Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

III. Сабақты қорытындылау.

1.Көне грек мифологиясы дамуының кезеңдеріне талдау жасаңдар.

2.Көне грек құдайларының концептуалды ассоциациясын (логикалық, тақырыптық өзара байланысы) жасаңдар.

3.Олимпия ойындары қалай пайда болды?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 7.

V. Үйге тапсырма. § 6 оқу, талдау.

7 Тақырып. Көне Римдегі дін.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға көне Рим мифологиясы, құдайлар пантеоны, діни ғұрыптары туралы терең білім беру және олардың білімін арттыру.

2. Оқушыларды көне рим дініне талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білуге дағдыландыру.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіріп, дамыту.

Негізгі ұғымдар:

Фериялар–римнің діни күнтізбесіндегі мейрамдар.

Понтифик–шариғат түрінде бекітіліген діни кітаптар.

Бас понтифик–барлық құдіретті және адамшылық істерінің қазысы мен төрешісі.

Паренталий–ақпанда ата-баба аруақтарына арналып өткізілетін мейрам.

Флоралий–сәуір мен мамыр айы аралығында гүл құдайы Флораның құрметіне ұйымдастырылатын мереке.

Сатурналий–желтоқсанда Сатурн құрметіне өткізілетін мереке.

Авгулер–жұрт алдында сәуегейлік жасаушы коллегиясы.

Гаруспиктер–малдардың ішкі құрылысына қарап сәуегейлік жасаушылар.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Көне Рим мифологиясы.

  2. Римдіктердің құдайлар пантеоны.

  3. Рим діни ғұрыптары.

1. Көне Рим мәдениетіне көне Греция мен этрускілер дінінің орасан ықпалы болды. Римдіктер өз құдайлары мен ғұрыптарын этрускілерден қабылдады. Этрускілерде бірінші орында аспан құдайы Тин тұрды, одан кейінгі орындарда патшалық әмір құдайы Уни (римдіктерде – Юнона), қолөнер кәсіпшілігі құдайы Менерва (римдіктерде–Минерва) болды.

Құдайлардың ерекше қадірлі үштігі.

Этрускілерде

Римдіктерде

Жер асты отының құдайы–Вехнас

Вулкан

Теңіз құдайы–Нефнус

Нептун

Соғыс құдайы–Марис

Марс

2. Римдіктердің құдайлар пантеоны:

Құдайлардың аты

Құдайлардың қызметі

Юпитер

Римдіктердің басты және ең мәртебелі құдайы. Ол–шарап жасау, антқа беріктік пен шекара беріктігі, жеңімпаз соғыс құдайы, республиканың және Рим императорларының жебеушісі.

Юнона

Әйелдердің, некенің, аналардың және жоғары биліктің қорғаушысы.

Минерва

Қолөнер кәсіпшілігі құдайы. Көне Римдіктер ғұрпында Юпитер, Юнона, Минерваның құрметіне Капитолийде тұрғызылған храм басты храм болып саналады.

Марс

Жабайы табиғат, құнарлылық пен соғыс құдайы, ырыс иесі, аңшылықта табыс әкелетін, соғыста жеңіске бастайтын Рим қауымының бас сақшысы.

Квирин

Халық жиналыстарының жебеуші құдайы. Осыдан римдіктер өздерін «римдік квирит халқы» деп атайды.

Янус

Кіріп, шығатын есіктердің әміршісі, әрбір нәрсенің бастауының әміршісі. Өткенді және болашқты бірдей біледі.

3. Көне Римде мемлекет пен дін біртұтас идеология түрінде көрінді. Мемлекеттің астанасы «қасиетті қала» деп жарияланды. Заң бәрінен жоғары қойылды. Барлық діни және азаматтық ахуал (неке, жерлеу, бала асырау т.б.) заң жолымен понтификтерде тіркелді. Бас понтифик–бас абыз міндетін атқарды.

Бұлар діни және мемлекет билігінің тұтастығын білдіретін міндетті құдіретті ғұрыптарды–қателік жасаған жағыдайларда құдайлардан кешірім өтініп, садақа үлестіруді, соғыс немесе індет жағдайында берген уәдесіне қарай тарту жасауды, мемлекет тарапынан храмдарға сыйлық үлестіру түріндегі құдайларға таралғы жасауды ұйымдастырып өткізуге жауапты болды.

Құдай дағуасында бекітілген императорларға құрмет көрсету ғұрыпатарын орындайтын жаңа абыздар коллегиясы құрылды. Абыз– фециалдар деген орнықты. Олар соғыс жариялау, одақтық шарт жасау ғұрыптарын атқарды, соғыс ашпас бұрын ультиматум жариялады, 33 күн өткен соң, ультиматум қабылданбаған жағдайда, соғыс қимылдарын бастауға рұқсат берген.

Римнің діни күнтізбесінде мейрамдар–фериялар болды:

Фериялар атауы

Атқарылатын іс-шаралар

Паренталий

Ақпанда ата-баба аруақтарына арналып өткізілетін мейрам.

Сатурналий

Желтоқсанда Сатурн құрметіне өткізіледі.

Марс

Наурыз айында Марс күні мерекеленеді.

Юпитер

Әр айдың ортасында Юпитер құрметіне құрбандық шалу.

Плебей

Қарашада Плебей ойындарын өткізу.

Юнона мен Минерва

Қыркүйектегі мерекелер, Рим ойындары–спорт жарыстары мен театрланғандырылған көріністер.

Флоралий

Сәуір айы мен мамыр аралығында гүл құдайы Флораның құрметіне ұйымдастырылатын мереке.

Жаңа дәуірдің II-III ғ.ғ. Рим императорлары синкреттік культті енгізе бастады. Рим діні жалған сипат алуға көшті. Көне римдіктер IV ғ. аяғында христиан-император Ұлы Феодосийдің вердиктімен ескі құдайларға табынудан бас тартты.

Соседние файлы в папке Дін тану