соның дені сау болады»дао ілімінің табиғатын осы қағидалардан байқауға болады.

Адамның міндеті–айналадағының бәрін құлақ түріп, бәрінің мәнін ұғынып, табиғат ғажаптарын тамашалау, онымен үйлесім іздеу, табиғатты өз үйіңнің терезесінен көріп танып білуден артығы жоқ, алыс сапарға шықсаң, солғұрлым аз білесің, деп үйретті философ.

4. Дао ілімі зорлық пен қысастықтың кез-келген түріне қарсы. «Өзінің атын жеңіспен шығару–адамдардың өліміне шаттану» деген сөз.

Орта ғасырда даосизм екіге бөлінді:

  1. Философиялық мектеп;

  2. Діни ілім.

Ұстаздың дүниеге келуі, жасаған кереметтері туралы түрлі аңыздар пайда болды. Ол құдай дағуасына көтерілді. Дао дінінің ортодоксалды кітаптары пайда болды. Солардың бірі–«Әрекеттер мен жазалар туралы» кітап. Ол екі жүз он екі нұсқау мен өсиеттен тұрады.

Дао дінінде тылсым мен сиқыр басым. Бес элемент–металл, ағаш, су, от, және топырақ киелі саналады. Жыланға, айдаһарға, кей ағаштарға құлшылық ұрылады. Дао ғұламалары ортағасырлық Европа сиқыршылары тәрізді алхимиямен шұғылданды, адамға мәңгілік ғұмыр беретін «сиқырлы элексир» іздеумен айналысты. Осы ізденістері барысында олар химия, металдар мен минералдардың қасиеттері туралы бірқатар жаңалық ашты, бағалы дәрі-дәрмектер жасады. Әсіресе, дәстүрлі қытай медицинасының басты элементіне айналған инемен емдеуде үлкен табыстарға жетті. Олар тамақты тоя жеуден сақтандырды, ауық-ауық ашығуды насихаттады, ет тағамдарынан бас тартты. Көптеген тыныс және дене жаттығулары, жекпе-жек өнері (мәселен, у-шу күресі) осы даосизмнен бастау алды.

1927 жылы Қызыл Армия дао тянь-шиінің ордасын талқандап, дінбасы шет елді паналады. «Мәдени революция» тұсында даосизм екінші рет қуғынға ұшырады. Қазір ол өз отанында қайтадан жанданып келеді.

III Сабақты қорытындылау.

  1. Конфуций туралы айтып беріңдер.

  2. Конфуций дінінің мәні қандай?

  3. Конфуцийлік не себепті дінге айналды?

  4. Дао туралы түсініктің мәні неде?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 13.

V. Үйге тапсырма.§ 12 оқу, талдау.

Соседние файлы в папке Дін тану