Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

III. Сабақты қорытындылау.

1. Неміс фашизмі не себептен еврейлерге қатысты «жаппай өртеу» саясатын жүзеге асырды?

2. Қазақстандағы иудаизмнің дамуына сипаттама беріңдер.

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 15.

V. Үйге тапсырма. § 14, 74-76 б.б.

Сабақтың тақырыбы: Будда діні.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға будда діні, діни ғұрыптары туралы тың мәліметтер беру, «хинаяна», «махаяна», «ламаизм», «дацан» ұғымдарына анықтама беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру және білімі мен біліктіліктерін қалыптастырып, арттыру.

  2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіріп, дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Будда дінінің пайда болуы.

  2. Будда дінінің негізгі бағыттары.

1. Тұңғыш әлемдік дінбудда діні б.з.д. VI ғ. көне Үндістанда пайда болды. Негізін салушы Сиддхартха Гаутама 567 жылы Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді. Бала 4 белгіні: қарт адамды, науқасты, өлікті, тақуаны көрген соң қазіргі өмірден безетіндігін сәуегейлікпен болжайды.

«Ыстық бар жерде кәміл суық та бар. Қасіретке жазған жандардың рахат көру мүмкіндігі де болуы керек».

Будда діни ілімінің 4 ақиқаты:

1.Өмір дегенқасірет (адамның туу, есею, қартаю, өлуі).

2.Адамдар бұл дүниеде рахат көрсем, бай болсам дейді. Адамның қасірет көру себептері қанағатсыз тілектерінен.

3.Барлық дүниелік тілектерден толық бас тартып, нирванаға жеткенде ғана қасіреттен арылуға болады.

4. Нирванаға және құдіретті ақиқатқа 8 түрлі жолмен жетуге болады: 1) қасіреттің себептерін дұрыс түсіне білу; 2) дұрыс ойлай білу; 3) сөзді дұрыс құру; 4) дұрыс әрекеттер жасау; 5) салауатты өмір сүру (кісі өлтірмеу, ұрлық жасамау, ешкімге зиян келтірмеу, өтірік айтпау және басқа адамшылық қасиеттерді сақтау); 6) адал еңбек ету; 7) ізгі нәрселерді ойға сақтау; 8) дене күші мен психиканы дұрыс арнаға сала білу.

Өмір өзінің бастауын белгісіздік тұңғиығынан алады. Бірінші адамның тағдыры–кармасы бар бастапқы тіршілік нышаны пайда болып, одан сана, адамның дене пішіні, мен мінез-құлқы, сезімі қалыптасады. Адам есейіп, өмірді тани бастаған сайын оған құмарлығы артып, әртүрлі тілектер пайда бола береді. Бұл тілектері көбейген сайын оның мінез-құлқындағы жаман қасиеттері көбейе береді. Ақыр-соңында өмірге бейкүнә келген адамды оның осы тілектері қасіретке, өлімге жетелеп алып барады.

Будда дүниеден өткен соң оның өсиетімен сангхи аталатын буддашылар қауымдары пайда бола бастады. Қауым мүшелері сары киім киіп, шаштарын тақырлап алғызатын болды. Оларға Буддада болған заттарды–садақа жинайтын ыдысты, ине мен ұстараны ғана пайдалануға рұқсат етілді. Буддашы монахтың қайыр-садақа сұрауына тыйым салынды. Ол жұрт не берсе, соны қанағат етуге тиісті болды. Сонымен бірге ол тек ой-санасын жетілдіріп, ешқандай дене жұмысымен айналыспады.

2. Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң 1 ғасырдан соң монахтар буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. Будда ізбасаралары арасында осы мәселелерде пікір қайшылығы туып, будда дінінің 2 бағыты пайда болды:

Хинаяна

Махаяна

Хинаяна Шри-Ланкада, Таиландта, Бирмада, Лаоста, Камбоджада кең тарған.Үндістанда, Бангладеште, Вьетнамда, Малайзада және Непалда ықпалы солғындау болды. Ол өзінің таралу аймағына қарай «оңтүстік будда діні» деп аталды. Хинаяның беделі Шри-Ланкада өте жоғары болды.

Махаяна немесе «солтүстік будда діні» негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертініректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте, Бурятия мен Жоңғарияда орнықты. Махаянаның хинаянадан негізгі айырмасы: махаяна Будданы ұстаздан гөрі құдай бейнесінде мойындады; махаяна жұмақ және тамұқ туралы ілімді одан әрі дамытады.

Махаяна 2 бөлінеді:

Ламизм

Дзен-буддизм

Құдайлар пантеоны тән. VIII ғ. буддизмнің жаңа ағымдары–тантризм, оған негізделген ваджраяна пайда болды. Соңғысының ерекшелігі–құпия мантралардың арқасында бір ғана өмірдің ішінде Будда дәрежесіне дейін көтерілуге болады деп үйретті. Бертін келе осы тантризм, махаяна және Тибетттің қара діні бір ғана арнаға тоғыса келіп, тибеттіктердің өздері «жол» немесе «заң» деп атайтын, европалық ғылымда ламаизм аталған буддизмнің қуатты бір тармағы орнықты. Ламаизм негізіндегі лама яғни «аса мәртебелі» деген дін басыларына, діни ұстаздарға қатысты қолданылған. XV ғ. бастап Тибетті далай-лама мен панчен-ламалар басқарып келген. Олар «мұхиттай шексіз ұстаз» және «аса білімді ұстаз» дегендерді білдіреді. Олар кез-келген адамның құдай болу мүмкіндігі бар деп санады. Бұған жетудің 3 жолы: қайырымдылық пен мейрбандық, білім мен даналық, медитация және шабыттану немесе аян болу жолдары бар деп есептелді. Ламалар мен монахтар адам психикасына және тәніне әсер етудің құпияларын терең меңгерген тамаша емшілер болып танылады. Тибетің соңғы, XIV далай-ламасы өз елінен шетте-Үндістанда тұрды. Ол өзінің қоғамдық қызметі үшін Нобель сыйлығына ие болған.

Құдай жоқ. Будда діні Қытайда б.з. І-ІІІ ғ.ғ. тарала бастады. Махаянаның жергілікті нанымдары синтезі нәтижесінде VI ғ. чань-буддизм (чань- медитация, қиялмен шолу) ілімі пайда болды. Оның уағыздаушысы үнділік Бодхидхарма деген адам еді. Кейіннен ол дзен-буддизм атауымен («чань» және «дзен» сөздері бір ұғымды береді) Жапонияда таралды. Будда дінінің бұл мектебінде жекпе-жек сайысына, ауыр дене күшін қажет ететін арнайы жаттығуларға ерекше мән берілді.

Дацан – монастырь (ғибадат орны)

Соседние файлы в папке Дін тану