Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Халқымыздың сан-қилы ғасырлар бойы жинақтаған салт-дәстүріндегі игіліктері мен өнегелі қасиеттерін қадірлеп-қастерлеу, қалпына келтіру мұраларымызды жандандыру, оларды әлемдік, шекарасы жок құндылықтармен байланыстыра бағалап, оны саралау эстетикалық мақсат-мұрат болып табылады. Өйткені, адамдардың бірін-бірі сыйлауға, қайырымды, мейірімді болуға және әділдік шартын берік ұстауға шақыратын, аумақты да биік рухани шарттар негізінде құраған ислам заңдылықтары философиялық ірі категориялардың шешімін тауып қолданысқа түсуіне жол ашады.

Ислам дінінің әлемдік қарым-қатынастардың өрлеп-өркендеуінде алар орны ерекше. Исламадамзаттың бойындағы тазалықты мадақтауға негізделген ілім. Әртүрлі парыздар арқылы адам болмысын жетілдіру, көнеден келе жатқан исламның қағидаларын ой жиегінен өткізе отырып, жаңа қырларын ашу бүгінгі күннің талабы.

Жүсіп Баласағүннің «Қүтадғу білік» еңбегінде діни идеяның астарында адам бақыты жәйлі ой қозғалады. Ондағы 4 қағида (әділдік, дәулет, ақыл-ой, қанағатшылық) ислам философиясының әсерімен жазылған.

Қожа Ахмед Иассауи «Диуани Хикметте» (Даналық кітабында) мистикалық поэзия тілімен адамның Аллаға деген шексіз махаббатын сипаттайды. Оны сенімді уағыздай отырып, жалпыадамзаттық мәселелерді қозғауы логикалық бірізділікке келмейтіндей көрінеді. Бірақ, ұлы ойшыл бұл дилемманы өзінше шешті: оның ойынша Алла берген ерікадамның басты жауы.

БіріншісіндеАлла адамға таңдау еркіндігін берсе, екіншісінде дәл осы еркіндік құқығы оның түбіне жетеді. Ендеше, ерікті адамның екі жол бар. Оның біріАллаға сенім жолы, оны танып-білу; екіншісімұны терістеу. Иассауи Алланы тану не үшін керек дегенге, оның адамның өзін-өзі тануына қажеттігін айтады. Ислам ізгіліктігі де осы идеяға негізделеді.

«Білім алуға ұмтылыңдар», «Бір сағат ілім үйрену бір кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алуүш ай нәпіл ораза тұтқаннан жақсы», «Алладан қорқыңдар, жақсы мен қайырлы істердің кісісі болыңдар» делінген пайғамбар хадистерінде /1;23,24,52/.

Осындай ойдың желісін Абай шығармаларынан да табуға болады. Жасынан зерек болып өскен ақын ғылым нәрінен сусындаудан қол үзген жоқ. Сол себепті өлеңдерінің де көпшілігі білім туралы, оқу туралы еді. Мысалы: "Интернатта оқып жүр...", "Ғылым таппай мақтанба...", "Білімдіден шыққан сөз..." және т.б. Абайдың: «дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл берсеңіз» /71/ деп келген жолдары қара сөздерінің де мағыналық түйініне айналғандай сезімде боласың. Өйткені ақынның қай сөзін алсаңыз да, көкіректің ашылуы, жақсылыққа ұмтылуыбарлығы осы білім, ғылымнан басталады. Мәселен, "Жиырма бесінші сөзінде" ол "Дінге де жақсы білгенің" деп келген ойын ғылымға қиыстыра "Отыз екінші", "Отыз сегізінші" сөздерінде таратып айтады. "Дүниенің кілті ғылымда" деу арқылы ұлы акын кез келген нәрсеге таным тұрғысынан карап, ғылыми негізде түсініп қабылдау керек деп есептейді. Бұл ой "оныншы кара сөзінде" де келтіріледі /2; 166/.

"Құранның іші толған ізгілік іс" (Абай). Таныса отырып адамгершіліктің биік касиеттерін, рухани бастаудын кайнар көздерін анғару рухани тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асатын үдеріс. Өмір сүріп отырған қоғамға, жеке түлғаға қатысты, моральдык асқақ қағидаларға үңдеген, ақылға қонымды, көңілге сыйатын аят-хадистерді оқи отырып, рухани тазалықты сезінесің. "Құран" парағы аударылып, сүрелерден сүрелерге аттап, аяттарға ауысқан сайын, ислам дінінің эстетикалық кұңдылықтарына және де ол кұндылықтардың терең тәрбиелік, эстетикалық сипатқа ие екендігіне көзің жетеді.

Исламның діни кұндылықтарының ішіндегі ең басты мәселесі "Иман" (сенім) болып табылады. Абай шығармаларында иман мәселесіне көп тәрбиелік мән берілген. "Он екінші" және "он үшінші сөзінде" "Иман деген не?",1 оның түрлері, "Қайткеңде иман толымды болмақ?" деп таратып түсіндіреді. Абай иманды әуелі "якини иман", екінші "таклиди иман" деп бөліп қарастырады да: "Енді мұндай иман сақтауға қорыкпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететін кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын... жоғары жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ" деп қорытындылайды. Ал иманның жеті шарты ол өз алдына үлкен мәселе болып табылады. Ислам дініңдегі жеке адамның рухани дүниесінің жетілуі, ақыл-парасатының толысуына, наным-сенімінің беріктігіне, мінезінің тұрақты болып келуіне әсер ететін, бір-бірінен туындайтын мәселелердің, шарттардың басы осы "иманнан" алынды. Исламдағы діни құңдылықтың бірден-бір көзі осы эстетикалық тәрбиелік сипаты өзгеше "иманға" келіп тіреледі. Бүл жөнінде шәкірті, ақын Шәкәрім "Тәңіріні іздеп бір мұңғыл11 деген өлеңіңде ойын жалғастырады:

Кімде болса шын мінез,

Болмас онда екі сөз.

Өлтірсе де көзбе-көз,

Иманын сатып алмас бөз.

Иман да сол, дін де сол, -

Адаспайтын айқын жол.

Күнде, мейлің, ыза бол

Бейішке анық кірер ол /3; 243/.

Сырт караған адамға ислам құндылықтары еуропалық эстетиканың пайымдауларымен үйлеспей жатуы да мүмкін. Бірақ жүрегімен, шын көңілімен иман шартын қабылдаған жанға ислам салт-дәстүрі эстетикалық ләззатқа, сұлу сезімге бөлеп, рухани әдемі көрік беретінін де ескеру керек."Құранда" дамыған гуманитарлық ғылымдардың кез келген саласымен үйлесіп, жанасатын пікірлері соның бірі немесе бірегейі деп атауға болатын философияның эстетика төңірегінде де біршама қызықты тұжырымдарды, қорытындыларды келтіруге болады. Таным тұрғысынан алғанда, кұндылықтарының ең бастысыАлла ұғымы. Бұл ұғымды, шындық, абсолюттік ақиқат асқақтық тұрғысынан да категорияға жатқызуға болады. Оған эстетикалық қалыптасуындағы барша ойшылдардың пікірлері дәлел. Көп уақыт Алла бейнесі барша эстетикалық образдың шыңы, ортасы болып есептелініп келді: көне дәуірдегі грек ойшылдары, орта ғасырдағы ағартушылардың, тіпті бертін келе неміс философтарының көзқарастарысоның айқын айғағы. Жаратушы бейнесін жырлауда, олар биік эстетикалық қасиеттердің жиынтығын, құндылықтардың негізін сұрыптауга тырысты. Алла ұғымыөзі дәлелдеген, саралаған эстетикалық құңдылық. Мәселе "Құран" кітабынан үзінділер келтірейік: "Ол сондай дүниежүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан келе көңіл бөліп, оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені жаратты (Бақара-С, 29-А). "Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға тән, Ол камқор, ерекше мейірімді", "Киямет күнінің иесі" (Фатиха с.) "Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші", "Ол сондай Алла жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жауғызу арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктерден ризық шығарды" /4/. Құран аяттарымен үндестік тапқан Абайдың көркем-эстетикалық мәнінде, өзіндік танымы, талғамы бар, қоршаған дүние сұрыпталған тұжырымдар мен көзқарастардың жиынтығы болды. Соңдықтан болар, Абайдың дүниетанымы, ішкі сарай қабылдауы ерекше қағидаларымен тек өзіне тән шеберлікпен, тоғысар жері беймәлім тұтастықпен бірлік тапты. Соның тағы бір айғағы суреткердің "Отыз сегізінші сөзінде" айтылған ойдың астарында жатыр: "Құдай тағала дүниені кәмәл атты шеберлікпен жараткан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан", "Оның барлыкқа келтірмегікұдіретіне ғана бір шарх /72-20 б.б./. Осы ойдың сабақтастығын Шәкәрімнен де табуға болады. Өз заманының ойшылы, дін жолын жете меңгерген ғұлама да ислам құндылықтарын, оның барша адамзатқа тигізер пайдасын, жеке тұлғаның қалыптасуында алатын орнын атқаратын қызметін сипаттауды өз өлеңдеріне арқау етеді. Оның сыртында ақынның арнайы жазылған "Мұсылмандық шарты" атты кітабы да Абайдың "Алла" ұғымына қатысты ойын сабақтап кең ұғындырады. Мысалы: «Адам шын ақыл көзімен қараса, осынша неше түрлі ғаламды жаратқан бір иесі бар екенін біреуден үйренбей-ақ білсе керек». Аятта: "Айт, ей, пайғамбар, кұлдарыма қараңыздар ақыл көзіменен аспандағы һәм жердегі барша жаралған нәрселерге" деген. Әлбетте бұларға карасаңыз кұдыретінде өлшеу жоқ бір иесінің барлығын білесіз" /5; 89/,деп дәлел келтіреді.

Эстетика тарихында сөз болғандай, сұлулык тұрғысынан алғанда "Ең сұлу Алла". Құдайдын сұлулығын, әдемілігін, көркемдігін де абстрактылы діни ұғымдар арқылы кабылдап, оны өз ғұмырының идеалы дәрежесіне жеткізіп, ұғыну әрбір мұсылманнан белгілі бір деңгейдегі діни білімді қажет етеді. Сол кезде ғана аскақ бейнені бағалаудың таным мен білімнің ұштасқан жолына негізделген бағыт-бағдары анықталады. Сонда ғана кез келген діни қағида да биік талғам тұрғысынан, Жоғары Рух деңгейінде қабылданады. Сөйтіп адами рух пен оның абсолютті көрсеткіші арасындағы байланыстың қағидалы шарттары жасалады.

"Алла мінсіз әуелден" деп Абай өлең жолдарында осы бір діни танымдағы тұжырымдаманы ұстанса, Шәкәрім де бұл діни тұжырымды шығармаларыңда "Мінсіздің ісі шын макұл" деп пайдаланады. Шәкәрім "рух" пен "жан" екі бөлек екенін ажыратып көрсетеді. "Тіршілік, жан туралы" өлеңінде:

Дін айтты: "маған нан "дейді,

Адасқан дінді пән дейді.

Мағынасын анық біле алмай,

"Рух" деген сөзді жан дейді.

Осыдан жаман әуре жоқ,

Рух деген дінсіз таза ақыл,

Мінсіздің ісі шын мақұл.

Айуандағы ақыл ол емес...

Құраныңды оқы нанбасаң /2;231/деп бұл ұғымдардың түп-тамыры Қасиетті Құранда екеніне дәлел келтіреді.

Эстетикалық ұғым да белгілі бір өнер туындысынанмейлі ол мүсін өнері, не кескін өнері болсын, эстетикалық теория тұрғысынан танымдық не бағалаушылық қабылдау арқылы субъектінің объектіге қатысын білдіреді. Қандай эстетикалық ләззат болмасын, субъектінің эмоциясына, сезім көңіл-күйіне құндылықты түсіну арқылы әсер етерін есте сактау . Міне, аталған ерекшеліктерді ескере отырып, эстетикалық кұндылықсыз танып бағалау үшін де жеке тұлғаның сол эстетикаға қатысын, кабылдау деңгейін ұмытпаған жөн. Еңдеше, Алла ұғымын да жоғары эстетикалық талап тұрғысынан бағалаудың бірден-бір көрсеткішіоған барша сұлу, үйлесімді, аскақ қасиеттерді теңеу. Құраңда көрсетілгендей, Алланың "затия" ұлы сипаттары (ғылым, құдірет, естуші, білуші, қалаушы, болдырушы, мәңгілік, тірі болушы) және 99 көркем "фиғылия" ұлық сипат есімдері асқақтыққа негізделген: "Күшті, қуатты, құдыретті, "ұлылық иесі", "Аса зор, биік тұрушы", "Аса жомарт", "ұлылық иесі". Аса үлкен айбынды, "Даңқты шарафат иесі", "Асқан биік, зор ұлылық иесі", "Бүкіл әлемге нұр беруші" және т.б. (әл-ғәзиз, әл-ғәзыйм, әл-ғали, әл-кәрим. әл- жәлил, әл-мәжид, әл-мұтағали, ән-нұр). Оны Абай "Отыз сегізінші" кара сөзінде былай деп таратып түсіндіреді: сіз "Әмәнту биллаһи қамаһуә и әсмайһи уасифатиһи" дедіңіз. Ол есім аллалар һәмма ол Алла тағаланың фиғыл Ғазимләрінің аттары, олардың мағынасын біл, һәм сегіз сифат затиялары не деген сөз, кәміл үйрен... Оның үшін алла тағаланың сипаттарын: Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәмиғ, Ирада, Кәлам, Тәкин..." /2; 202/.

Алланың асболюттік шындықтағы асқақтығымен қатар, жер бетіндегі адам болмысының сұлу жаратылысы өз алдына жеке эстетикалық пайымдауға негізделеді. Өйткені адам физиологиясы бір жүйеге келтірілген, жетілген сұлу тұлға түрінде сипатталады, ол басқа жер жүзіндегі жан иелерімен салыстырылғанда, Алланың сүйіспеншілігімен жаратылған деп есептеледі. Жер бетіндегі "мақұлық" аталатын "жан иесі" немесе "тіршілік иесінің" ішіндегі ең аскақ, ең абзал жаратқаныАдам нәсілі деп түсіңдіріледі. Шәкәрім айткандай "Адамнан артық, жәндік жаралмаған" /3; 151/. Оған сана, ой, түйсік, ұғым сияқты қасиеттердің берілуінің өзі оны өзгеше биікке көтереді. Асқақтық, сұлулық тұрғысынан алсақ та, адам рухының шыңын өзіне тән болмысы, яғни шыншылдық, ақиқаттылық дәрежесінен тілге тиек етуге болады. Осының барлығы да, айналып келгеңде, Алла құдыретімен жаратылған адамтән мен жанның ажырамас бірлігінен тұратын тіршілік иесі, оның тәні Алланың махаббатымен жаратылған үйлесімдіктің, сұлулықтың нәтижесі деп танылады. Жан, рух, тән мәселелерін бөле-жара қарастыра отырып, Шәкәрім де екі жақты байланыстың қажеттігін сезінеді:

Жанқожа тәнге, тәнқұлы,

Еріксіз айдап жүр демек,

Тән істер жанның жарлығын... /3; 227/.

Тәннің жанға тәуелділігін де ақын асқан шеберлікпен суреттейді:

Еркіндік, талап, шын сүю,

Жирену, мақсат, ой түю.

Қуаныш, қайғы, күлкі, ашу,

Денесі сау боп жан күю...

Жансыздан бұлар шыға ма? /3; 230/.

Барлық тіршілік белгілері айналып келгенде жанға ғана байланысты екенін, тек жанның қатысуымен болатындығын Шәкәрім, мейлінше, дәл сипаттаған. Сол арқылы өз тұжырымын дәлелдеп қана қоймай, жанды жоққа балаған адамдарды қатаң сынға алған:

...Көзге сеніп, ойға сенбей,

Жанды жоқ деп қаңғырып,

Адасып жүр ақты көрмей,

Көңілі соқыр көп надан /3; 267/.

Ислам құндылықтарының келесі желісін кұрайтын бөлігібұл барша адамзат атаулыны биік моральдық қағидаларға шақыратын "кодекстер" жиынтығы. Осы орайда, "абсолютті адам" бейнесін жасайтын кағидалар жиегі сөз болады. Адамның тән сұлулығынан жан сұлулығын жоғары қойған, жалпы адамды бейнелеуді күнә есептеген бұл дін бүкіл адамгершілік, имандылық шарттарын тізбектеген. Сөйтіп эстетикалық бейнені формалық жағынан емес, мазмұндық жағынан саралап, адам жанының құндылығын танытар қасиеттерді тарату қасиетті "Құран" кітабының өн бойынан кездеседі. Құранда, оның мазмұнында төмендегідей тараулар берілген: "Ғылым, ақыл, ой жүгірту, ғибрат", "Дін, иман және жақсы-жаман жол", "Қоғамдық тәртіп", "Мінез-құлық (ахлақ)", "Үй іші тәртібі" секілді. Олардың әрқайсысы бірнеше бөлімдерден тұрады, сол арқылы әр ұғымның аясы, ерекшелігі анықталады, сұрыпталады. Мәселен, ахлақ: "Адам құқығына қол сұғу", "Ар сақтау", "Ашулану мен кешірім ету", "Борыш берудің абзалдығы"; "Жақсы сөз", "Жамандықтан тазару", "Кішіпейілділік" сияқты мәселелерді топтаған.

Абай–қоғам ойшылы. Оның шығармалары жалпыадамзаттық қоғамдық қарама-қайшылыктардың нәтижелерін сипаттайды. Ислам діні аумағында екі мәселе қарастырылады: діни идеология және дін философиясы. Абайдың идеологияға қатысы болмаған, сондыктан оның көзқарасын діни философия тұрғысынан қарастыру керек. Ислам идеологиясында адам құдаймен тікелей байланыса алмайды, тіптен пайғамбарлардың өздері Алламен періштелер арқылы тілдеседі. Абай ислам дінін, оның идеологиясын түпкілікті талқылап, әбден сынаған ойшыл. Өз шығармаларында ол «Алла» сөзін үш мағынада қолданады:

1. Онтологиялық. Алла ақиқат, шынайылық: бұл адамның ерік санасына тәуелсіз өмір сүретін, бар екендігін теріске шығару мүмкін емес шындық. «Алланың өзі де шын, сөзі де шын».

2. Космогондық. Аллаәлемдегі барлық дүниені жасаушы. Аллаға деген махаббаттың мәні оның тіршіліктің барлығының иесі, тек Алланы сүю мүмкін. «Бауырым барлық адамзатты сүй, бұл әділдікке деген ақиқат жол»деген Абай сөзі адамдарды әлеуметтік топқа, ұлтқа, ұстанған дініне бөлуге қарсы болғандығының белгісі.

3. Гносеологиялық. Ислам дінінде Алланы тану тек оның елшісі пайғамбарлардың көмегімен болады. Бірақ Абай пайғамбар болуға шақырмайды, себебі оның ойынша дүниеде Алладан басқаның бәрі өзгереді, тіпті пайғамбарлар өзгермек. Пайғамбарға сенбеу күнә саналады. Құдайға деген сүйіспеншілікАбай ұғымында рухани күштің тууы. «Махаббатсыз дүние тұл». Құдайды құлай сүйген адам ғана әбден ысылған, сенімді гуманист бола алады. «Құдай» ұғымын өте кең түсінетін Абай буддамен, зороастризммен, христиандықтықпен таныс болған, олардың барлығында құдайдың әділдігі мен махаббаттылығы айтылады. Құдайды танудың шынайы жолыоның ғаламат күштілігін мойындау, оның кереметтілігін ұғына білу, сүйе білу. «Құдайды тану» ұғымы жалпыадамзаттық құндылықпен байланыстырылады. Абай үшін ең басты, әрі анықтаушы ретінде адам– оның сезімі, ойлары мен іс-әрекеті саналады. Басқаша айтсақ, адамның басты мәселесі құдайды емес, адамды тануға жетелейді.

Алланың махаббаты шексіз, бұл қасиетті ақиқат. Ендеше осы махаббатты тану да шексіз болуға тиісті. Уақыт өте келе Аллаға деген махаббат тәндік және рухани махаббатқа ұласпақ. Абай «Махаббат пен құмарлық»ол екі жол дегенде, құмарлықтәндік қажеттілікті қанағаттандыру екенін айтып отыр.

Адам ең алдымен Алланы сүюі керек: «Алланы жан-тәніңмен құлай сүй». Екіншіден, «Адамзатты өз бауырыңдай сүй». Үшіншіден адамзатқа деген махаббатты құдай ісі, әділдік деп санап, әділдікті де сүйген абзал. Осы үш қасиетті сезімге арналған махаббатты исі аңқыған гүлге теңеген Абай өз ойын былайша қорытындылайды: «Ойлан да осы гүлдің тұқымын жер бетіне шашуға ұмтылыс жаса. Одан не байлығыңды, не өміріңді аяушы болма». Өміріңді осылайша өткізсең, өзіңді діни адам сезініп, «нағыз мұсылманмын» дей аласың. Егер оны сезінбесең, тек ауыз бекітіп, дұға оқығаның жасандылық. «Намаз, зекет, ораза, қажылықкерек істер, осылардың барлығын орындау қажет. Бірақ жоғарыда аталған үшеуді жүрегіңізбен сүймесеңіз, онда барлық жақсы істерің бос әурешілік болғаны».

Абай басқа халықтар мен діндерге қатысты ешқандай да сын айтпаған, ол гумманист ретінде халықтардың бір-бірін өзара түсінісуін, олардың бейбіт қатар өмір сүруін армандады, дінді тек жалпыадамзаттық өлшеу тұрғысынан талқылады. Оның ұғымындағы мұсылман барлық іс-әрекетін адам мен оның қажетіне арнауға тиісті.

Соседние файлы в папке Дін тану