Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

III. Сабақты қорытындылау.

1. «Тәңір» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

2. Көнедегі түркілердің дүниетанымы туралы не білесіңдер?

3. Тәңірді діни сенім түсінігінде ұғыну дегеніміз не?

4. Аруақтың түркі әлеміндегі орны қандай?

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 12.

V. Үйге тапсырма. § 11 оқу.

12 Тақырып. Көне Қытайдағы діндер.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.Оқушыларға көне қытайдағы діндер, көне қытайдағы діни ғұрыптар туралы терең білім беру.

2.Конфуций, дао діндері туралы тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Да-Сюэ»–ұлы ілім.

«Чжун-юн»–тепе-теңдік туралы.

«Лун-юй»–әңгімелер мен ойлар.

«Дао»–жол.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

1. Конфуций ілімінің пайда болуы.

2. Діни ғұрыптары мен рәсімдері.

3. Дао дінінің пайда болуы.

4. Дао дінінің ерекшелігі.

1. Конфуций ілімінің пайда болуы.

Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырды Қытайда жаңа философиялық-дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесінде орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы немесе Кун-ұстаз (европалық транскрипцияда–Конфуций) болды. Конфуций б.э. дейінгі 551 жылы туып, 407 жылы дүниеден қайтты.

Конфуцийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған шығармалардан құралған деп саналады:

  1. «Өзгерістер кітабы». Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздер топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.

  2. «Көне тарих кітабы». Ол көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді.

  3. «Діни өлеңдер кітабы». Жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген.

  4. «Салтанатты рәсімдер кітабы».

  5. «Көктем мен күз кітабы». Даусыз Кун-Цзының төл туындысы деп танылытын бұл кітапта Лу князьдығының тарихы баяндалады.

  6. «Да-Сюэ» (Ұлы ілім).

  7. «Чжун-юн» (Тепе-теңдік туралы).

  8. «Лун-юй» (Әңгімелер мен ойлар).

  9. –Кун-Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн-Цзының атымен аталған еңбек–екінші серияны құрайтың төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун-Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер.

Конфуций ілімі–тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда құдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып білуге адамның ақылы жетпейді.

Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе–әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмайды. Бірақ, ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны тәптіштеп жазып шыққан.

Діни ғұрыптар мен рәсімдер адам мен құдірет иесін байланыстыру жолдары емес, адамдардың тұрмысын белгілі бір ізге салудың, оны мазмұнмен толтырудың жолы ретінде қарастырылған. Конфуцийдің түсінігінде ғұрыптар мен салттарды сақтамайтын адам–өзінің басындағы шашына күтім жасамайтын адам сияқты барып тұрған надан, адам емес, мақұлық. Яғни, конфуцийліктегі құлшылық объектісі–көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы Рәсімдер. Аспан құдіреті–Тяннің құрметіне өткізілетін діни қызметтерге, құрбандық ғұрыптарына үнемі қатынасып отырған.

Кун-Цзы тұрмыста мейлінше талғампаз, кінамшыл болған. Ол, мәселен, уақыты келмей ешқашан асқа отырмаған, дұрыс дайындалмаған, тіптен дұрыс туралмаған тамақты ешқашан татпаған. Үлкендермен, өзінен жасы кішімен амандасу, дұрыс отырып-тұру, төсекке дұрыс жату, үйге табалдырықтан дұрыс ену, дұрыс киініп, тарану, дастарқан басында өзін өзі ұстай білу сияқтылардың бәрі айырықша маңызды саналды.

2. Конфуцийлік қытайлықтарды сыпайыгершілікке, сезімталдыққа тәрбиеледі. Адамның ішкі тереңге жасыра білуге үйретті. Кун-Цзы осындай жоғары адамшылыты насихаттай отырып, бұл жолмен жүрмегендерді мүлдем адам қатарлы санаған жоқ. Оның ойынша, қоғамның толық мүшесі болуы үшін әр адам ескіден келе жатқан ғұрыптарды сақтауға және сыйлауға міндетті.

Кун-Цзы ізгіліктің бес түрлі жолын уағыздады, олар: 1) даналық жолы, 2) қайырымдылық жолы,3)адалдық,4)үлкендерді құрметтеу,5)қайраттылық жолдары. Осы жолдармен жүрген жағдайда ғана тұрмыс ретті әрі үйлесімді болмақ. Соның ішінде борышқа адалдық (и), ел билеушісіне берілгендік (чжун), баланың ата-ананы сыйлауы (сяо) және үлкенді сыйлау (ли) ерекше талап етілді.

Конфуций ілімі ата-бабаларды, олардың өмір жолын қастерлеуді уағыздайды.

Қытайлық үшін ең ауыры–өмірден ұрпақсыз өту қаупі болған. Өйткені ұрпақсыз өткен адамның соңынан оны еске алып, есімін қошеметтейтін ешкім болмайды деп саналған. Осыдан дүниеден ұрпақсыз өткендерге қауым болып жиылып құрбандық айту рәсімі орныққан.

Қытайлардың отбасындағы ең сыйлы адам–қарттар болып саналған. Әрбір қытайлық қызметке тұрудан бастап, үйленуге дейін ата-аналарының рұқсатын алуды парыз санаған. Олардың түсінігінде–аруақтар отбасымен әрдәйім бірге, тірі кезіндегідей қошемет-құрметті талап етеді. Осыдан әр үйде, отбасының тұрмыс ахуалына қарай, аруақтарға құрмет көрсететін арнаулы орындар болған.

Кун-Цзы алғашқы императорлар кезінде тамаша тәртіп болған, соны толық қалпына келтірген жөн, деп үйретті. Бұл ілімді ғалымдар «алтын ғасыр туралы ілім» деп атайды.

Бертін келе конфуцийлік ілім Қытайдың ресми діни-философиялық жүйесі болып орнықты. Ол даосизммен қатар қытай халқының бет-бейнесін, тұрмыс салты мен мемлекеттік құрылымын айқындаушы ілімге айналды.

Соседние файлы в папке Дін тану