Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

III. Сабақты қорытындылау.

1.Көне Египетте құдайлар пантеонының болуы неліктен?

2.Көне Египетте абыздар қандай позиция ұстанды және оның себебі неде?

3.Косымша әдебиеттерге сүйеніп, көне Египеттегі диқанның, майдагердің, бақалшының діни нанымдары туралы реферат-хабарлама немесе эссе жазындар.

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 6.

V. Үйге тапсырма. § 5, инсерт әдісімен талдау.

6 Тақырып. Көне Грециядағы дін.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға Грек мифологиясы, құдайлар пантеоны туралы терең білім беру және олардың білім-біліктілігін арттыру.

  2. Оқушыларды көне грек дініне талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білуге дағдыландыру.

  3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіріп, дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Көне грек мифологиясы.

  2. Гректердің құдайлар пантеоны.

  3. Көне гректердің сенімдері мен ғұрыптарының ерекшеліктері.

Дінтану–грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі:

Хтон (грек тіл.-жер) Олимпке дейінгі кезең

Классикалық немесе Олимп кезеңі

Героикалық кезең

Хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық тіршіліктің негізі әрі анасы–асыраушы Ұлы Жер-Ана. Мифология бойынша жер тіршілік иесі және оның барлық тіршіліктері бар. Бұл кезеңдердегі мифологияның басты кейіпкерлері-медуза, химера, гидра т.б.

Олимп кезеңі патриархатқа өтумен, алғашқы мемлекеттердің п.б. ерекшеленеді. Бұрынғы құбыжық құдайлар орнына қайырымды құдайлар бейнелері пайда бола бастайды. Олим кезеңінің алғашқы мифтері жаңа құдайлардың ескі құдайлармен күресін баяндайды. Бұл күресте құдайлардың үлкені Зевс титандарды, циклоптарды, Хаостың өзге құбыжықтарын жеңіп, оларды жердің түпсіз тереңіне–Тартарға қуып салып, әлемді қайта жасайды. Ұлы Ана-Жер бейнесі → Гера, Афродита, Артемида, Афина сияқты жасампаз әйел құдайларының бейнесіне ауысады. Гера Зевстің әйелі, ал қалған үшеуі қыздары. Теңіз құдайы Посейдон мен жер асты дүниесінің құдайы Аид Зевстің ағалары болып келеді.

Әлеуметтік қатынастарда қайшылықтардың күшейе түсуімен полистер арасындағы бәсекелестіктерге байланысты бұкараның құдайларға сенімдері шайқала бастайды. Халықта құдайлар қаншама күшті болмасын, Зевстің өзі де, оның сүйікті ұлы Геракл де қанша ерлік жасамасын, олардың бәрі-құдайлар да, адамдар да ақыр-соңында тағдырға тәуелді деген түсінік орныға бастайды.

Көне грек мифологиясы мен дінінен Гомердің «Илиада» және «Одиссея» және Гесиодтің «Теогония» поэмаларында (б.з.д.VIII ғ.) мол мағлұмат беріледі. Көне гректердің құдайлар пантеоны:

Құдайлардың аттары

Құдайлардың қызметі

Зевс

Олимп тауы барлық құдайлардың ортақ «үйі» болды, Зевс–барлық Олимп құдайларының үлкені. Көптеген құдайлардың, нимфалар мен музалардың әкесі саналады. Сауық құдайлары харит, өнерді колдаушы тоғыз муза, Персефона, Артемида, Афродита, Аполлон, Гермес–бәрі Зевстен туған.

Посейдон

Зевстің ағасы, теңіз құдайы, қаһарлы құдай түрінде суреттеледі. Зайыбы –Амфитрия нимфамен және теңіз тұңғиығын билейтін баласы Тритонмен теңіз түбіндегі ғажайып сарайда өмір сүрген. Некесіз баласы жартылай адам, жартылай бұқа–Минотавр.

Аид

Жер асты әлемі мен өлілер патшалығының құдайы. Өлген адамдар жер асты әлеміне өлілер патшалығына өтіп, күнәсіздер Елисей даласына, күнә жасағандар Тартарға жіберіледі деген ұғым қалыптасты. Аид қақпасын үш басты төбет–Цербер күзетеді.

Гестия

Отбасы құдайы және өмірлік қуат беруші от қорғаушысы әйел құдай– Космостың және әлемнің орнықты құрылымының мәңгілігі мен шексіздігінің рәмізі.

Деметра

(Грек тіл. «жер-ана») диқаншылық пен молшылық құдайы, бидай тұқымын беріп, диқандыққа үйретуші. Бүкіл табиғат соның мейірімі аясында ғана гүлдеп, шешек жарады.

Аполлон

Ол–циклоп, титан, алыптар т.б. құтқармайтын құдіретті жебенің иесі, емшілер мен тәуіптердің қорғаны, барлық аурулардан сауықтыраушы. Пайғамбарлар мен көріпкелдердің, қала тұрғызушы, көркем өнер мен музыканың құдайы.

Артемида

Аңшылық құдайы, табиғат әлеміндегі үйлесім мен тәртіпті қадағалаушы.

Афина

Даналықтың, өнердің, кәсіпкерліктің және соғыстың құдайы. Көне гректер Афинаны қолына найза мен қалқан ұстаған, даналығының символы–жапалақ пен жылан ере жүретін әйел бейнесінде суреттеген.

Афродита

Махаббат пен сұлулық, бейбіт өмір, молшылық, көктем және бақытты неке құдайы.

Гефест

От құдайы және ұсталық иесі. Зевстің найзағайын жасаған. Афродитаның күйеуі.

Арес

Зевстің баласы, ешқандай мән-мағынасыз қантөгіс соғыстардың құдайы.

Гермес

Құдайлардың ішіндегі ең іскері, жүргіншілердің желеп-жебеушісі, өлген адамдардың жанының жер асты әлеміне сапарына жол бастаушы. Табиғат құпиялары мен тылсым сырларын біледі.

Дионис

Жүзімшілік пен шарапшылық және жердің молшылық қуатының құдайы. Адамдардың мастық сезіммен көңіл сарайының ашылып, кенеттен шабыттануына жігерлендіруші.

Гелиос

Күн сайын отты арғымақтармен көкті шарлап, барша әлемге жарықпен жылу таратушы Күн құдайы. Қылмыскерлерді зағип етеді.

Фемида

Әділет құдайы.

Көне Грециядағы дін мемлекет саясатымен, мемлекетті басқару мәселелерімен тығыз байланыста болды. Абыздар мемлекет қызметінде саналды.

Гректер таң сайын міндетті түрде Күн құдайы Гелиосқа арнап дұға оқитын еді. Көп адамдар қатынасқан тойлар мен халық жиналыстарында ерекше дұғалар оқылды. Дін қызметшілерінің тағы бір маңызды қызметі– құстың іш құрылысына немесе ұшуына, аспан денелерінің қозғалысына, найзағайға қарап болашақты болжау болатын. Гректерде осы болашақты айтуға байланысты оракул деген ұғым болды. Оның мәнісі–құдайлардың дін қызметшілері арқылы қойылған сұрақтарға тікелей жауап беруі.

Грек діндері адамның тән сұлулығын уағыздады. Бұл белгілі мерзімде өткізіліп отыратын бейбіт сайыстарынан көрініс тапты. Тәні сау, күшті адамдарды көріп, құдайлар разы болып отырады деп саналды. Біртіндеп бұл сайыстар Олимп ойындарына ауысты. Барлық құдайларға арналған осы ойын кезінде соғыс қимылдары тоқтатылатын болды. Олимп ойындарының өткізілуімен байланысты жыл есебі жүргізілетін болды (жыл есебі б.з.д. 776 ж. басталды).

Соседние файлы в папке Дін тану