Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

III. Сабақты қорытындылау.

  1. Иудаизмнің пайда болуының теориялық негізін анықтап, талдаңдар.

  2. Иудаизм ілімінің ерекшеліктері қандай ?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 15.

V. Үйге тапсырма. § 14, 69-72 беттер.

15 Тақырып. Иудаизм тарихындағы Талмуд кезеңі. Иудейлердің дәстүрлері, салттары мен мейрамдары.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға иудаизмнің талмуд кезеңі туралы терең білім беру және білімі мен біліктілігін арттыру.

2. Иудейлердің дәстүрлері мен салттарына талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білу.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Синагога»–(грек тілінде–жиын, бас қосу) иудейлердің жиналатын орны, толық мәніндегі храм емес.

«Раввин»–еврейлер қауымдарын басқаратын ұстаздар.

«Иврит»–діннің тілі, көне еврей тілі.

«Кошерня», «харам ас», «трефня»– барлық тәртібімен даярланған тағамдар.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

1. Талмуд кезеңінің ерекшеліктері.

2. Иудейлер дәстүрлерінің маңызы.

1. Құдайдың қалауы түскен халық деген қағида иудейлердің болашақта бүкіл дүниеге әмір жүргізетін артық нәсілдері туралы идеяға ұласуы көрініс бере бастады. Еврейлер еврей еместермен араласып кетуден бойын мейлінше аулақ салуға ұмтылды. Сөйтіп, діни қайшылық сенім ауқымынан шығып, «еврейлер мәселесі» деген атпен ұлтаралық қатынастар ауқымына ойысты. Еврейлердің басым көбінің өсімқорлықпен, финанс мәселелерімен шұғылдануы олардың жағдайын одан әрі қиындата түсті: түрлі бүліктер мен көтерілістер тұсында халықтың наразылығы көбіне еврейлерге бағытталып отырды.

Иерусалим ғибадатханасы қиратылған соң, ол бүкіл еврейлер Өсиеттер жерұйығына қайтып жиналғанда ғана қалпына келтіріледі деген лақап таратылды. Оған дейін иудейлер синагогаларда (грек тілінде–жиын, бас қосу) жиналатын болды. Синагога–толық мәніндегі храм емес. Онда құрбандық шалуға, садақа үлестіруге рұқсат етілмейді. Яғни, қасиетті орын ретінде құрметтелмейді. Оның өз қазынасы, мүлкі бар. Мұнда иудаизмде ерекше маңызды саналатын «Шма, Израэль» (Тында, Израиль) дұғасы оқылады.

Еврейлер қауымдарын раввиндер (ұстаздар) басқарады. Раввинді беделді, білімді адамдар ішінен қауымның өзі сайлайды.

Біздің дәуіріміздің ІІІ ғасыры шамасында Талмуд аталған жаңа қасиетті кітаптар пайда болды. Ол жүздеген жылдар бойы орныққан діни, заң, тұрмыстық, тағы басқа ережелерден тұрады. Бұл кітаптың иудаизм үшін маңыздылығы сондайлық, ол пайда болған уақытты Талмуд тарихы кезеңі деп бөліп айтады. Талмуд пен Тора пайда болған уақыты жағынан да, мазмұны мен құрылымы жағынан да бір-біріне ұқсамайды. Талмудтың тұнғыш үлгісі Палестинада, екіншісі Вавилонда жасалды. Осыдан, олар иерусалимдік және вавилондық деп бөлінеді.

2. Еврейлер құлшылықты өз үйлерінде де, синагогаға жиналып та жасай береді. Құлшылық жасайтын үйдің Иерусалимге қараған қабырғасына Көне Өсиеттерде айтылатын кеме бейнесі орнатылып, оған иленген былғарыға қауырсынмен жазылған Тора мәтіндері қойылады. Ескі ғұрыпта әйелдер ерлерден бөлек жиналады, бірақ бұл тәртіп қазір қатаң сақтала бермейді.

Иудаизмде негізінен музыка аспаптарын пайдалануға болмайды. Бірақ, қазір олар енгізіліп жүр. Діннің тілі көне еврей тілі–иврит болып саналады.

Иудейлер бір түсті және біртекті матадан тігілген шұбалаңқы киім киеді, бастарынан кипа аталатын дөңгелек тақияларын ұйқыға жатқанда да тастамауы тиіс. Әрбір діншіл үйінің есігінің жақтауына Торадан үзінді жазылған дорбаша немесе қобдиша іліп қояды. Бұл мезуза деп аталады.

Құдай әлемді жеті күнде жаратып, сенбі күні дем алған. Осыған қарай еврейлер сенбі күні жұмыс істемейді, ешқайда асығыс жиналмайды, ұрыс-керіс шығармайды, от жақпайды, жанып тұрған ошақты сөндірмейді, ас дайындамайды, қонаққа бармайды және ақшаға жуыспайды. Сенбінің қарсаңында жуынып, тазаланады.

Еврейлер шошқаны бойына жын қонған хайуан деп есептеп, етін қорек етпейді. Малды союдың өзіндік рәсімдері сақталуы керек. Ол әркімнің қолынан келмейді. Ресейде мұндай мамандарды «резник», деп атаған. Еврейлер ортасында осындай фамилияның көп тарауы осы қасапшылық кәсібімен байланысты. Барлық тәртібімен даярланған тағам «кошерня», харам ас «трефня» деп аталады.

Соседние файлы в папке Дін тану